Мәдениет

Ақтөбе облысының мәдениет, өнер және мұрағат мекемелерінің 2018 жылға атқарылған жұмысының ақпараты

 

1.Облыстың мәдени инфрақұрылымы

           2019 жылдың 1 қаңтарына облыстың мәдени саласында меншіктің барлық түрлеріндегі мәдениет және өнер ұйымдары, мекемелерінің саны 490 (478-ы мемлекеттік) бірлікті құрады.  Оның қатарында 241 кітапхана (238–і мемл.), 200 (196-ы мемл.) мәдени-демалыс мекемелері, 21 музей, 2 кәсіби театр, 2 кинотеатр (жеке), 5 мәдениет және демалыс саябағы (3 жеке), облыстық халық шығармашылығы Орталығы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы, облыстық Планетарий, «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық Орталығы, Мәртөк аудандық Достық Үйі, 13 архив мекемесі халыққа қызмет көрсетуде.

2019 жылдың 1 қаңтарына облыстың мәдениет және архив саласында барлығы 2970 қызметкер, оның ішінде мәдениет 2883 қызметкер, архив 87 қызметкер жұмыс жасады.

 

2.Қаржыландыру көлемі

         Өңірдің мәдениеті мен өнерін дамытуға барлығы 4606,2 млн.тг. бюджеттен қаражат бөлініп, игерілді. Оның ішінде: мәдениет, архив мекемелерінің                               материалдық-техникалық базасын нығайтуға 258,1 млн. теңге, мәдениет объектілердің күрделі жөндеуі мен ЖСҚ дайындауға 146,1 млн. теңге, нысандарды ағымдағы жөндеуге 73,2 млн. теңге. Бюджет есебінен 29,4 млн. теңгеге автокөлік құралдары, 54,4 компьютерлік және кеңсе техникасы, 29,9 млн. теңгеге кітаптар, 19,9 млн.теңгеге сахналық көстюмдер, 20,1 млн.теңгеге офистік жиһаз сатып алынды.      

            Сонымен бірге 23 мәдениет объектілерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді (Облыстық 8 мекеме, Қарабұтақ ауылдық, Мұғалжар ауданы ағайынды Жұбановтар музейлері, Алға ауданы аудандық мәдениет үйі, Ұшқұдық ауылдық мәдениет үйі, Қарахобда ауылдық клубы, Қобда ауданы Калиновка ауылдық клубы, Мәртөк ауданы Құрмансай ауылдық клубы, Қарғалы ауданы Батамша мәдениет үйі, Ойыл ауданы мәдениет және демалыс орталығы, Аққемер, Ақжар, Қарасу аулындардағы ауылдық клубтары, Шалқар ауданы Қаратоғай ауылдық клубы, Байқадам ауылдық клубы мен кітапханасы).

            Сонымен қатар 2018 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 280 орынға  арналған  Мәртөк  ауданындағы  Сарыжар  ауылдық  клубының  құрылысына,  Ойыл ауданының  Саралжың  ауылында, Ырғыз ауданының Құтикөл  ауылында, Шалқар ауданының  Бегімбет ауылында 150 орындық ауылдық клубтарын салуға, Байғанин және Ырғыз аудандық музейлерін газдандыруға қаражат бөлініп, 4 объектіде құрылыс жұмыстары аяқталды.

Есепті жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында (200,0 млн.т) облыстық  тарихи-өлкетану музейіне 673,3 млн. теңгеге жаңа ғимарат салынды, облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге қаражат бөлініп, музейдің 5  экспозициялық залы жасақталды.

Сонымен бірге 2018 жылдың 20 қыркүйегінде  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығы ашылып, қалалық мәдениет үйінің балансына берілді.

 

3. Мәдени-демалыс шаралары

 

Есепті мерзімде облыста 23,6 мыңнан астам мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 3,8 млн. жуық адам қамтылды.

          Ақтөбе облысы бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына 200 клуб мекемелері жұмыс жасайды. Оның мемлекеттік жүйедегісі 196. Мекемелерде есепті мерзімде 21244 мәдени шаралар өткізілді, көрермендер саны – 3617356. 1207 клубтық құрылымдар-көркемөнерпаздар ұжымдары, үйірмелер тұрақты түрде жұмыс жасауда, қатысушылар саны – 12766 адам.

            Облыстық халық шығармашылығы Орталығының жылдық іс-жоспарына сәйкес, әр ауданда бірнеше жылдан бері үзбей, тұрақты, халық шығармашылығының дамуына серпін беру, тәжірибе алмастыру, мәдени жаңашылдық пен жас таланттарды тәрбиелеуге жол ашу мақсатында 2018 жылы да облыстық деңгейдегі мәдени шаралардың аудан орталықтарында өткізу дәстүрімен жалғасты.

Сәуірде Қобда ауданы дәстүрлі «Ғажайып балалық» III облыстық балалар би байқауы өткізді. Тамыз айында Хромтау ауданында белгілі композиторлар: Ә.Бейсеуов, Б.Байқадамов, Н.Тілендиев, Т.Базарбаев, С.Бәйтереков, К.Дүйсекеев т.б. композиторлардың әндерін орындаушылардың «Еркелей аққан Ор өзені» XI облыстық ретро-ән байқауы өткізілді. Қыркүйек айында Ақтөбе қаласында «Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында Байғанин аудандық мәдениет үйі аудан әкімдігінің қолдауымен қалалық мәдениет үйінде жерлесіміз, ерекше туындыларымен есте қалған ақын, композитор Бәкір Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Ән мен жырдың Ақбұлағы» облыстық байқау өтті. 26-27 қыркүйек күндері Ырғыз ауданында өткен Республикалық  ХХІІ «Аймақты әнмен тербетіп» дәстүрлі  өнер мерекесіне Қызылорда мен Ақтөбе облыстарынан 11 өнерпаз қатысып, өз бақтарын сынады. 28 қыркүйекте  Карғалы ауданының «Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығында «Әуелейді Шәмші әні» ретро-әндер байқауы өткізіліп,  барлық ауданнан 9 талапкер қатысты. 21 желтоқсанда Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйі «Қалықташы әсем ән»  облыстық эстрадалық әндер байқауын өткізді.

         Облыстағы мәдени-демалыс мекемелерінің ғылыми-әдістемелік мекемесі - облыстық халық шығармашылығы Орталығы есепті мерзімде 372 мәдени іс-шарлар ұйымдастырып, оған  83175 мың адам қатысты. Көркемөнерпаздар үйірмелер саны 11, оған қатысушылар саны 150.       

         ОХШО 35 көрнекті мәдени-көпшілік шаралар, фестивальдер және байқаулар өткізді, оның ішінде Республикалық шаралар саны - 4, аймақтық байқау - 2, облыстық байқаулар саны - 8, фестивальдер саны – 3, айтыс – 2, акциялар мен форумдар саны – 2, кездесу кештері – 6 ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар мәдени көпшілік іс шаралар: 60-лекция концерттер, 5 – есептік концерт, 47 – гастрольдік сапар, 21 – атаулы мерекелік концерттер,            15 – қайырымдылық концерттер, өзге мекемелерге 60 – концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, 5 – шеберлік сабақ, 4 – жылжымалы семинар өткізілді.

            2018 жылғы кең көлемді мәдени-көпшілік шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Астана қаласының 20 жылдығы және Ақтөбе облысындағы «Бақытты бала» жылы аясында ұйымдастырылды.           

30 наурызда қазақтың тұңғыш балеринасы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі Нұрсұлу Тапалова атындағы «Бидің ханшайымы - Нұрсұлу» «Халықтық», «Үлгілі» би ұжымдарының ІҮ республикалық байқауы ұйымдастырылып, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысының Қобда, Мұғалжар ауданынан барлығы 8 «Халықтық», «Үлгілі» би ұжымдары қатысты.

Сәуір-мамыр айлары аралығында Ақтөбе қаласы мен барлық аудандарда балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Бақытты бала – Мәңгілік ел кепілі» байқауында  ән, би, аспапта ойнау т.б. өнер түрлері бойынша ең таланттылар анықталды.

