«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, е-mail: a.ryspaeva@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Ақтөбе облысының деңсаулық сақтау басқармасы» ММ Емдеу алдын-алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік, №2-6.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108358,73 теңгеден 146088,73 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: тұрғындардың қоғамдық денсаулығын басқару бойынша Ақтөбе облысында іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингтеу; инфекциялық және негізгі инфекциялық ауруларды, оның ішінде психикалық денсаулық бұзылысы мен зақымдануды эпидемиологиялық мониторингтеу мен талдауды ұйымдастыру; БМСК мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтер) бірге ведомствоаралық өзара әрекеттесу негізінде салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру; қоршаған ортаның түрлі факторларының, дұрыс тамақтанбаудың, мінез-құлық қауіптерінің зиянды ықпалының алдын-алу мен азайту бойынша іс-шараларды арттыру және тұрғындарды қатыстыру; Ақтөбе облысы тұрғындарының денсаулығын қорғауға бағытталған сектораралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, үйлестіру, кеңейту, денсаулық сақтаудағы құқықтық нормалар мен заңнаманың сақталуын бақылау; НИЗ алдын-алу бойынша іс-қимылдардың Жаһандық жоспарына сәйкес аурулардың дамуын болжау мен модельдеудің халықаралық жүйелерді енгізу; Ұлттық скринингтік бағдарлама, Ұлттық иммунизациялық бағдарлама бойынша іс-шаралар саласында іске асыру және мониторингтеу; облыс тұрғындарын диспансерлеу бойынша іс-шараларды үйлестіру және мониторингтеу; талдау материалдарын, денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясы

филиалының және басқа органдардың жиналыстық іс-шараларға баяндамаларды ұсыну; олардың құзыреттерінің шеңберінде шығарылған басқарма басшысы мен оның орынбасарларының бұйрықтары мен шешімдерін және жоғарғы органдар мен лауазымды тұлғалардың нұсқауларын орындау; заңды және жеке тұлғалардың жүгінулерін, мемлекеттік және басқа органдардан хаттарды қарау және мемлекетпен белгіленген мерзімдерде жауап ұсыну.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамассыз ету (медицина), жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медико-профилактикалық іс.

 

2. «Ақтөбе облысының деңсаулық сақтау басқармасы» ММ Емдеу алдын-алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік, №2-7.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108358,73 теңгеден 146088,73 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің прекурсорлар мен психотроптық және есірткілік заттар, дәрі-дәрмектер, акцизсыз этил спиртін пайдалану туралы мәліметтерді, өмірлік қажетті дәрі-дәрмектерге уақытылы мәлімдеме беруін қамтамасыз ету және ұйымдастыру; республикалық бюджеттен алынатын акцизсыз этил спирттінің, дәрі-дәрмектер мен психотроптық және есірткілік заттардың пайдаланылуы туралы есеп беруді уақытылы тапсыруын бақылау және ұйымдастыру; өткізілген сатып алулар туралы есеп жүргізу; облыс бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысын бақылау, талдау, есепке алу; шағымдармен жұмыс жасау; дәрі-дәрмектердің толық жетуін қадағалау, тексеру, талдау жасау; емдеу ұйымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; дәрілік заттарды (фармацевтикалық қызмет) сатып алуды өткізу; дербес компьютермен жұмыс істей білу; дәрілік заттардың жарамдылық мерзімі туралы ақпарат қалыптастыру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамассыз ету (медицина), фармация.

 

 

3. «Ақтөбе облысының деңсаулық сақтау басқармасы» ММ Ана мен бала денсаулығын қорғау және вакцинамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік, №3-3.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108358,73 теңгеден 146088,73 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: аурулардың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды өткізу және жетілдіру; медициналық көмектің сапасын және тиімділігін арттыру, аурулардың ерте кезеңдерінен анықтау; кешендік бағдарламалар жетілдіруге қатысу, емдеу алдын-алу көмектерін жетілдіру және жақсарту үшін бөлімшелер жұмыстарын талдау және зерттеу; мектеп медицина қызметін жетілдіруге қатысу, зерделеу, бақылау, талдау; емдеу және зерттеудің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізуді бақылау; кепілді көмекті жоспарлы көлемнің жұмыстарын ұйымдастырады; жасөспірімдер мен әйелдерге және балаларға тегін медициналық көмек; тұрғындарды алдын-ала егу жұмыстарын үйлестіреді; жетім балаларға медициналық көмек беру, мүмкіндіктері шектеулі және мүгедек балаларға медициналық оңалту жұмыстарын үйлестіреді; мамандандырылған қызметтерді жетілдіру және дамыту бойынша жоспарларды жетілдіру, денсаулық сақтаудың кешендік жоспарына ұсыныстар енгізу; квота бойынша емделуші науқастарды рәсімдеу; азаматтардың шағым және жүгінулерін қарау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамассыз ету (медицина), жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау.

