«Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы» ММ қазақстандық қамту және инновациялық қызметті дамыту бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 01.05.2020 жылға дейін бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне), D-О-3 санаты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, 932076, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

 

«Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы» ММ қазақстандық қамту және инновациялық қызметті дамыту бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 01.05.2020 жылға дейін бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне), D-О-3 санаты, индексі № 06-1, 1 бірлік.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 126 383,13 теңгеден 170 545,99 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Басқарманың қазақстандық қамту және инновациялық даму бөліміне жалпы басшылық жүргізеді.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында экономикалық ынтымақтастық жоспарының тармақтарын орындалуын іске асыру, Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы өңірлерінің арасында келісім тармақтары бойынша қарым қатынас, сонымен қатар үкіметаралық комиссияның тармақтарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Келісімшарттық міндеттемелерді қарау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құзыретіне қатысты облыстардың стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға жетекшілік жасайды.

Облыстың сыртқы сауда әлеуметтік экономикалық көрсеткіш дамыту бойынша импорттық - экспорттық әлеуетін мониторинг жүргізеді.

Инновациялық жобалардың, ғылыми-техникалық және технологиялық ұсыныстар мен кәсіпорындардың, университеттердің сұранымдарының дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

Белгіленген тәртіпте аналитикалық есептерді дайындау мен ұсынуды бақылауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан делегациялардың кездесулері мен қабылдауларын бақылайды;

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мекемелерде халықаралық стандарттарды енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыруға байланысты материалдарды, ақпараттарды, есептерді дайындауды және ұсынуды бақылауды жүзеге асырады;

Ғылыми, техникалық және технологиялық әзірлемелерді белсенді түрде алға жылжыту және енгізу мақсатында ірі және орта бизнеспен өзара әрекеттесуді бақылайды;

Инновациялық мәселелер бойынша ақпараттық және консультациялық және басқа да қолдауды қамтамасыз етеді;

Инновациялық қызметті арттыруға бағытталған конкурстық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;

Өңірдегі жаңа өндірістерді ықтимал ұйымдастыруды кейіннен өнеркәсіп өнімдерін өндіру мен тұтыну балансын талдауды жүзеге асырады;

Бұқаралық ақпарат құралдарында инновациялар мен ынтымақтастық мәселелерін жариялауды ұйымдастырады;

Кәсіпорындармен өнеркәсіп өнімдерін өндіру мен тұтыну балансын талдау жүргізуде өзара жұмыс істейді

Кәсіпорындар арасында «Қазақстанды қамту» ақпараттық жүйесінде мәліметтерді орналастыру бойынша іс қимылды қамтамасыз етеді.

Шетелдік және жергілікті кәсіпорындардың жергілікті мазмұны мен іс-қимылын дамытып, талдап және мониторинг жүргізіп отырады.

Шет елдердің, облыстың экспорттық-импорттық әлеуетін тиімді пайдалану, нарық саласындағы тауар өндірушілердің экспортын, географиясын кеңейту, өңірлерімен өзара тиімді байланыстарды облысының өңіраралық интеграциялық дамуына өз үлесін қосуда.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандық қамту бойынша мәселелерін жариялауды ұйымдастырады.

Индустриялық-инновациялық даму динамикасын рейтинтгтік бағалау көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді.

Ірі және орта бизнестердің арасында өзара ғылыми техникалық және технологиялық әзірлемелерді іске асыру мақсатында жүргізілетін іс қимылды қадағалау. Базалық деректерді, ғылыми-техникалық және технологиялық ұсыныстар мен кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының сұрауларын қамтамасыз етеді.

Инновациялық мақсатта ақпараттық кеңес беруге көмек корсету.

Бұқаралық ақпарат құралдарында инновациялық даму мәселелерін бойынша жариялауды ұйымдастырады.

Басқарманың веб-сайтында бөлімнің өткізген іс-шаралары туралы ақпаратты уақтылы орналастыруды қамтамасыз етеді.

Қызметкермен жұмыс жасау тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс жасай білуі.

Тіл тапқыштық, жігерлілік, топта жұмыс жасай білуі, атқарғыштық, қызмет бабындағы сыйластық пен еңбек тәртібін ұстануы.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша).

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінеӘбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-

жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
15.07.2019 - 07:16
Соңғы өзгерiстер: 
22.07.2019 - 07:17