Әкімнің орынбасары

Бердалин Аманғали Бисенбайұлы

Лауазымдық міндеттер:

1. Мәселелері:

1) ауыл шаруашылығын, ветеринарияны және агроөнеркәсіп кешенін дамыту

- агрохимиялық қызмет және ветеринарлық бақылау;

- көмекші және жеке шаруашылықтарды, ұжымдық бау-бақша егумен айналысуды дамыту;

- мемлекеттік және облыс іші мұқтаждықтары үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру;

- әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына бақылау

2) су және орман шаруашылығы, жануарлар әлемі

- суарылатын егін шаруашылығын дамыту;

- су ресурстарын пайдалану;

3) жер қатынастарын реттеу

4) абаттандыру, санитарлық тазарту және жасыл желектендіру

5) жетекшілік ететін бағыттар бойынша атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы.

2. Мына облыстық:

1) ауыл шаруашылығы;

2) ветеринария;

3) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау;

4) табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу жөніндегі басқармалардың  жұмыстарына жетекшілік етеді.

3. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мыналармен:

1) Президент Әкімшілігі және Премьер – Министрдің Кеңсесімен;

2) тиісті орталық атқарушы органдармен және олардың аумақтық бөлімшелерімен;

3) агроөнеркәсіптік кешендегі мына: ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау; ветеринариялық бақылау және қадағалау; орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекцияларымен;

4) «КазАгро»ҰБК» АҚ, «Азық–түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржымен қолдайтын Қоры» АҚ, «Қазсушар» РМК АФ;

5) ғылыми орталықтармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

4. Басқаратын:

Комиссиялары:

- инвестициялық, пайыздық ставкалар бойынша;

- жер телімін беру немесе оны беруден бас тарту жөніндегі.

Қосылды: 
11.02.2016 - 07:12
Соңғы өзгерiстер: 
26.08.2019 - 06:55