Әкімнің орынбасары

Бекенов Қайрат Әскербекұлы

Лауазымы: Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Туған күні, айы, жылы: 21.10.1978

Туған жері: Алматы қаласы;

Бiлiмi, мамандығы (бiлiктiлiгi), лицензия:

-      Қазақ мемлекеттік басқару академиясы

Мамандығы «Экономист»

-      Құқық және нарық академиясы     

Мамандығы «Заңгер»

-      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы

Мамандығы «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі»

Еңбек жолы:​

-      Әр жылдары Алматы қаласының салық инспекторы қызметін атқарған;

-      ҚР қаржы Министрлігінің үкіметтік қарыздарды тарту департаменті басқармасының бастығы;

-      ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы;

-      Астана қаласының Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары;

-      Қызылорда облысының Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;

-      Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

-      «Қазақстан даму банкі» АҚ вице-президенті (2008-2009);

-      "Ақтөбе "ӘКК "ҰК" АҚ басқармасының төрағасы;

-      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (2016 жылғы 06 қыркүйектен бастап).

Лауазымдық міндеттер:

1. Мәселелері:

1) индустриялық-инновациялық даму

- инвестициялар тарту және инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау;

- өндірістік кәсіпорындардың жұмысына мониторинг жүргізу, олардың қызметінің тиімділігіне талдау жасау және өндірістерінің өсу  резервтерінің мүмкінішіліктерімен  аймақтағы экспорттық әлеуетті анықтау;

- аймақта өндірістік саясатты іске асыру, өндірістік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару;

- инновацияларды және үздік технологияларды, жаңа өнімдер мен қызметтер түрлерінің   инновациялық әзірлемелерін жеделдете игеруді енгізу;

- индустриялық-инновациялық саладағы халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығы;

- кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қауымдастықтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, бизнесті дамыту бағдарламаларын іске асыру;

- арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіру;

- жер телімдерін бөлу мәселелерін шешу, жер пайдалануға құқық беру, инфрақұрылыммен, қажетті қаржымен қамтамасыз ету, техникалық және  консультативтік көмек көрсетуді қоса алғанда жобалардың іске асыруына жағдай жасау;

2) туризмді және сыртқы байланысты дамыту;

3) сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету;

- ұлттық компаниялар мен жүйе жасаушы кәсіпорындардың сатып алу көлеміндегі отандық тауар өндірушілердің өнімін (қазақстандық мазмұн) ұлғайту;

4) бәсекелестікті қорғау;

5) Мемстандартты мемлекеттік қадағалау;

6) облыстың экономикасын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дамыту;

7) қоршаған ортаны қорғау;

- жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау;

8) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;

- телекоммуникация, ақпараттандыру және байланыс;

- тұрғындардың компьютерлік сауатын көтеру;

9) жетекшілік ететін бағыттар бойынша атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы;

10) облыстық атқарушы органдардың қызметінің тиімділігінің бағалау («Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл: мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы, мемлекеттік органның ашықтығы», «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы: ақпараттық технологияларды қолдану»).

2. Мына облыстық:

1) кәсіпкерлік;

2) индустриялық – инновациялық даму;

3) ақпараттандыру және сыртқы байланыс;

4) еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалардың жұмыстарына жетекшілік етеді.

3. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мыналармен:

1) Президент Әкімшілігімен және Премьер – Министрдің Кеңсесімен;

2) тиісті орталық атқарушы органдармен және олардың аумақтық бөлімшелерімен;

3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен;

4) экология; техникалық реттеу және метрология; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік; Батыс Қазақстан «Батысқазжерқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану департаменттермен;

5) Геология және жер қойнауын пайдалану, ақпараттандыру және байланыс инспекцияларымен;

6) «Қазақтелеком» АҚ АОТД, «Самұрық - Қазына» ҰАҚ» АҚ, «Ақтөбе» ӘКК ҰК» АҚ, «Сараптау және сертификаттау ұлттық орталық» АҚ АФ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер ұлттық палатасы; «Қазпошта» АҚ; арнайы экономикалық аймақтың (индустриялық) дирекциясымен өзара іс-қимыл жасайды.

4. Басқаратын:

Комиссиялары:

- жер қойнауын пайдаланушылар және квазимемлекеттік сектордың сатып алу саласында жергілікті қамту үлесін мониторингілеу;

- облыстың мемлекеттік секторында сатып алу саласында жергілікті қамту үлесін мониторингілеу;

- кең тараған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері;

- «Бархын» оазисінің және «Көкжейде құмы» объектісінің қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша.

Кеңестері:

- кәсіпкерлік мәселелері;

- өңірлік үйлестіру кеңесі жөніндегі.

Қосылды: 
06.08.2016 - 09:42
Соңғы өзгерiстер: 
26.08.2019 - 06:54