«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары (уақытша, негізгі қызметкердің 06.01.2020 ж. дейін жүктілікке және босануына байланысты демалыста болу мерзіміне), D-О-2 санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, 932076, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары (уақытша, негізгі қызметкердің 06.01.2020 ж. дейін жүктілікке және босануына байланысты демалыста болу мерзіміне), D-О-2 санаты, индексі (№ 1-3), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 163 166,34  теңгеден  220 681,59  теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде халықтың әлеуметтік осал топтарына, кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін көрсету мәселелерін іске асыруды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру. Жетекшілік ететін бағыты бойынша аудандық, қалалық халықты жұмыспен қамту орталықтарының, қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмысын үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан еңбекке қабілетті адамдардың үлесі  бойынша аумақтарды дамыту Бағдарламасының нысаналы индикаторларының тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша жұмысты үйлестіру. Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру, әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асыру: көп балалы отбасыларға арналған гранттар мен микрокредиттер (ауылдағы көп балалы отбасыларға жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар, ауылдағы көп балалы аналар мен мүгедек тұлғалар қатарындағы кәсіпкерлерге шағын кредит беру); бір реттік әлеуметтік көмек; үйде әлеуметтік жұмыс орындарын құру және көп балалы аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту, еңбекке қабілетті барлық АӘК алушылар үшін жұмыспен қамту шараларымен қамту (оқыту, жұмысқа орналастыру, жастар тәжірибесі, гранттар мен микрокредиттер). Жетекшілік ететін бағыттар бойынша басқарманың "ашық деректер" веб-порталы egov.kz, әлеуметтік желілер (facebook.com, vk.com, instagram.com), веб-сайтында (social.aktobe.gov.kz) уақытында ақпараттық толықтыру, жаңарту бойынша жетекшілік ететін бейінді бөлімдердің жұмыстарын үйлестіру  және бақылауды жүзеге асыру; Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру, әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асыру. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың өтініштерін қарау және жетекшілік ететін бағыты бойынша қажетті шаралар қабылдау; Жетекшілік ететін бағыты бойынша Басқарма қызметінің негізгі бағыттарымен мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүргізуге байланысты Басқарма атынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде БАҚ-та, теледидарда, интернет ресурстарда, әлеуметтік желілерде көпшілік алдында сөз сөйлеуді жүзеге асыру; Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес  басқармаға жүктелуі мүмкін және Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, орталық атқарушы органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерімен, Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдіктерімен, жергілікті атқарушы органдармен, "Атамекен" Ақтөбе облысы бойынша ҰКП, "Ақтөбе облысының Кәсіподақ Орталығы" ТОП, үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен және басқа да ұйымдармен жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әрекет ету; «Е-Халық», «Әлеуметтік көмек»,«Е-собес»ААЖ-і, аз қамтылған отбасыларына мониторинг жүргізу және  әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің және әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары  бойынша  жұмыстарды үйлестіру; Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның, Ақтөбе облысының көп балалы отбасыларының және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын мониторингілеу жөніндегі штабтың жұмысын үйлестіру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі бойынша талаптар;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, Қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, Әлемдік экономика), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), білім (құқық және экономика негіздері), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат

кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен  құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну  конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
01.10.2019 - 08:56
Соңғы өзгерiстер: 
03.10.2019 - 08:57