«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы санаты D-O-4, (1 бірлік) № 4-4.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, 932076, e-mail:t.sadirov@aktobe.gov.kz, e.kuntazin@aktobe.gov.kz мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы санаты D-O-4, (1 бірлік) № 4-4.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Мал шаруашылығында инновациялық тәжірибені енгізуге және таратуға бөлінген бюджеттік қаражаттың игерілуін ұйымдастырады. Мал шаруашылығын дамытуды қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалардың әзірленуіне қатысады. Сұратылған есептерге сәйкес талдаулар жүргізеді және тиісті ұсыныс енгізеді. Басқарма мәжілісіне материалдар, облыс әкімдігінің қаулылары мен облыс әкімінің өкімдерінің, басқарма бұйрықтарының жобаларын, талдамалы материалдарды дайындайды, лауазымдық міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша хат алмасуды жүргізеді. Ауыл шаруашылығын тауар өндірушілеріне екінші дәрежедегі банктер арқылы несиелендіруге бизнес-жобалардың жасақтауда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді, барынша басымды жобаларды іріктеуге қатысады. Салалық бағдарламалар бойынша іс-шаралар ұйымдастырады және осы бағдарламалардың орындалуына дербес жауапты. Субсидиялау және тұқымдық түрлендіру мәселелері бойынша ақпараттық талдау жүйесінің (АТЖ) өз деңгейінде жүргізілуін, ондағы деректерді бақылауға алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша регламенттердің уақытында жасақтайды және дербес жауапты. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру желісін құру мәселесімен айналысады. Аудандардың (қалалық) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен және ауылдық округ әкімдерімен бірге қолдан ұрықтандыру пунктерін ашуға, техник-ұрықтандырушы кадрларды даярлықтан және қайта дайындықтан өткізілуіне қатысады. Басқарманың интернет сайтына жариялауға материал

дайындайды. Компьютерлік жабдықтарды (қажетті бағдарламаларды) жарақтылықта ұстауды қамтамасыз етеді. Бөлімдегі іс-құжаттарын жүргізеді және оның сапасына, уақытылы жауап қайтарылуына, орындалуына дербес жауап береді. Бөлім құзырына қатысты басқа да тапсырмаларды әзірлейді. Word, Excel, E-mail, Internet, бағдарламаларымен компьютерде жұмыс жасау тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді білуі. Байланысқа бейімділік, ынтагерлік, командада жұмыс жасау, орындаушылық, дәреже сатысын және қызметтік тәртіпті сақтау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; ауыл шаруашылық ғылымдары (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, зоотехния), ветеринария (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология).

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

___________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
23.07.2019 - 11:18
Соңғы өзгерiстер: 
23.07.2019 - 11:18