Әкім аппаратының басшысы

Калауов Нуржауган Серикович

Лауазымдық міндеттер:

1. Мәселелері:

1) облыс   әкімі   мен   әкім аппаратының   қызметін ақпараттық-сараптамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру;

3) облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы;

4) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

5) мемлекеттік наградалармен марапаттау;

6) сайлаулар мен референдумдар  өткізу;

7) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу;

8) облыс, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, басқармалар аппараттарында құпиялық режимін және мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

9) жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

10) нормативтік құқықтық актілермен жұмыс;

11) облыстық атқарушы органдардың қызметінің тиімділігінің бағалау («Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл: шағымдар мен арыздарды қарау сапасы», «Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы: персоналды басқару»).

2. Селекторлық режимде өткізілетін Үкіметтің отырыстары мен Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің кеңестеріне облыс әкімінің дайындығы мен қатысуын қамтамасыз етуді үйлестіреді және бақылайды.

3. Облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін әзірлеу мен ұйымдастыру және жоғары тұрған органдардың актілерін орындауды ұйымдастыру, тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету бөлігінде атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді.

4. Облыс әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жасайды.

5. Мына:

1) «Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ;

2) «Қоғамдық келісім» КММ;

3) «Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» КММ;

4) «Ақтөбе облысының Аймақтық коммуникация қызметі» КММ;

5) кадр комиссиясының жұмыстарын үйлестіреді.

6. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Президент Әкімшілігі, Парламент Сенатының және Мәжілістің Аппараттары, Премьер – Министрдің Кеңсесімен, тиісті орталық атқарушы органдармен, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Қосылды: 
11.02.2016 - 07:20
Соңғы өзгерiстер: 
26.08.2019 - 07:07