«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ маркетинг және инвестиция бөлімінің басшысы D-O-3 санаты (1 бірлік) № 11-1.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, 932076, e-mail:e.kuntazin@aktobe.gov.kz мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ маркетинг және инвестиция бөлімінің басшысы D-O-3 санаты (1 бірлік) № 11-1.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 126 357 теңгеден 170 599 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Маркетинг, қайта өңдеу саласында біріккен мемлекеттік және аймақтық саясат жүргізу бойынша жұмыстарды жоспарлы ұйымдастырады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы кооперация және инвестициялық бөліміне жалпы басшылық жасайды. «Агробизнес 2021» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша бөлімнің құзыретін кіретін бағыттарына сәйкес жұмыстарын және 2015 жылғы 29 қазандағы «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңың іске асыруын атқарады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруын, қадағалайды. Маркетинг, қайта өңдеу қызметін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын дайындауға, өткізу рыногін дамытуға, нарық қатынастары инфрақұрылымдарын қалыптастыруға басшылық етеді. Облыстың ауыл шаруашылығы, кәсіпорындар, фермерлер бойынша бизнес-жоспарлар, стратегиялық жоспарлар нормативтік актілердің маркетингтік сараптамасын ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығында маркетингтік, қайта өңдеумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Тұтыну нарықтағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штабтың отырыстарының күн тәртібінде қарауға ұсыныстар береді. Аумақтық азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорының құрылуын қадағалау және осы қордың басқару комиссиясының жұмысын қамтамасыздандырады. Бөлім жұмысына қатысты бюджеттік бағдарламалар

бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындайды, мемлекеттік сатып алуды дайындап өткізеді, жұмыстарына қатысуға бөлінген қаржыны игеруіне бақылау жасайды.

Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша тапсырыс берушілермен, жабдықтаушылармен және жобалаушы ұйымдармен бірігіп өткізілетін шұғыл мәжілістерге қатысады. Маркетинг, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы кооперациясы жүйесін дамыту бойынша бюджеттік жобаларды (бағдарламаларды) құрастырады. Инвестициялық субсидия беру, ауыл шаруашылығы кооперативтердің жұмысын жаңдандыру ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартылуын ұйымдщастырады, орындалуына талдау жасапқамтамасыз етеді. Инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Өз бөліміне қатысты оперативтік және статистикалық есептерінің уақытылы және дұрыс тапсырылуына жауап береді, талдау жүргізіп, қорытындылайды. Басқарманың интернет сайтына жариялауға материал дайындайды.

Компьютерлік жабдықтарды (қажетті бағдарламаларды) жарақтылықта ұстауды қамтамасыз етеді. Қызметкерлермен жұмыс жасау, Word, Excel, E-mail, Internet, бағдарламаларымен компьютерде жұмыс жасау тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді білуі. Байланысқа бейімділік, ынтагерлік, командада жұмыс жасау, орындаушылық, дәреже сатысын және қызметтік тәртіпті сақтау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология (сала бойынша), азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша), ауыл шаруашылығы ғылымдары (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы).

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
23.07.2019 - 11:25
Соңғы өзгерiстер: 
23.07.2019 - 11:25