Әкімнің жұмыс сапарлары

20 Шiлде 2016

Ауыл шаруашылығын және әлеуметтік саланы дамыту. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қобда ауданына барған жұмыс сапары барысында осы мәселелерге назар аударды. Өңір басшысы бірнеше елді мекендердің және шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе бағытындағы жолдың құрылысы да назардан тыс қалмады.

13 Шiлде 2016

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байғанин ауданына жасаған жұмыс сапары барысында да кеңінен айтылды. Ол ауданның биылғы жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қарқынымен, сондай-ақ берілген тапсырмалардың орындалу барысымен танысты. Сапар барысында аймақ басшысы бірқатар елді мекендерді аралап, жергілікті халықпен кездесті. Республикалық маңызы бар жолдың құрылысын, суармалы егістікті көрді. 

13 Мамыр 2016

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Темір ауданына  сапары кезінде елді -мекендерді  аралап, ондағы әлеуметтік сала мен шағын кәсіпкерлік нысандарының қызметімен танысты, халықпен кездесті. Өңір басшысының Кеңқияқ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуіне «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжень мен облыстық басқармалардың және департаменттердің басшылары да қатысты. Бердібек Сапарбаев жиынға қатысушыларға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәліметтер берді.

05 Мамыр 2016

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбеге Елбасының "Мәңгілік ел" идясын халыққа түсіндіруі мақсатында келген парламент мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов Хромтау ауданына барды. Жұмыс сапары аясында әлеуметтік және өндіріс орындарын аралап, мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. 

12 Сәуiр 2016

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданында да болды. Өңір басшысы Аралтоғай, Құмқұдық ауылдық округіндегі  білім және мәдениет ошақтарының жұмысымен танысты. Ауыл тұрғындарымен, аудан кәсіпкерлерімен кездесті. Сонымен қатар, аудан активінің жиналысына қатысты. 

11 Сәуiр 2016

Ырғызда құны 50 миллион теңгелік мәдени-спорт орталығы салынады. Бұл  -  «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ырғыздық кәсіпкерлердің  демеушілігімен жүзеге асатын жоба! Осы және ауыл-аймақтың өзге де жаңалықтары мен мәселелері туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Ырғыз ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде айтылды. 

20 Ақпан 2016

ОБЛЫС ӘКІМІ Б. САПАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН МӘРТӨК АУДАНЫНДА БОЛДЫ

09 Ақпан 2016

Алдымен Әлімбет ауылына барды. Мектеп, балабақша, емхана, мәдениет үйі секілді әлеуметтік нысандарды аралады. Дүкен, дәмханаларда әкімнің назарынан тыс қалмады. Халыққа қажетті 33 түрлі азық-түліктің бағасын білді. Көңілге қонымды. Өйткені, жергілікті әкімдік шағын және орта бизнес өкілдерімен бағаны 10 пайыздан асырмау жөнінде келісім жасасқан. Ақтөбеден Әлімбетке дейінгі күре жол 120 шақырымнан асады. Бірақ, халықаралық тас жолдың бойында бірде бір қызмет көрсету нысаны жоқ. Кемшілікті жойу міндет.  Бұл аудан әкіміне тапсырма.

03 Ақпан 2016

Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында соңғы он бір жылда тек он бір көшеге асфальт жамылғысы төселген. Ал, ауданда азық-түлік бағасы күн санап өсіп барады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудан басшысы Серік Шаңғұтовтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде өңірдегі олқылықтарға байланысты бірқатар сын-ескертпелерін айтты.

02 Ақпан 2016

Шалқар ауданында өндіріспен ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемі төмендеп кеткен. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ербол Данағұловтың есептік кездесуінде айтылды. Жиында тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және қоршаған ортаны жақсарту мәселелері талқыланды. Аудан басшысының есебіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков қатысты.

01 Ақпан 2016

Хромтау ауданының мүмкіндіктерін толық пайдаланып, жұмысты ширату керек. Бүгін аудан басшысының тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Өйткені, ауыл шаруашылығына қолайлы, өнеркәсіп өндірісі жолға қойылған өңірде жекелеген бағдарламалар толық орындалмай қалған. 

17 Қаңтар 2016

Ақтөбе облысында мал шаруашылығында аймақаралық ет кооперациясын құру және дамыту жөнінде кеңес өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Батыс Қазақстан. Қостанай облыстарының әкімдері мен еуропалық инвестор компания  өкілдері және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.

15 Қаңтар 2016

Облысымызға екі күндік жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін Хромтау ауданына барып, "Молочные истории" серіктестігінің репродуктор-шаруашылығымен танысты. Ал, түстен кейін облыстық әкімдік ғимаратында ауыл шаруашылығының түйіткілді мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өткізді.

03 Қаңтар 2016

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткен демалыста шұғыл жиын өткізді. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалардың және коммуналдық мекемелердің басшылары, аудан әкімдері алыс елді мекендер мен  ауыл-аймақтарда қалыптасқан жағдайды баяндады. Бердібек Сапарбаев жылумен, жарықпен және ауыз сумен тұрғындарды үздіксіз қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Сонымен қатар, облыс басшысы Хромтау бағытындағы тас жолда қалған көліктерді барып көріп, жүргізушілермен, жолаушылармен тілдесті.

11 Желтоқсан 2015

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев индустриалдандыру бағдарламасының 2015 жылғы қорытындысын шығарып, аймақтармен телекөпір арқылы байланысқа шықты. Еліміздің түкпір-түкпірінде Жалпы ұлттық телекөпiр арқылы 18 кәсіпорын ресми түрде іске қосылды. Астанамен аймақтарды тікелей жалғайтын жоба аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Ақтөбе облысы Алға ауданында "АкТеП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдеу комбинатының жұмысы басталды. Тақырыпты Серік Әбдібек толықтырады. 