            27-29 қазан аралығында кәсіби жəне әуесқой би ұжымдарының «Қазақстан раушан гүлі» V халықаралық хореографиялық байқауының Гала-концерті мен марапаттау салтанаты өтті. Халықаралық байқау Ақтөбе облысы әкімдігінің және Қазақстан, Болгария, Ресей елдерінің дипломатиялық елшіліктерінің, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға  Қазақстан мен Ресейдің 25 ұжымынан 500-ден астам биші қатысты.

24-25 қарашада  Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазанғап мектебінің дамуына зор үлесі бар дәстүрлі күйші Бақыт Басығараевтың 90 жылдығына арналған «Ақжелең» Республикалық күйшілер байқауы өтті. Қасиетті төл өнерді қадір тұтып, күй құдіретіне бас иіп, қазанғаптанушы Бақыт Басығараевтың мұрасын ұлықтауға бағытталған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 16-30 жас аралығында 30 күйшілер өз өнерлерін ортаға салды.      

28 қарашада «Шырқа, гитара» Республикалық байқауы өтіп, алты ішекті аспапты арқалап еліміздің Атырау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынан 20 өнерпаз қатысты.

 «Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласының мерейлі 20 жылдығына орай, «Бақытты бала» жобасы мен «Мен Ақтөбелікпін» жастар акциясын жүзеге асыру және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында  өткізілді.

3 жыл қатарынан төрт ай бойы облысымыздың 12 ауданы ақтөбеліктер мен қала қонақтарына өздерінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және спорттық жетістіктері мен тарихи және көрікті жерлерімен таныстырып, ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.

            Халқымыздың өнер қазынасын  жұртшылыққа  кеңінен дәріптеу мақсатында «Наурызым - нұрлы жыр»,  «Жүрегімді жылытқан, ыстық мекен!»,  «Дәуірдің дара тұлғасы», «Алға – алтын бесігім, жадымда әркез есімің!» облыстық айтыстар ұйымдастырылды.  

18 сәуірде Қазақстанның халық артистері, танымал сахна саңлақтары Асанәлі Әшімов пен Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Татьяна Бурмистрова «Ұлттық өнер - рухани болмыс» тақырыбында өңірдегі мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесті.

11-13 сәуір аралығында Ақтөбеде қазақ әдебиетінің классиктері Т.Ахтанов пен Қ.Шаңғытбаевтың шығармашылығына арналған ерекше жанр «Театр - өнердің ұлы көші» Х аймақтық халықтық театрлар фестивалі өтті. Үш күнге созылған дәстүрлі өнер фестивалінде еліміздің Батыс өңірінің 9 халықтық және 2 әуесқой театр ұжымдары сынға түсті. Тахауи Ахтанов атындағы бас жүлдені Ойыл аудандық халық театры жеңіп алды.  

4 мамыр күні мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің                I-облыстық Форумы , «Ел іші - өнер кеніші» фестиваль-байқауы жеңімпаздарының Гала-концерті мен марапаттау салтанаты өтті.  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалін жүзеге асыру  аясында  қаңтар-ақпан айларында барлық  аудандарда  мәдениет  қызметкерлерінің Форумы  өткізіліп,   аудандық деңгейден топ жарып, озық атанған жеңімпаздар түрлі жанрда өнер көрсетті.

            12 мамырда халық шығармашылығын дамытып, халқымыздың дәстүрлі өнерімен сабақтастыру, аудан,қала өнерлі отбасыларды тарту,қолдау көрсету мақсатында  «Өнерім-өрісім» аймақтық отбасылық ансамбльдер байқауы өтті. Арнайы шақырылған қонақтар мен қазылар алқасының құрамында өмір мен өнерде қол ұстасқан жұп Мирас пен Құралай Бекжановтар болды.

 Екі жылда бір рет өткізілетін Аймақтық «Өнерім - өрісім» отбасылық ансамбльдер байқауында Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және  Ақтөбе облыстарының ең үздік 11 отбасылық ансамбльдері қатысып, Бас жүлдені - Жетесовтердің халықтық "Шашу" отбасылық ансамблі (Ақтөбе қ.) иеленді.

26 мамырда  мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, «Бәрі де сіздер үшін» атты салтанатты жиын өткізіліп, мәдениет және өнер саласын өркендетуге үлес қосып жүрген бір топ үздік қызметкер түрлі марапаттарға ие болды.  Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен  және облыс әкімінің сыйлығына ие болған қызметкерлерді алғыс хатпен 100 мың теңге көлемінде сыйақы сертификаттары қоса табысталды, соның ішінде халық шығармашылығы Орталығының қызметкерлері де марапатталды.  

             Ү.ж маусым айында ҚР Елордасы  Астана қаласының 20 жылдығына арналған еліміздің бас қаласы - Астананы дәріптейтін және мәртебесін көтеретін әндерді анықтау мақсатында  «Әнім сенсің - Астана» облыстық авторлық әндер байқауы өтті.  Өнер додасында облыстың аудандары мен қаласынан 13 сазгер қатысып, олардың Астанаға арналған ең үздік əндері орындалды. Өнер додасының қорытындысы бойынша: сазгерлер Нұрталап Жүсіпов пен Дулат Айтжанов және ақын Орал Бәйсеңгір «Арайлы Астана» мен «Ән Астана» әндері үшін «Астана туралы ең үздік ән» номинациясын иеленіп, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолынан диплом мен ақшалай сертификаттары табысталды.

16 қыркүйекте  отбасылық шығармашылық дәстүрлерін жаңғырту арқылы отбасының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, азаматтардың тектік, ерекшелік дәстүрлерін сақтау және дамыту  мақсатында  «Отбасы күні» мерекесіне орай, «Менің отбасым – менің байлығым» мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлері арасында байқау өткізді. Байқауға 6 отбасы қатысты.

Ү.ж қараша айында Қазақ ұлттық қолөнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, төл мәдениетімізді қастерлеуге, қолөнершілердің шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық халық шығармашылығы Орталығында белгілі қолөнер шебері,  ҚР Суретшілер және Қолөнершілер Одағының мүшесі, «ЮНЕСКО-ның сапа белгісі» сертификатының иегері, қолөнердің хас шебері  Ерқосай  Әбіловпен кездесу кеші өтті.  

Желтоқсан айында Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты дөңгелек үстел өтті. Ақын, ҚР Журналистер Одағыны мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұрлыбек Қалауов, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің, «қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұбаназар Асанов Елбасының жолдауын жастарға кеңінен насихаттап  талқылады. Шараға оқу орындарының жастары қатысты.

            Планетарий – халық арасында астрономия, космонавтика ғылымдарын насихаттаушы орталықтарының бірі. Сондықтан батыр ғарышкерлеріміздің ерлігімен өскелең жас ұрпақты Отанды сүюге, ғарышкерлікке ынтасы мен қызығушылығын арттыру мақсатында планетарий ұжымы көптеген шаралар атқарды.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Туған өлкеңді тани біл» Аймақтық ғылыми оқулар өткізілді.

Ғылыми оқуларға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан жалпы білім беретін мектептердің 10-11 класс оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының І-ІІ курс студенттерінен 66 қатысушы қатысты. Конференцияға қатысу барысында отанымыздың бірегей табиғи және киелі жерлеріне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын (жобаларын) қорғады.

           «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаманшың табиғи нысаны Қазақстанның бірегей қасиетті нысандарының бірі болды. Жаманшың метеорлы кратері Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан. 2018 жылдың маусым айында облыстық планетарий қызметкерлері Жаманшың шатқалына кратер туралы фото және бейнематериалдарды жинақтау мақсатында экспедиция өткізді. Экспедицияға Ақтөбе облысының белгілі геологы және Орал геологиялық ғылымдар академиясының толық мүшесі Ярослав Бойко және Ырғыз-Торғай қорығының қызметкерлері қатысты. Экспедиция нәтижелері бойынша Планетарийде "Жаманшың  метеорлы кратері" экспозициясы қойылды, осы бірегей табиғи нысанды халық арасында насихаттау мақсатында ақпараттық буклеттер мен бейнероликтер жасалды.            

1 наурыз   Алғыс айту  және  8 наурыз Халықаралық әйелдер күндеріне орай дәстүрлі «Жұлдыздар құттықтайды!» акциясын ұйымдастырды.

