«Ақтөбе облысының деңсаулық сақтау басқармасы» ММ емдеу алдын-алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік, №2-6.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)932130, 564921, 932076, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысының деңсаулық сақтау басқармасы» ММ емдеу алдын-алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік, №2-6.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108 358,73 теңгеден 146 088,73 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: тұрғындардың қоғамдық денсаулығын басқару бойынша Ақтөбе облысында іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингтеу; инфекциялық және негізгі инфекциялық ауруларды, оның ішінде психикалық денсаулық бұзылысы мен зақымдануды эпидемиологиялық мониторингтеу мен талдауды ұйымдастыру; БМСК мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтер) бірге ведомствоаралық өзара әрекеттесу негізінде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру; қоршаған ортаның түрлі факторларының, дұрыс тамақтанбаудың, мінез-құлық қауіптерінің зиянды ықпалының алдын-алу мен азайту бойынша іс-шараларды арттыру және тұрғындарды қатыстыру; Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығын қорғауға бағытталған сектораралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, үйлестіру, кеңейту, денсаулық сақтаудағы құқықтық нормалар мен заңнаманың сақталуын бақылау; НИЗ алдын-алу бойынша іс-қимылдардың Жаһандық жоспарына сәйкес аурулардың дамуын болжау мен модельдеудің халықаралық жүйелерді енгізу; Ұлттық скринингтік бағдарлама, Ұлттық иммунизациялық бағдарлама бойынша іс-шаралар саласында іске асыру және мониторингтеу; облыс тұрғындарын диспансерлеу бойынша іс-шараларды үйлестіру және мониторингтеу; талдау материалдарын, денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясы филиалының және басқа органдардың жиналыстық іс-шараларға баяндамаларды

ұсыну; олардың құзыреттерінің шеңберінде шығарылған басқарма басшысы мен оның орынбасарларының бұйрықтары мен шешімдерін және жоғарғы органдар мен лауазымды тұлғалардың нұсқауларын орындау; заңды және жеке тұлғалардың жүгінулерін, мемлекеттік және басқа органдардан хаттарды қарау және мемлекетпен белгіленген мерзімдерде жауап ұсыну.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамассыз ету (медицина), жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медико-профилактикалық іс саласындағы білім.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінеӘбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
03.09.2019 - 07:51
Соңғы өзгерiстер: 
03.09.2019 - 07:51