04 Желтоқсан 2015

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Мавр Абдуллин Алға ауданының әкімі болып тағайындалды.  Аудан активіне өңірдің жаңа басшысын таныстыруға арнайы барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мавр Ерғалиұлының алдындағы мақсат-міндеттерін де айқындап берді. Ал, ауданды бұған дейін басқарған Асқар Шериязанов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

20 қараша 2015

Бүгін Мұғалжар ауданының Ақкемер және Алға ауданының Қарақұдық ауылдарына көгілдір отын беріле бастады. Елді мекен тұрғындары үшін үлкен қуанышқа айналған бұл шараларға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Енді екі мың шамалас халқы бар Ақкемер мен Қарақұдықтың сегіз жүзден астам тұрғыны отын тасып, күл шығарған бейнеттен арылды.

29 қазан 2015

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу облыстың әрбір ауданында қолға алынуы тиіс. Ұсақ шаруашылықтар біріктіріліп, бәсекеге қабілетті құрылымдарға айналуы керек. Бұл туралы кеше Ырғыз ауданында жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Аудан жұртшылығымен кездесуде ең өзекті әлеуметтік мәселелер туралы айтылып, өңірдің дамуы бойынша аудан басшылығына нақты тапсырмалар берілді. Тақырыпты Серік Әбдібек толықтырады.

28 қазан 2015

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудандарға жұмыс сапары жалғасуда. Кеше облыс басшысы Әйтеке би ауданында болды. 15 селолық округі бар аудан халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Облыстың ең астықты ауданы да  - осы Әйтеке би өңірі. Елдің тұрмыс-тіршілігімен жіті танысқан облыс әкімінің сапары қас қарайғанша жалғасып, аудан активінде қорытыланды. Жергілікті халықтың сауалдарына жауап берілді, облыстың даму жоспары баяндалды. Тақырыпты тілшіміз толықтырады. 

20 қазан 2015

Шетелдік компаниялар әлеуметтік жауапкершіліктен жалтармауы керек. Жергілікті халықтың жағдайын жасауға мүдделі. Мұғалжар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді. Осы кезге дейін басшы тұрмақ оның қосшыларының табаны тимеген Алтынды кен орнында болды. Жер асты шахтасына түсіп, қазылып жатқан қазынаны өз көзімен көрді. Ауылдарды аралап, тұрғындардың тұрмысын білді. Өтініш, тілектерін мұқият тыңдады. 

19 қазан 2015

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Шалқар ауданында болды. Көгілдір отын мен жол, Шалқар көлінің тартылуы және жұмыссыздық мәселелері – аудан халқының басты шағымдарының негізі. Көп мәселелерді өзі көрген облыс әкімі жуырда халықтың арыз-шағымдарын тексеру және өңірдің нақты даму көрсеткіштерін бағалау үшін Шалқар ауданына арнайы комиссия баратындығын айтты.

08 қазан 2015

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары Байғанин ауданында жалғасты. Бұл - облыс басшысы барған жетінші аудан. Өндірісті өңірде жылына 2 млн. тоннадан астам мұнай өндіріледі. Жұмысшылардың жағдайымен танысқан облыс әкімі мұнай өндірумен айналысатын компанияға  әлеуметтік жауапкершілікті міндеттеді. Ауданның бірқатар елді-мекендерін көріп, мектептердегі білім сапасын көтеруді тапсырды. Аудандық ауруханының жұмысына көңілі толмаған жұрттың пікіріне құлақ түрді. Жалпы актив жиынын өткізіп, барлық мәселелерге байыппен ден қойды. 

07 қазан 2015

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Темір ауданына барды. Ахуал айтарлықтай емес. Қараша жергілікті биліктің жұмысына наразы. Мұнайлы мекеннің халқы мұңлы. Мұқтаждықтың күйін кешіп отырғандары бар. Тұрғындар су, газ, жұмыссыздық мәселесін көтерді. Тәртіп пен тазалық та өзекті болып тұр. Әкім әлеуметтік нысандардағы ахуалды өз көзімен көрді.  Жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толмады. Облыс басшысын қара алтынның үстінде отырған аудан халқының бүгінгі тірлігі алаңдатты. Бірақ, жергілікті тұрғындардың өтініш-тілектері аяқасты қалмайтынын айтты.

02 қазан 2015

Облысымызда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар өтіп жатыр. Бұл тарихи маңызы зор шараларға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, еліміздің Астана, Алматы және басқа да қалаларынан, Ресей Федерациясынан делегациялар қатысуда. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы Ақтөбе өңірінде екі күнге жоспарланды. Кеше шаралардың көп бөлігі облыс орталығында өтсе, бүгін Әйтеке би ауданының Толыбай ауылында Әбілқайыр ханның мемориалды кешені ашылды.

29 қыркүйек 2015

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудандарға жұмыс сапары жалғасуда. Кеше, облыс басшысы мәртөк ауданында болып, елді-мекендер мен өңір орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Аудандағы мал шаруашылығы және кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысымен танысты. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың тұрмыстық жағдайларын білді.

23 қыркүйек 2015

Ақтөбе облысы әкімінің аудандарға сапары басталды. Кеше, Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болды. Алдымен, өңірге қарасты бірнеше ауылдардың әлеуметтік нысандары мен шаруашылық құрылымдарын аралап, жергілікті тұрғындармен де кездесті. Кейін, аудан орталығындағы ірі өндіріс ошақтарында болып, қазіргі жағдайдағы жұмыс барысымен танысты. Ал, кеншілер мәдениет үйінде өткен жиын барысында, елдің, облыстың бүгінгі жәй-күйі жөнінде баяндап, экономикалық дағдарыстан қысылмай шығу үшін аянбай еңбек ету керектігін айтты.