Әкімшілік-аумақтық бөлініс

Ақтөбе облысы қазіргі уақыттағы шекарасы бойынша 1932 жылдың 10 наурызында құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2құрайды (Қазақтан Республикасы аумағының 11%, аумағы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында). Аймақ Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:

батысында –   Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарымен;

шығысында –  Қостанай,Қарағанды, Қызылорда облыстарымен;

солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;

оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан автономиясымен шекараласады.

Облыс орталығы – Ақтөбе қ., Астана қ. дейінгі арақашықтығы - 1 678 км. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша облыс 12 ауданнан, 142 ауылдық (селолық) округтан құралады.

Қосылды: 
05.04.2016 - 22:59
Соңғы өзгерiстер: 
22.08.2016 - 17:21