           Сәуір айында Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күніне және Кеңес Одағының батыры, жерлес, ұшқыш-ғарышкер В.И.Пацаевтың 85 жылдығына арналған «Ақтөбе ғарышкерлер мекені» космонавтика апталығы өткізілді.

          6 сәуір күні космонавтика апталығының ашылуында В.И.Пацаевтың, сонымен қатар Ю.Лончаковтың және Т.Мұсабаевтың өмірі мен қызметі туралы айтылды. Шараға В.Пацаев ат. Жас ұшқыштар мектебінің оқытушылары мен курсанттары, Алға қаласындағы В.Пацаев ат. № 2 ОМ өкілдері, ардагерлер, мектеп оқушылары қатысты.                                                

        Планетарий фойесінде Облыстық өлкетану музейі көрме ұйымдастырылды. Көрмеде  В.Пацаевтың отбасы туралы айтылып, экспонаттар қойылды.

      Апталық аясында №4 Облыстық  мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві мектебімен  бірлесе отырып В.И.Пацаевтың туылғанына 85 жыл толу құрметіне арналған 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрес біріншілігі  өткізілді.

Маңызды шаралар ғарышкердің туған жері Алға қаласында өтті. Алға қаласындағы В.И.Пацаев ат. № 2 орта мектебінде ғарышкердің туылғанына және мектептің құрылғанына 85 жыл толуына  арналған музейдің ашылуы  және «Путь длиною в 85 лет» оқушылар слеті болды. Сонымен қатар,  ақын, журналист, Қазақстан журналистер мен жазушылар Одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі Гүлсамал Аймаханованың «Ғарышнама жұлдыздарға жол...» өлеңдер жинағының тұсаукесері болды. Мектеп алдында дәстүрлі түрде космонавтика апталығының жабылуы ғарышкердің туған жерінде «Адамзаттың ғарышқа алғашқы қадамы» акциясымен  аяқталды. Ақтөбе қаласында В.И.Пацаевтың ескерткіші алаңында жас ұшқыштар мектебінің курсанттарынан құралған құрмет қарауылы бой түзеді және ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Апта ішінде келушілерге, оқушыларға планетарийдің жұлдызды бөлмесінде космонавтикаға арналған бірнеше  дәрістер оқылды.

17-18 сәуір күні мектеп оқушыларының арасында Облыстық Х Астрономиялық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға облыс және қала бойынша 7-8-9 класс мектеп оқушылары қатысты. (Олимпиаданың іріктеу туры 2018  жылдың  1 ақпан – 26 наурыз  аралығында өткізілді).

           Олимпиадаға барлығы қала және облыстың 30-ға жуық мектебінен 185-тей оқушы қатысты. Екінші турға шамамен 150 қатысты. Екінші турдың қатысушыларына күрделілігі әртүрлі бірнеше астрономиялық есептер берілді.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен  және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге де алғыс хаттар табыс етілді. Олимпиаданың жабылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 18 сәуір күні өтті.   

27 шілде - жылдың басты астрономиялық құбылыстарының бірі – Айдың толық тұтылу және Марстың Ұлы қарама-қарсы тұру күні. Бұл астрономиялық құбылыстарды қала тұрғындары үшін орталық демалыс саябағында телескоппен бақылау жұмыстары  ұйымдастырылды.

Жыл сайын жер тұрғындары жаздың екінші жартысында астрономиялық құбылыстың бірі Персеид метеор ағынын бақылайды. Бұл  ағындардың белсенділігі 17 шілдеден 24 тамыз аралығында болады. Тамыздың 11 күні  түнгі уақытта қала тұрғындары үшін Персеид метеор ағынын бақылау жұмыстары ұйымдастырылды. Персеид метеор ағынын тамашалауға қала тұрғындары жиналды.

           Жазғы демалыс кезеңінде балаларға ұйымдастырылатын шаралар жоспарын орындау мақсатында мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерьлеріне планетарийдің жұлдызды бөлмесінде танымдық бағдарламалар өткізілді. Жазғы демалыс кезеңінде қала және аудан мектептерінен  1 333  бала қамтылды.

           Сонымен қатар жазғы демалыс кезеңінде балаларға жазғы бақылау алаңында «Жұлдызды сабақ»  өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға Күнді телескоппен бақылау жүргізілді.

            Сонымен қатар, облыстық планетарий ұжымы мерекелерде шаралар ұйымдастырып, оңтайлы сандық планетарий жұмысы «Планетарий-ауылға», «Ауылым – алтын бесігім» бағдарламалары аясында еліміздің батыс өңірінде, сондай-ақ облысымыздың барлық аудандарында дәрістер берді. Есепті мерзімде өткізілген шаралар саны – 945, қатысқандар саны – 21400.

          Облыстық «Әлия» патриоттық тәрбие беру Орталығы есепті мерзімде 105 шара өткізіп, оған 11330 адам қатысты. Орталықта патриоттық тақырыпта дөңгелек үстелдер мен сайыстар, кездесу кештері, экскурсиялар және басқа да мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі..», «Ұрпаққа ұран болған Әлия», «Жеңіс, Ерлік – мәңгілік ұғым», «Есімің есте қалар мәңгілікке», «Әлия – батыр қызы сен халқымның» патриоттық шаралары, «Алау - 2018», «Мерген ару - 2018» тақырыптарында облыстық әскери-патриоттық сайыстар, «Хан қорық» жастар фестивалі, «Айбын - 2018» әскери-патриоттық ойындары жастарды патриоттық тәрбиелеудегі мәні өте ерекше.   

            Сонымен қатар Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Бауыржан Момышұлы ерліктерін насихаттауда Әлия-Мәншүк атындағы «Қос шынар», «Б.Момышұлы», «Чернобыль құрбандары» қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып көптеген шаралар ұйымдастырылды.

 

4.Облыс  кітапханалары      

            Ақтөбе облысында мемлекеттік жүйеде халыққа қызмет көрсететін қоғамдық кітапханалар саны - 238, өткен жылмен салыстырғанда кітапханалар санында өзгеріс жоқ.         Облыстағы кітапханалар желісі төмендегідей: облыстық кітапханалар - 4, орталық кітапханалар - 24,  кітапхана филиалдары - 210, олардың 194-і ауылдық жерде орналасқан. 

            Облыс кітапханаларындағы жалпы кітап қоры – 3839367 мың дана, оның ішінде мемлекеттік тілде - 1509527 дана. Ауылдық кітапханалардағы кітап қоры – 2514799, оның ішінде мемлекеттік тілде -1138214 дананы құрап отыр. 

            Есепті жыл ішінде жалпы оқырмандар саны - 248,2 мың адам (2017 ж. - 244,2), оның ішінде ауылдық жерде – 132,4 мың адам (2016 ж. – 130,1). Оқырмандарға кітап берілімі 4408,5 мың дана,  оның ішінде ауылдық жерде - 2594,8.

            2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы  модельді кітапханалар саны 3-ке артты (2017 жылы - 71, 2018ж. - 74). Атап айтқанда, Ақтөбе қаласы Өрлеу ауылдық кітапханасы, Қобда ауданы - Өтек ауылдық кітапханасы, Ойыл ауданында - Екпетал ауылды модельді кітапханалары ашылды. Жыл басынан бері облыстағы кітапханалар 10407 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырып, оған 237 321 адам қамтылды (2017 ж. - 10002 шара, 223 254  адам).

            Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Туған жер» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында «Туған жер: туған ел» негізгі бағдары дайындалып, оның ішінде мәдениет саласындағы қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері республикалық «Ауыл кітапханаларының жаңғыруы» жобасы анықталды.

            Ауылдық кітапханалардың жаңғыруы мәдени, ағарту және ойын-сауық орталығына айналдыру ережесіне сәйкес ауылдық кітапханаларда көпфункционалды мекемеге айналдыру, соның ішінде ауыл кітапханасын «Коворкинг» орталығына айналдыру қажет. Мұндай орталықтарды құру әрі олардың санын көбейту заман талабынан туып отыр.

