Жаңалықтар

01 қыркүйек 2016

1 қыркүйек күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының №3 мектебі мен №32 мектеп гимназиясының оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады.

31 Тамыз 2016

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен елді мекендерді газбен жабдықтау мәселесіне байланысты жиналыс өтті.

30 Тамыз 2016

Ақтөбе облысында Конституция күніне орай бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандар ашылды. Консерві өнімінің жаңа өндірісін іске қосуға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

30 Тамыз 2016

Бүгін Ақтөбенің тұрғындар көп шоғырланған елді мекендерінде  білім саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында екі орта мектеп пен балабақша ашылды. «Жарқын бала» мектепке дейінгі мекемесі Қарғалы ауылында өз есігін айқара ашты. Балабақша аумағы 1,3 га.болатын жерде орналасқан, қазіргі заманға сай, технологиялық және ойын құрал-жабдықтарымен жарақтанған.

30 Тамыз 2016

Конституция күніне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «КИК» АҚ желісі бойынша бағдарламаның қатысушыларына пәтер кілтін табыстады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы – бұл халықты қол жетімді баспанамен тиімді шарттар бойынша қамтамасыз ететін мемлекеттік механизмдердің бірі.

30 Тамыз 2016

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев workout алаңының ашылуына арналған шараға  қатысты.

Аймақ басшысы ақтөбеліктерді ҚР Конституция күнімен құттықтады.

30 Тамыз 2016

Аталмыш нысанды салған «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС компаниясы Ақтөбе қаласының тұрғындарын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда белсенді ат салысып келеді.

ЖШС директоры Дәулет Әлиев жаңа үй құрылысы комбинаты тұрғын үйді 100% қазақстандық мазмұнда салуға мүмкіндік беретінін айтты.

29 Тамыз 2016

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  және  Конституция күніне орай, «Ән-ғұмыр» республикалық ретро әндер фестивальі өтті. Шара облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Еліміздің әр өңірінен өнерпаздар қатысқан фестивальде ақтөбелік көрермендер қосыла шырқады.

29 Тамыз 2016

Облыс әкімдігінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды орындауға қатысты мәселелер талқыланған жиналыс қаржыландыөтті.

29 Тамыз 2016

Облыс әкімдігінің ресми сайты өзгерді. Бұл туралы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Олжас Смағұлов хабарлады.