«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, е-mail: a.ryspaeva@aktobe.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ аймақтық дамуды жоспарлау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1 бірлік (№12/4).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты - 83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының іске асырылу барысын бақылау. Облыстағы шекара маңындағы елді-мекендердің дамуы бойынша талдау жүргізеді. Облыс әкімінің отырыстарына және жиналыстарына басшылыққа алу үшін аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы туралы аналитикалық материалдар дайындауға қатысады. Ауылдық аймақтардың даму сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға уақытылы ақпарат беруді жүзеге асырады. Мемлекет басшысының және ҚР Үкіметінің өз құзіретіне қатысты хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Облыс әкімінің есебіне арналған материалдар дайындайды (тезистер, стендттық материалдар, слайдттар, брошюралар және т.б). Басқармаға заңды және жеке тұлғалардан түскен шағымдар мен арыздарға уақытылы жауап дайындайды. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша жоспарлар, бағдарламалар, анықтамалық-аналитикалық материалдар, есептер мен ұсыныстар дайындайды. Облыстағы стратегиялық және ұзақ мерзімді бағдарламалар мониторигіне қатысады. ҚР Министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға өз құзіретіне сай ақпараттың уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді және жүргізеді. Басқарма басшының тапсырмасымен жоспарлар, бағдарламалар, анықтамалық-аналитикалық материалдар, есептер мен ұсыныстар дайындап, басшыға бекітуге енгізеді. ҚР Елбасының және Үкіметінің тапсырмаларын орындау бойынша

бағдарламалар, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы Үкіметі және министрлік деңгейінде өз құзіретіне қатысты бағдарламалардың іс-шараларын орындауда негізгі бағыттарды білу керек. Экономика негіздері саласын білу есебінен, талдаулар арқылы облыстың дамуына экономикалық әсерлерін анықтау. Бөлім құзіреті шегінде жұмыс барысында талап етілетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және өзгеде заңнамаларын білу. Өзінің қызметтерін СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру қажет. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік тілді білуі және Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша компьютерде істеу білуі керек.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінеӘбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыстелефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 2019 ж.

Қосылды: 
26.06.2019 - 07:19
Соңғы өзгерiстер: 
01.07.2019 - 07:20