            Бүгінде Саяси кеңесі отырысында Елбасының қолдауына ие болған тың бастамалар өңірде қарқынды жүзеге асырылуда. «Білім орталығы» партиялық жобасы аясында 2018 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Алға ауданында Бестамақ, Үшқұдық, Темір ауданында Кеңқияқ, Қобда ауданында Талдысай ауылдық кітапханалыра, Ақтөбе қаласындағы № 2, № 5 қалалық кітапханалар жаңаша форматта қызмет көрсетті. 

          Есепті мерзім ішінде облыс кітапханаларында ҚР Президентінің Жолдауын, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын, Ақтөбе облысындағы «Бақытты бала» жылына, Астана қаласының 20 жылдығына арналған танымдық кештер, семинарлар мен «дөңгелек үстелдер», ғылыми-практикалық конференциялар мен әдеби сағаттар, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында кездесу кештері және өңіраралық қатынастарды дамыту бағытында Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы, Орынбор, Ульянов қалалары, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерімен онлайн-семинарлар ұйымдастырылып өткізілді.

            Облыстық кітапханалар өткен жылы 16 семинар,  42  «дөңгелек үстел», 200-дан астам кітап көрмелерін, танымал тұлғалардың қатысуымен 67 кездесу, 15 конференция ұйымдастырды, сондай-ақ буккросинг, букттрейлер, виртуалды экскурсия, пресс-клиппинг,  библиогид секілді жаңа формада 165 іс-шара  өткізді.

       Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында үш кітап Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын насихаттауға, «Оқитын өлке» облыстық акциясында өңір кітапханаларында оқылымға таңдалған Өтежан Нұрғалиевтің шығармаларын талдауға арналған оқырман конференциялары, акциялар, кездесу кештері мен кітап көрмелері, дауыстап оқулар мен  Брайльша оқу сайыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Абай әлемі», «Мерейтойлық кітаптар», «Оқитын автобус», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»  секілді жоспарлы бағдарламалар мен акциялар шеңберінде де көпшілік шаралар болып өтті.

            2018 жыл - облыстық кітапханалар үшін өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, көршілес мемлекеттермен іскерлік байланыс орнатуда бірқатар жетістіктер әкелген жыл болды. Атап айтсақ, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Татарстан Республикасы Қазан қаласының орталық кітапханасымен «Кітапхана ісін дамытудағы жаңашылдық құндылықтар», 2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып жариялауына байланысты Өзбекстан Республикалық балалар кітапханасымен «Қуатты Қазақстанда өркениетті Өзбекстан», Қырғы Республикасы Шу облыстық балалар кітапханасымен «Қос бәйтерек достығы: Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шаханов» және Ресей Федерациясымен көршілес аудандардың кітапханалары Орынбор, Ульянов кітапханаларымен онлайн-конференциялар өткізді. 

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жанынан ашылған Ақтөбедегі Америка бұрышы Астананың 20 жылдығына орай АҚШ Елшілігімен бірлесе «Астана - Вашингтон достық сәулеті»  атты  макеттер сайысын өткізді.  Оған қаламыздың жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары, колледждердің студенттері қатысты.  Байқау жұмыстары 29 мамыр – 23 маусым аралығында Америка бұрышында қабылданып,  қорытындысы 23 маусым күні жарияланды. Бас жүлдені  Қарғалы ауданы  № 53 мектептің 6 класс оқушысы Ерболат Аида жеңіп алып, 6 шілде Астана күнін тойлауға Астана қаласына тегін жолдама ұтып алды.

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыс кітапханаларының арасында «Ең үздік инсталляциялық көрме» облыстық байқауы өткізілді. Байқауда жалпы 47 жұмыс қаралып, 17 ең үздіктері ақтық кезеңге іріктеліп жолдама алды. 1-ші орынды Темір ауданы, 2-ші орынды облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы, 3-ші орынды Ойыл, Мұғалжар аудандық кітапханалары иеленді.

Сонымен қатар жоспарлы түрдереспубликалық, аймақтықдеңгейдегі шаралар да ұйымдастырылып өткізілді. Мәселен, облыстық басқарманың қолдауымен Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бақытты бала» жобасы аясында «Ақтөбе жыр құшағында» Батыс Қазақстан аймақтық балалар поэзиясының байқауын жариялап, 77 талапкер қатысып, мамыр айында қортындылады. С.Жиенбаев атындағы ОЖК «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жастар кітапханасы – жаңашылдық аймағы» аймақтық кітапханалар конференциясын ұйымдастырды.

Бұған қоса барлық кітапханаларда өткен жылы мерейтойлары аталып өткен М.Жұмабаевтың 125арналған әдеби, поэзиялық кештер, кездесулер ұйымдастырылып, ұсыныстық библиографиялық және әдебиет көрсеткіштері шығарылды.

          Стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша да кітапханаларда бірқатар шаралар қолға алынды. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасына енген азаматтармен «Өлкені өркендеткен есімдер» атты  кезесу, «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар бағыт» атты конференция, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ұлт мықтылығы – білімді ұрпақ» белсенді жастармен кездесу, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Айтқожинамен «Айдын жырдағы аққу жүрек» тақырыбында кездесу, арнаулы кітапханада «Тәуелсіздік дәуірі» - ұлы дәуір шежіресі» атты дөңгелек үстел өткізілді. С.Бәйішев атындағы ОӘҒК-нда «Рухани жаңғыру- ұлт рухының арқауы», «Тәуелсіздік жетістіктері», «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі» тақырыптарында дөңгелек үстел, көрмелер т.б. ұйымдастырылды.

          Елбасының «Болашаққа қадам: қоғамдық сананы жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында үздік мәдениет және өнер мекемелері мен қызметкерлерінің 3 кезеңнен тұратын байқауы ұйымдастырылды. Бірінші кезең аудандық, қалалық, екінші кезеңде облыстық – ең үздіктерін анықтады. Үздік облыстық кітапхана – С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, үздік қалалық кітапхана – С.Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасы, үздік аудандық кітапхана – Ырғыз аудандық орталық кітапханасы, үздік ауылдық кітапханасы – Алға ауданы, Бестамақ ауылдық кітапханасы атанып, Республикалық байқауға жолдама алды. Үшінші Республикалық кезеңінде Ырғыз аудандық орталық кітапханасы еліміз бойынша «Ең үздік аудандық маңызы бар кітапхана» номинациясында жеңімпаз атанып, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

         Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу бойынша есепті жыл ішінде облыстық кітапханалардың 50 қызметкері республиканың түрлі аймақтарында өткен семинар, конференцияларға қатысты. Атырау қаласында өткен «Кітапханадан – ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты Халықаралық форумға, «Ресей мен Қазақстанның полиэтникалық шекаралас өңірлеріндегі оқырмандармен тәжірибе алмасу» Еуразиялық кітапханалық форумға, Астана қаласының 20 жылдығына орай ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық Оқу Конгресінеоблыстық, аудандық, ауылдық кітапханаларынан маман қатысып, біліктіліктерін арттырды.

           

 

5. Театралды-концерттік қызмет

 

2018 жылы облыстық 2 кәсіби театр және Ғ.Жұбанова атындағы облыстық  филармония  халыққа  қызмет  жасады.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония есепті мерзімде 317 концерт қойып, 231,8 мың көрермен қамтыды. Облыстық театрлар есепті жылы барлығы 972 қойылымдар қойып, оның ішінде 11 жаңа қойылым, 149,0 мың  көрермендерді  қамтыды.

Облыстық филармонияның ұйымдастырумен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды қолдай отырып «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Астана қаласының 20 жылдығы аясында,  «Құрмет» орденінің иегері, композитор Бейбіт Оралұлының әндерінен «Елім менің» атты Халықаралық ән байқауы «Өнер орталығы» концерт залында өткізілді.  Байқауға Болгария, Башқұртстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен және Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Семей, Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Оңтүстік  Қазақстан  облыстарынан  үміткерлер  қатысты.

Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, академик  А.Жұбановтың және ұлағатты ұстаз, сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі Ғ.Жұбановаға «Жұбановтар әуені-2018» Халықаралық хор музыка  фестивалі өткізілді. Астана қаласының 20 жылдығына орай,  ІІ Республикалық «Жібек жолы»  эстрадалық  әншілер  байқауы  және Республикалық «Жан серігім – домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың байқауы өтті.