 

 

4. «Ақтөбе облысының деңсаулық сақтау басқармасы» ММ Персоналды басқару қызметі және жұмылдыру жұмысы бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік, №4-3.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108358,73 теңгеден 146088,73 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: мобилизациялық дайындық және мобилизация, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардағы медициналық қызмет жөніндегі облыс және облыстық денсаулық сақтау жүйесіндегі органдар мен ұйымдардың жұмысын даярлау және үйлестіру; өз құзыры көлемінде басқарманың мобилизациялық жоспарын, сонымен қатар мобилизациялық тапсырмасы бар ұйымдар мен ведомстволық бағыныстағы органдардың осындай жоспарларды жасауға қатысу; мобилизациялық дайындық пен мобилизацияға қатысты ҚР заңдары мен нормативтік актілерінің облыстық денсаулық сақтау жүйесінде орындалуын қамтамасыз ету; мобилизациялық органдардың қызметкерлерін оқытуға сұраныс дайындау; мобилизациялық дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізу; оның өткізілуін және практикалық көмек берілуін бақылау; әскери міндетті азаматтарды брондауды, сонымен қатар ҚР әскери күштері қатарына, басқа әскерге және әскери құрылымдарға шақыруға қатысты медициналық ұйымдардың қызметкерлерін алмастыру жоспарын құруын ұйымдастыру және бақылау; облыстық азаматтық қорғанысының медициналық қызметінің жұмысын жүргізеді; өзінің құзыреттілігіндегі азаматтық қорғаныс бойынша бейбіт және әскери уақытқа жоспар құрады; облыстық азаматтық

қорғанысының медициналық қызметінің оқу жоспарына байланыстышаралар құрады және жүзеге асырады; облыстық азаматтық қорғаныс бойынша жүргізілген жұмыс туралы жыл сайын есеп беріп тұрады; антитеррористік ұйымдармен бірігіп өткізілген оқу жұмыстарына қатысады; антитеррористік және діни тақырыптар бойынша облыстық әкімшілік пен ҰҚК департаментімен бірігіп жұмыс жүргізеді; күзетуді қажет ететін тұлғалар келгенде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу; мобилизациялық қызметтің жұмысына жауап береді; мобилизациялық резервтің сақталуына жауап береді; «Арнайы медициналық база» ММ қызметіне жауап береді; мобилизациялық қызметі бойынша іс жүргізуге жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамассыз ету (медицина) жалпы медицина), құқық.

 

5. «Ақтөбе облысының деңсаулық сақтау басқармасы» ММ Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік, №5-3 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болуына байланысты).

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108358,73 теңгеден 146088,73 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша тоқсандық декларация жасау және тапсыру; аванстық есептер мен №8 мемориалдық ордерін жүргізу; түсініктеме жазбахатын қоса алғанда кредиторлық және дебиторлық бережақтар бойынша есеп жүргізу, қабылдау, және тексеру; актив есебін жүргізу, кіріс және шығыс активін есептеу тіркелімінде уақытылы көрсету және жүргізу; объектінің сипаттамасын көрсете отырып түгендеу карточкасын толтыру; негізгі құралдардың тозуын есептеу; құны аз және тез тозатын заттарды анықтау және бухгалтерлік есепте көрсету; Ақтөбе облысының қаржы басқармасына түгендеу нәтижесі туралы ақпарат беру; бюджет шотындағы қаржы қозғалысы бойынша жинақ ведомствасы туралы №2 мемориалдық ордерін жүргізу; еңбек көрсеткіштері мен еңбек ақы бойынша есеп жүргізу және облыстық статистика басқармасына есеп тапсыру; басқарма аппараты бойынша шарттарды толтыру және оларды қазынашылық органына ұсыну және тіркеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (есеп және аудит, қаржы, экономика.

 

 

 

6. «Ақтөбе облысының деңсаулық сақтау басқармасы» ММ экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, D-0-4 санаты, 1 бірлік, №7-5.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108358,73 теңгеден 146088,73 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: облыстық мәслихатқа медициналық мекемелердің құрылысы, күрделі және ағымдағы жөндеуге қажетті қаражатты бөлу үшін бюджеттік өтінімді әзірлеу. Республикалық даму бюджеті бойынша өтінімдерді даярлау; мемлекеттік жекешілік - әріптестік жобаларын ұйымдастыру, орындау, даярлау, Мемлекеттік жекешілік-әріптестік жобаларына қатысты бюджеттік өтінімдерді даярлау; бөлімге қатысты облыс әкімдігінің, министрліктің кешенді жоспарын орындау, қажетті ұсыныстар мен өзгерістерді енгізу; бөлімге келіп түскен хаттарға уақтылы жауап беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы).

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесімен немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына

құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-

жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты,

Қосылды: 
26.06.2019 - 07:09
Соңғы өзгерiстер: 
01.07.2019 - 07:10