Жаңалықтар

03 Тамыз 2016

Ақтөбе облысында қазіргі таңда 9 білім беру нысаны салынып жатыр, олардың 7-уі биыл қолданысқа беріледі, деп хабарлайды "Ақтөбе ақпарат" орталығы.

03 Тамыз 2016

Ақтөбе облысының билігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында шаралар қолға алып келеді. Нəтижесінде дəстүрлі емес ағымда жүрген жүздеген адам райынан қайтты.  
Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінде əйелдер арасында теолог əйелдер дəріс оқитын, діни сауаттылықты көтеретін арнайы оқыту курстары ашылды. 

03 Тамыз 2016

Ақтөбе облысында сұйылтылған газға бағаның негізсіз жоғарылауына жол бермеу жөнінде меморандумға қол қойылды. Облыс басшылығының бастамасымен аталған құжатқа жергілікті билік органы, газ желілік ұйымдарының өкілдері мен газды бөлшектеп сату нарығының субъектілері арасында қол қойылып отыр.

03 Тамыз 2016

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың төрағалық етуімен қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік еңбек дауларын ескерту бойынша штабтың кезекті отырысы болып өтті.

Отырыс барысында жалақы бойынша берешегі бар 10 кәсіпорын жетекшісінің есептері тыңдалды.

03 Тамыз 2016

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Кореяда танысу сапарымен болды.

03 Тамыз 2016

26-27 шілдеде «Солнечный» демалыс базасында «Жас Актөбе» халықаралық жастар білім беру  форумы өтеді. Шараны ұйымдастырушы – «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының» тапсырысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік негізіндегі «Ақтөбе дамуы» қоғамдық фонды.

03 Тамыз 2016

Жетімдер мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған әлеуметтік үй облыс орталығының Кірпішті елді мекенінде салынады, оған «Сәби» қоғамдық қоры есебінен 1,2 млрд. теңге бөлінеді.

01 Тамыз 2016

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығына Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Асқар Шериязданов хабарлады.

01 Тамыз 2016

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев танысу мақсатында Кореяға сапар шекті.

Оңтүстік Кореяның іскер дәне мәдени орталығы Сеул қаласында Бердібек Сапарбаев Ёнсе Университетінің президенті Ким Енг Хак мырзамен кездесті.

1885 жылы негізі қаланған беделді оқу орны елдегі үздік үштікке енген.

27 Шiлде 2016

Ақтөбе қаласының өнеркәсіп аумағында орналасқан спирт өндірісі қалдықтарын жинайтын орынды рекультивациялау бойынша шаралар қолға алына бастады.

Аталған қалдық жинайтын орын жаз басталғанда жағымсыз иістің таралуына септігін тигізеді. Рекультивация жасалған соң, иіс мәселесі шешімін табады.