Балалар мен жасөспірімдер арасында жас орындаушылардың және халық аспаптары ансамбль, оркестрлерінің Республикалық «Ұлы дала мұрасы» фестиваль-конкурсы, облыстық «Классика - 2018» жас дарындар фестиваль-байқауы,  облыстық  «АҚҚУ-2018»   би  байқауы ұйымдастырылды.

Облыстық филармонияның әрбір ұжымы шығармашылық концерттерін ұсынды.  А.Жұбанов  атындағы  қазақ  ұлт  аспаптары  оркестрінің «Любимые мелодии кино», «Саундтрек 2»  және «Жаңа жылдық саундтрек» көркем және анимациялық фильмдер әуендерінің жаңа бағдарламадағы концерті және камералық оркестрмен бірлескен  «Ұрпақтар үндестігі»,  А.Жұбанов атындағы ұлт  аспаптар оркестрінің  домбырашысы  Е.Мұстафиннің  «Көктем сазы» концерті  қойылды.

Камералық оркестрдің «Гармония весны», әнші В.Цой шығармашылығына  арналған  «Звезда по имени солнце»    және «Нам 15 лет» атты ұжымның 15 жылдығына арналған шығармашылық концерттік  бағдарламалары өткізілді.

Халықаралық  фестивальдердің лауреаты  «Аққу»  би ансамблінің «Көктем нұры», «Жеті сырлы ай  ару», «Достық сазы» фольклорлық  ансамблінің  «Жаңа күн» концерттері Өнер орталығында өткізілді.

 Қазақ камералық хор ұжымының «Большой концерт», «Вечер вокальной музыки», ҰОС  Жеңісінің 73 жылдығына арналған «Поклонимся великим тем годам» атты алғашқы рет 300 адамнан тұратын хор ұжымдарының  концерті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, əнші, ұстаз Марат Əйтімовтың "Кездесейік" атты ән кеші және ҚР мәдениет қайраткері, термеші, жыршы,  дәстүрлі әнші Феруза Нарманның «Көмейімде күміс жыр» атты  ән кешін ұсынды.

"Екі Езу" сатира театрының көркемдік жетекшісі Н.Жұбатқанның "Əн мен  Əзіл " атты сатира театрының  20 жылдығына арналған  шығармашылық  кеші өткізілді.

Академик А.Жұбановтың шәкірті, Қазақ ССР-нің  Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор, композитор, дирижер Қайырғали Қожанбаевтың 80 жас мерейтойына арналған «Нұрлы елім» атты шығармашылық кеші өткізілді. Кешке ҚР Халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов қатысып, құттықтау тілегін  жеткізді.

Өнер орталығы сахнасында еліміздің танымал жұлдыздары  Айман Мұсаходжаева, Нұрлан Өнербаев, Мақпал Жүнісова, Ұлықпан Жолдасов, Қайрат Нұртас, Нұрболат Абдуллин,  Аллаберген Жақсыбаев, Өмірқұл Айниязов, «Ninety one»  тобы,  Ернар Айдардың ән кештері, Т.Қабатов бастаған «Әзіл әлемі» театры, Өнерлі жігіттер «Назар аудар» командасының, «Алдараспан» сатира театры және «Өнер қырандары»  театрының «Берекелі  мереке» атты  бағдарламалық  концерттері  өткізілді. Өмірде де, өнерде де жұптары жарасқан,  қазақ эстрадасының жұлдыздары Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер, Қаділбек -Маржан, Құрманбек-Риза, Ұлықпан Жолдасов, Фариза Жолдасова, Әділ-Дана Сламхановтар, Қайрат-Жұлдыз Игіліковтер, Мирас-Құралай Бекжановтар, Қанат-Светлана Айтбаевтардың қатысуымен  «Қос жүректің лүпілі» атты концерті  көрерменге  ерекше көңіл-күй сыйлады.

Санкт – Петербург қаласының  «Искушение» би театрының   "Шоу под дождем 3" концерті және Санкт-Петербург театрының «Лебединое озеро» балетінің  қойылымы  жоғары деңгейде өткізіліп, халық қошеметіне бөленді.

Есепті жылы Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары гастрольдік сапарлармен Үнді мемлекетінде өткен VIII Халықаралық би және музыка фестиваліне, Түркия мемлекетінде өткен 9-шы «Рамазан» фестиваліне, Ресей Федерациясы Москва қаласында өткен 5-ші Халықаралық  Ұлттық оркестрлер фестиваліне  қатысып өз өнерлерін көрсетті. Облыс әкімі бастаған Ақтөбе облысының делегациясы құрамында Өзбекстандағы Қарақалпақстан Автономиялы Республикасының астанасы Нөкіс қаласына «Ақтөбе-Нөкіс: тарихи тамырластық пен тиімді әріптестік» атты мерекелік концертін өткізді.

Жыл ішінде облыстық филармония шығармашылық ұжымдары мен  әртістері бірқатар жетістіктерге жетті.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының ардагері Қайырғали Қожанбаевқа  Ақтөбе  облысының  "Құрметті" азаматы атағы, филармонияның А.Жұбанов атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің белді мүшесі, күйші Жайлау Асылхановқа  ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері атағы берілді.

Қазақ камералық хор ұжымы Ресейдің Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен Ю.Фалик  атындағы «Поющий мир» атты XVI Халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, «Халық музыкасы» І-ші  дәрежелі, «Камералық хор» және «Заманауи музыка» категориясында екі ІІ -ші дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды. «Жұбановтар әуені-2018» Халықаралық  хор  музыкасы фестивалінде бас жүлдеге ие болды. Республикалық «Патриоттар форумында» облыстық делегация құрамында Қазақ камералық хор ұжымының көркемдік жетекшісі М.Құспанов қатысып  «Жыл патриоты»  атағына ие болды.

Орынбор қаласында өткен 29-шы Евразиялық студенттер шығармашылығы «На Николаевской» халықаралық фестиваліне «Аққу» би ансамблі қатысып жүлделі бірінші орын, «Қазақстан Раушан гүлі» V Халықаралық хореографиялық фестивалінде І орын және Елордамыз Астана қаласында өткізілген ХХІ Халықаралық «Шабыт»  шығармашылық жастар фестиваліне «Хореография» номинациясы бойынша қатысып жүлделі ІІ орынға ие  болды.

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы аясында  «Құрманғазы және Ұлы дала Сазы» атты Халықаралық фестиваліне А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы А.Кенигесов «Құрманғазы және Ұлы дала Сазы» атты мүсінмен марапатталды.Атырау қаласында өткен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған халық аспаптар оркестрлерінің Халықаралық фестиваліне А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі жоғары дәрежеде өнер көрсетіп лауреат атағын иеленді. Ақтау қаласында өткен М.Өскінбайұлы атындағы Халықаралық халық аспаптарында орындаушылық конкурсында  А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің  қобызшысы А.Қабдымананова  II дәрежелі дипломмен  марапатталды.

«Қорқыт Қобыз» атты Республикалық қыл қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылар байқауына  А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің қыл қобызшысы А.Абдисадыкова қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

 Есепті мерзімде Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры 530 қойылым қойып, оның ішінде  жаңа 10 қойылым  шығарылды, қамтылған көрермен  саны  69000  адамды құрады.                                               

   Театр репертуарына режиссер Ж.Жұманбайдың қоюымен Н.В.Гогольдің «Ревизор», режиссер Д.Базарқұловтың қоюымен Г.Хугаевтың «Қара шекпен», режиссер М.Хабибуллиннің қоюымен А.Ноғаевтың «Үлкен сұрақ» және У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы (камералық нұсқада), режиссер М.Томановтың қоюымен С.Қасымбектің «Снайпер» музыкалық драмасы (екі тілде) жаңа қойылымдары және режиссер Д.Құсайынованың қоюымен қазақ халық ертегісі «Қаңбақ шал» және  Жаңа Жылдық М.Томановтың «Күлдірген мен Бүлдірген», О.Павлованың қоюымен «Добрушка и Злушка» ертегілері және М.Хабибуллиннің қоюымен «Ертегілер әлемі» мен «Мир сказок» ертеңгіліктері  қосылды.

Театр репертуарына қайта қалпына келтірілген О.Бәйсеңгірдің «Жақсылық пен Жамандық» ертегісі және 2015 жылы сахналанған  Қырғыз драматургі М.Байджиевтің «Махаббат жағалауы» психологиялық драмасы көрерменге ұсынылуда.  Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – махаббатым менің» мюзикл, жастар күніне арнап шығарылған «Махаббат қызық мол жылдар» ретро концерт-спектакль мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасының сүйікті әуендері» атты концерт-спектакль өтті. Қазақстан Ұлттық арнасының тапсырмасына сәйкес Ақтөбеде алғаш рет басталған кино көрсетіліміне Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының қазақ труппасы актерларының сомдауымен Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы түсірілді. Режиссері танымал кинорежиссер Марат Телеуов.

Ақтөбе облысының дін істері басқармасының тапсырмасымен А.Ноғаевтың «Үлкен сұрақ» спектаклі шығарылып, қойылымға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын қатысты. Театр актерларының шеберлігін шыңдау, танымал сахна тарландарының жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісу мақсатында сахналанған Н.В.Гогольдің «Ревизор» (аударған М.Әуезов) комедиясына бас рөлдерді сомдауға ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Әбділманов пен Айгүл Иманбаева шақырылды.

Облыстық драма театрының ұйымдастыруымен 20-22 сәуірі аралығында Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «Балауса» экспериментальды қойылымдар фестивалі өткізілді. Фестивальге арнайы шақырылған қонақ А.Чехов атындағы Мәскеу көркемдік театрының актеры Д.Дюжев, Қазақстанның Халық артисі, профессор Е.Обаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Л.Кәденова қатысты.

  23-26 қараша аралығында РФ Рязань қаласында өткен «Свидания на театральной» III Халықаралық театр фестиваліне театрдың орыс труппасы режиссер Д.Базарқұловтың қоюымен Г.Хугайдың «Қара шекпен» спектаклімен қатысып, труппа «Үздік актерлық ансамбль» номинациясымен марапатталды. Айта кететін жайт, фестивальге қатысуға өтінім берген үміткер 100-ге тарта театрдың ішінен іріктелген Мәскеу, Перм, Псков, Минск (Беларусь Республикасы) Неаполя (Италия), Уфа, Қазақстаннан біздің Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының болуы көңілге қуаныш ұялатады.

Театрдың жас актерлары тәжірибе алмасу мақсатында қыркүйек айының 10-16 жұлдызы күндері РФ Мәскеу қаласында өткен "Артмиграция" жастар театр форумына қатысты.

Театрда театр жанкүйерлерінің «AKHTANOV FAN CLUB» клубы ашылды. Қоғам мен жастар арасында театрлық шығармашылықты насихаттау мақсатында өткізген театрдың «AKHTANOV  FAN  CLUB» клубы мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің біріккен І облыстық «Мен театрды таңдаймын!» жобасы аясында театрдың қазақ және орыс труппасының талантты жас актерлары университеттің студенттермен кездесіп, пікір алмасу  өткізілді.

Есепті жылы театр қызметкерлері айтулы жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік күніне орай сахна шебері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Майгүл Мұзбаева «Құрмет» орденінің иегері атанды.

 Труппа меңгерушісі Н.Шульга «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, театр балетмейстері Қ.Дандагариев және актер Н.Айтқалиев  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Алматы қаласында Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен «Сахнагер-2018» байқауында жас актер Б.Телеуғалиев Ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясының иегері атанды.

 Облыстық «Алақай» қуыршақ театры есепті кезеңде 442 спектакль қойып, 80000 көрерменді қамтыды, 1 жаңа қойылым шығарды. 

 Театр репертуарына Орынбор мемлекеттік облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Вадим Смирновтың қоюымен белгілі дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің «Су перісі» ертегісінің қойылымы шығарылды.

«Алақай» қуыршақ театры 20-23 қаңтар аралығында  қуыршақ театр әртістеріне және режиссерлеріне арналған Халықаралық «Сахна сыры»  атты шеберлік сағат, семинарын өткізді. 20 қаңтар-20 ақпан аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Алақай қуыршақ театрының суретшісі Ә.Т.Құрманалинаның «Алақай Ғаламшары» атты эскиздер, қуыршақтар, костюмдер және декорациялар көрмесі ұйымдастырылды.

6-8 сәуір аралығында «Бақытты бала» жобасы аясында облыстықмектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері және бастауыш сынып оқушылары арасындағы театр топтарынаоблыстық «Ерке Театр Aktobe»атты балалар театр фестивалі өткізілді. Фестивальдеқаланың 7 және ауданның 1 мектебі, 15 мектепке дейінгі ұйымы, барлығы 220бүлдіршін өнер көрсетті.

2018 жылдың 22-27 қыркүйек аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Бақытты бала» жобасы аясында Халықаралық «Ассалаумағалейкум –V» қуыршақ театрлар фестивалі  өткізілді. Фестивальге  Ресей Федерациясы, оның ішінде Татарстан, Башқұртстан, Удмуртия, Ханты Мансий автономды округі, сонымен қатар  Беларусия және Қазақстаннан барлығы 14 театр ұжымы қатысты.

«Алақай» қуыршақ театры  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Заманауи Қазақстан –Жаһандық әлемде» арнаулы жобасы аясында  Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының  Набережные Челны, Апастово, Тетюши, Кайбиц, Буа, Ульяновск  қалаларында  гастольдік іс-сапар өткізді.

Театр ұжымы есепті жылда жетістіктерге ие болды. Атап айтсақ Т.Ахтановтың 95 жылдығына арналған Халықаралық «BALAUSA» экспериментальды спектакльдер фестивалінде С.Балыковтың «Тізгініңді босат та, құстай самға…» қойылымымен қатысып «Жоғары кәсіби деңгейі» үшін номинациясына ие болды.

Татарстан Республикасы, Набережные Челны қаласында өткізілген VI Халықаралық «Рабочая лошадка» қуыршақ театрлар фестивалінде халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған «Қаңбақ шал» қойылымының суретшісі, «Алақай» қуыршақ театр директоры Ә.Құрманалина «Үздік суретші  жұмысы»  номинациясын  жеңіп  алды.

Театр ұжымы Татарстан Республикасы Буа қаласында  2018 жылдың 15-24 мамыр аралығында өткізілген  “БУА: Диалог кеңістігі” II Халықаралық театр фестивалі аясында Н.Гогольдің «Шинель» повесінің желісі бойынша сахналанған «Шапан» қойылымымен қатысып,  арнайы Дипломға ие болды.

28 мамыр 3 маусым аралығында Татарстан Республикасы, Қазан қаласында өткізілген V Халықаралық «Наурыз» форум-семинарына театр актерлері Ә.Орынбасаров және А.Сералина п.ғ.к. доцент, режиссер Э.Куриленко жүргізген «Қуыршақ театр актерлері мен режиссерлер өнері» шығармашылық лабораториясында Петрушка қуыршағының ерекшеліктері, қолғапты қуыршақпен жұмыс жасау жолдары мен заңдылықтары» тақырыбында практикалық сабақтарға қатысса, әдебиет бөлімінің меңгерушісі М.Төле «Театр сыны, әдебиет бөлімінің жұмысы» шығармашылық лабораториясында белгілі театр сыншылары А.Вислов және Е.Карась «Заманауи театрда әдебиет бөлім қызметкерлері нені білуі керек?», «Театр рецензияларының жанры», «Спектакльге ауызша рецензия» тақырыптарында теориялық, практикалық тұрғыда біліктіліктерін арттырғандығы жөніндегі куәліктерге ие болды.

 

6. Облыс музейлері

 

         2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста 21 музей және облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы қызмет жасауда.

            Есепті жылы облыс музейлері 6797 экскурсия, 795 көрме, 1202 лекция өткізіп, 299987 келушілерді қабылдады. Облыс музейлеріндегі барлық экспонаттардың саны 187127

дананы құрап отыр.

            Облыс музейлеріндегі негізгі шаралар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындау мен Астана қаласының 20 жылдығы аясында өткізілді.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған облысымыздағы ғылыми зерттеу, мәдени-ағарту, насихаттау жөніндегі ірі мәдени ошақтың бірі.

2018 жылы 14-қараша күнгі Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Музейдің көне ғимараты 2014 жылы апаттық жағдайда деп танылып, жабылған еді. Ал жаңа ғимараттың құрылысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басталып аяқталды. Музейдің бес залында тақырыптық-экспозициялық көрме жасақталды. Қалған алты зал 2019 жылы жасақталатын болады.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорынан «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесі 2018 жылдың 14-қарашасынан басталды.

            Көрмеге түрлі жәдігерлер, құжаттар, фото және бейнематериалдар мен кітаптар қойылған.

            Көрмедегі жәдігерлер арқылы мемлекетіміздің қалай қалыптасқаны, қандай ауыр сындардан өткені және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесін көруге болады. Көрмені Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары тегін тамашалады.

            «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн - 2018» акциясы өткізілді. Биылғы «Музейдегі түн - 2018» акциясы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасын қолдау мақсатында өткізіліп отыр.

Акцияның мақсаты қала тұрғындары мен қонақтарын музейлік құндылықтармен таныстыру, көпшіліктің музей жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

2018 жылы облыстық музейлерде аймақтық, республикалық және халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «Марғұлан оқулары-2018. Рухани жаңғыру және археологиялық мұра» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы, «Мұстафа Шоқай аманаты және мұраттар сабақтастығы», «Азаттық аңсаған Алаш» және «Наследники Победы» атты конференциялар.

Сонымен қатар, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алаштың ардақты тұлғалары А.Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл, Х.Досмұхамедов- 135 жыл, С.Торайғыров- 125 жыл, М.Жұмабаев- 125 жыл, А.Досжанова- 125 жыл, Т.Жүргенов- 120 толуына орай «Тарихи тұлғалар тағлымы» атты республикалық деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Іс шараның мақсаты: Алаштың ардақты тұлғаларының тарихта қалған ізін жас буынға насихаттау.Тәуелсіздік құндылығын, қазақ елінің болашағының жарқын көрінісі жастардың елге деген сүйіспеншілігінде екендігін, отаншылдық, еркін рухтың білімді терең меңгерген ұрпақтың бойында болатындығын жастарға сезіндіру.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі, РҒА Ұлы Петр атындағы антропология және этнография және РҒА Ресей этнографиялық музейлерімен бірлесіп Ақтөбе облысының Алға, Қобда, Ойыл аудандарына этнографиялық экспедиция ұйымдастырды. Этнографиялық зерттеудің негізгі тақырыбы қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары болды. Экспедиция барысында фото материалдар алынып, тұрғындар мен сұхбат жүргізілді. Сұхбаттан бөлек тікелей бақылау әдісі қолданылып зерттеу жүргізілді. Экспедициялық зерттеудің негізгі мақсаты әдет-ғұрыптағы өзгерістердің динамикасын сипаттап, сараптау болды. Жергілікті тұрғындармен сұхбат барысында баланың дүниеге келгеннен бастап, балалық шағы, үйлену, дүниеден өткенде жасалатын әдет-ғұрыптарға байланысты мәлімет алынды.

«Жәдігер жерде қалмасын» акциясы Елордамыз Астананың 20 жылдығы аясында өткізіліп, акция барысында облыс, қала тұрғындарының сыйға тапсырған ұлттық этногрфиялық бұйымдары мен өлке тарихына қатысты экспонаттардан көрме жасақталды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылау барысында Ақтөбе де ұйымдастырылған «Ұлы даланың рухани мұрасы» атты кеңеске шақырылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының директоры Б.Әбдіғалиұлымен кездесу өткізілді.

Кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсат «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асырудағы атқарылып жатқан жұмыстар мен Ақтөбе облысындағы рухани және материалдық маңызы бар тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттаудағы туындаған мәселелер мен перспективалары туралы ой қозғау, пікірлесу.

Ә.Молдағұлованың мемориалды музейі «Мерген ару-2018» пневматикалық мылтықтан нысана көздеп атудан 9-11 класс оқушы қыздар арасында атудан облыстық, республикалық чемпионатын ұйымдастырды. Сонымен қатар, Ә.Молдағұлованың ерлігіне 74 жыл толуына орай еске алу кеші, «Азаттық аңсаған Алаш» тарихи-танымдық шарасы мен «Наследники Победы» атты халықаралық конференцияның өткізілуіне ат салысты.

Облыстық өнер музейі, «Plein Air Aktobe» атты Халықаралық кескіндеме симпозиумын ұйымдастырып өткізді. Сипозиумға Өзбекстан, Ресей, Башқұрстан, Татарстаннан және еліміздің басқа аймақтарынан суретшілер қатысты. Кескіндеме симпозиумының мақсаты кескіндеме өнерін дамыту, суретшілер арасында тығыз шығармашылық байланыс орнату, өнер музейінің қорын Қазақстандық және жақын орналасқан шет елдік атақты суретшілердің жұмыстарымен тотыру. Сондай-ақ көршілес мемлекеттермен мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында Орынбор қаласындағы Халықтар достығы үйінің шебері Г.Абсалямованың «Орамал сыйлашы» атты көрмесі Ақтөбе қаласында өнер музейінде өткізілді.

«Руханият» облыстық музейі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» базалық бағыты бойынша Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі жанынан құрылған «Аманат -2018» танымдық – ғылыми зерттеу экспедициясы 30-31 қазан, 1-2 қараша күндері аралығында Ақтөбе облысы аумағында ХІХ - ХХ ғасыр басында дүниеге келген, өмір сүрген діни қайраткерлердің өмірі мен қызметін, киелі қастерлі нысандар менмешіттерді, олардың орындарын анықтап зерттеу, телетүсірілімге түсіріп көрсету арқылы республика жұртшылығына танытып насихаттау және экспонаттар жинақтау мақсатта Алға, Қобда, Ойыл және Темір аудандарына экспедиция өткізді.

Аудандық музейлермен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында киелі жерлерді анықтау бойынша біршама іс-шаралар өткізілді.

 

7. «Мәдени  мұра» Ұлттық жобасының

2018 жылға  жүзеге асырылуы туралы

 

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік тізімге енген жергілікті маңызы бар 21 археологиялық ескерткішке қорғау тақтайшалары әзірленіп орнатылды және 60 дана археологиялық, 50 архитектуралық ескерткіштердің паспорттары даярланды.

Сонымен қатар, Мәртөк ауданындағы 20 (жиырма) археологиялық ескерткіштердің қорғау, құрылыс салуды реттеу және табиғи ландшафт аймақтары белгіленіп, облыстық мәслихаттың №358 шешімімен бекітілді, облыстық әділет департаментінде №5964 болып тіркелді.

Облыстағы тарихи-мәдени мұраларды жүйелеу мақсатында Мәртөк ауданы аумағындағы археологиялық, этнографиялық ескерткіштерге анықтау-сараптау, есепке алуға байланысты жұмыстар жүргізіліп толығымен аяқталды.

Есепті мерзім ішінде облыс аумағында қазіргі таңда жойылып бара жатқан археологиялық қорғандарды қорғау мақсатында «Archaelogy-KZ» ЖШС мен келісім-шарт жасалып Мәртөк ауданы Родниковка ауылынан 4 км солтүстік-батыста орналасқан  Бисоба қорғанды бейітіне зерттеу және құтқару қазу жұмыстары жүргізілді. Бисоба бейіті он жер қорғаннан тұрады. Аталған он қорғанның ішіндегі бүгінгі таңда жойылып кету үстінде тұрған 5, 8-9 қорғандарға қазба жұмыстары жүргізіліп зерттелді. Зерттеу жұмыстары барысында құнды әшекей бұйымдар мен олжалар табылды. Атап айтқанда темір қылыш (ақинақ), жебенің ұштары, керамикалық ыдыстар, қола айна, моншақ, алтын сақина және т.б.

Сонымен қатар, маусым айында Ақтөбе қаласының маңындағы солтүстік айналма жолы бойындағы карьерден ғұн дәуіріне жататын жерлеу қабірі кездейсоқ табылып зерттелді.

Ескерткішті топырақ қазу барысында «Актобе кристалл су» ЖШС топырақ тиегіштің жүргізушісі байқады. Табылған олжалармен археологиялық артефактілер б.д. ІІ-ІҮ ғасырларға жататын ғұн-сармат кезеңіне сай келеді.

Жерлеуден бай олжалар анықталды. Табылған бұйымдарға қарап ауқатты адамның жерленгенін айтуға болады. Жерлеу барысында тайпа өкілдерімен адам жанына түрлі заттар қойылған. Оның ішінде басы өңделген сүйектен және жоғарғы жағы алтын дискіде тастармен әшекейленген темір қылыштың қалдықтары табылды. Алтын қапсырмалармен әшекейленген аттың ері дайындалуы мүмкін. Адамның киімдерін қапталған алтын жапсырмалар әшекейлеп тұрған. Бұл олжалардан бөлек қола және күміс доғалар табылды.

Ойыл ауданындағы Қазақстан аумағында сақтардан кейін үлкен мемлекет құрып дәуірлеген ғұн тайпаларынан қалған ескерткіш болып табылатын орындарға зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде аталған аудандардың аумағынан б.з.д ІІІ ғасырдан б.з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрген ғұндар тайпасына тиесілі Ақбұлақ І археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Ақбұлақ-І бейіті Ойыл ауданы, Көсембай ауылынан 13 км оңтүстік-оңтүстік-шығыста, Ойыл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бейіттегі 4 қорғанға және бір ғибадатханаға қазба жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы Шалқар ауданының территориясында археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Барлау жұмыстары барысында Шалқар ауданынан жаңадан 38 ескерткіш нысаны, олардың ішінде 28 қорғанды қорымдар, 7 жалғыз қорғандар және 3 тас дәуірінің тұрағы табылып, тіркелді.

Далалық экспедициялар соңында Ақтөбе облысы Байғанин ауданына тарихи-мәдени ескерткіштерді барлау жұмыстары жүргізілді. Барлау жұмыстары барысында ауданның ауылдық аймақтардан шалғай жерде орналасқан оңтүстік беткейіндегі ескерткіштері анықталған Доңызтау аймағы мен Шағырай шатқалындағы ескерткіштер анықталды. Барлау жұмыстары барысында аудан көлемінде 93 ескерткіш нысаны, 85 қорғанды қорым және 2 қола дәуірінің тұрағы анықталды.

Ақтөбе қаласында Ғ.Жұбанова атындағы филармонияның артқы алыңында Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-белгі орнатылды.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Әйтеке би мен Ырғыз аудандары аумағындағы жалпы ұлттық және өңірлік маңызы бар              30 дан астам ескерткіштердің орналасқан орындары мен жай-күйі анықталып фотофиксация жұмыстары жүргізіліп координаттары нақтыланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірлесіп Ойыл ауданы аумағындағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына жататын қазақтың қорымдары мен мешіттеріне ғылыми түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары барысында Ойыл өзенінің бойындағы Ботакөз батыр кесенесі, Егізқара бейіті, Тілепмола, Темірмола, Жауымбаймола, Балапан және т.б. қорымдар мен кесенелер, тасқоршаулар, діни әулиелік орындар зерттеліп зерделенді.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша республикалық маңызы киелі жерлердің тізіміне 17 нысан, жергілікті маңызы бар киелі жерлердің тізіміне 33 нысан барлығы 80 нысан енгізілді.

 

8. Архив мекемелері

 

        Облыстық архив мекемелері өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Ұлттық  архив  қоры  және архивтер туралы» Заңың,  архив ісін дамытудың негізгі  бағыттарының орындалуы туралы жұмыс жоспарын жүзеге асыруға бағыттайды.

        Архив қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік архивтерде сақталған Ұлттық архив қоры құжаттарының және жеке құрам бойынша құжаттар көлемі 2019 жылдың  1 қаңтарына  1011312 сақтау бірлігін  құрайды. Осыған орай, 2018 жылы 2077 істің 5271 парағы реставрациядан өткізілді (жоспар бойынша 2075 іс, 5245 парақ), физико-химиялық және техникалық өңдеу жүргізу бойынша 22542 сақтау бірлігінің (жоспар бойынша 17711сб.) орнында бар болуы тексеріліп, құжаттардың өшіп бара жатқан мәтіндері мен істердің парақтары қайтадан тігіліп, қалпына келтірілді. 70 қордың есептік құжаттарының толықтығы  тексеріліп, 1000 іс  қайта шифрлеуден өткізілді. «Архивариус», «АССЕSS» бағдарламалары бойынша компьютерлер базасына 1847 пәтердің жекешелендірілуі туралы деректер енгізілді.

       Ұлттық архив қорының жұмысын қалыптастыру жалғасуда. Есепті кезенде басқару құжаттамасының 6709 сақтау бірлігі (жоспар бойынша 4233 сб), жеке құрамның 10248 сақтау бірлігі  (жоспар бойынша 5082 сб), 90 фотоқұжат (жоспар бойынша 60), 51 тектік кұжат(жоспар бойынша 20), 3 бейнежазба мемлекеттік сақтауға қабылданды.  Облыстық мекемелердің 230 істер номенклатурасы келісілді, аудандық архивтер 74 ведомстволық архивтердің құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеуге, мекемелер мен ұйымдарға 1250 позиция бойынша  әдістемелік көмек көрсетілді.

       «Архивтік  анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс шаралар жоспарына  сәйкес, басқарманың бас маманы үш аудандық архивіне (Қобда, Мұғалжар, Қарғалы)  іс-сапарға жіберілді.

        Мәдениет және спорт министрлігінің «Құжаттардың бірыңғай электрондық архивтері» ақпараттық жүйесіне енгізу үшін Ақтөбе облысының мемлекеттік архивтері Ұлттық архив  қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жиынын (каталогын) электронды форматтағы кестелері 3 жылда бір рет толтырылып, министрлікке жіберіледі,  және а.ж.  бұл жұмыстар жалғасуда.      

       Тарихи-мәдени деректі мұраларға қоғам қызығушылығын аудару мақсатында облыстық архивтермен тақырыптық 17- фотоқұжаттар көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар, 35 семинар, 12 телехабар, 7 баяндама,  8 танымдық шара, 5 экскурсия сабақтары, 3 дөңгелек үстел өтті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары және «Қазақстан архивтері»  журналына  44  мақала  жарияланды. Барлығы  2018 жылы 134 ақпараттық шаралар  (17 көрме, 44 мақала, 12 телехабарлама, 1 радиохабар, 7 баяндамалар, 35 семинар, 5 экскурсия, 8 тарихи-танымдық шара  мен әлеуметтк желіде 2 жарияланым ) өткізілді.

       Архивтердің  оқу залында  зерттеушілерге жұмыс жасауға құжаттар,  газеттер, журнал тігінділері ұсынылып, жұмыс жасаған 239 зерттеушілерге (544 рет келу) 2101 сақтау бірлігі, газет, журнал тігінділері ұсынылды.  Архив қызметкерлеріне жоспар бойынша жұмыс жасау үшін 28636 с.б. берілді.

       Қызметтің ең негізгі бағыттарының бірі азаматтар мен ұйымдардың әлеуметтік-құқықтық сұраныстарын орындау болып табылады. 2018 жылы  14017 сұраныс түсіп, барлық сұранысқа жауап берілді. 159 тақырыптық сұраныстың 80-і, 15 генеалогиялық сұраныстың 8-і, 13843 әлеуметтік-құқықтық сұраныстың 8460-ы  қанағаттандырылды. Шетелден түскен сұраныс 2938, қанағатандырылғаны - 1865. Тақырыптық сұраныстар азаматтардың Ақтөбе облысында арнайы қоныстандыруда  болғаны туралы, қуғын-сүргінге  ұшырағаны, ұрпақ шежіресін қалпына келтіру, туған жылын анықтау, пәтерді жекешелендіру, жерге байланысты құжаттарды жаңғырту, мекеме, кәсіпорын қызметі, елді-мекендердің  тарихы  жөніндегі деректерді анықтау туралы болды. Барлық мәліметтер «Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.

      

      

 

 

Қосылды: 
04.08.2016 - 11:07
Соңғы өзгерiстер: 
14.05.2019 - 05:26