«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік

қызметшілері арасында уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932089, 564921, факс: 8(7132) 932076, е-mail: g.nizarova@aktobe.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

"Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, БАҚ және ақпараттық жүйелерді бағдарламалық сүйемелдеу бөлімінің бас маманы D-О-4, 1 бірлік, № 9-2, уақытша (негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне)

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83353 теңгеден 112376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметі туралы ақпаратты сұрайтын және (немесе) пайдаланатын нақты және қажетті ақпаратты басқарма қызметінің саласы туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды (мәліметтер, әдістемелік әзірлемелер, инфографикалар, статистикалық, аналитикалық және басқа материалдар) басқарманың құзыретіне жататын, сондай-ақ оның қызмет мәселелері бойынша басқарма алған немесе құрған тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді заңды және жеке тұлғаларға ұсыну; Басқарманың құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша басқарманың "ашық деректер" веб-порталы egov.kz, әлеуметтік желілер (facebook.com, vk.com, instagram.com), веб-сайтында (social.aktobe.gov.kz) уақытында ақпараттық толықтыру, жаңарту бойынша бақылауды жүзеге асыру, жұмысты ұйымдастыру және жүргізу; Өңірлік, республикалық БАҚ, теле-радиоарналармен, әлеуметтік желілермен, соның ішінде басқарма атынан Басқарма құзыретіне жататын мәселелер туралы, сондай-ақ оның қызметі бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеумен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Басқарманың медиа-жоспарын әзірлеу, ұйымдастыру, орындау және бақылау жұмыстарын жүргізу; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер, сондай-ақ

оның қызметі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат, түсініктемелер, жарияланымдар дайындау, жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты, сондай-ақ оның қызметін барынша толық және кең тарату, оның ішінде осы жұмыс бойынша журналистерге және БАҚ-тың басқа да өкілдеріне жәрдем көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу; ҚР ЕжХӘҚМ, Ақтөбе облысы әкімдігінің, басқарманың лауазымдық тұлғаларымен және ведомстволық бағынысты мекемелерінің, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мекемелердің БАҚ өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерді, сұхбаттарды, кездесулер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; Басқарманың интернет-ресурсы қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді қайта жаңарту, дизайнды жетілдіру, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу; Ақпаратты пайдаланушылардың келіп түскен сұрауларына уақтылы жауап дайындау; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша, сондай-ақ оның қызметі және (немесе) оның бірінші басшысы туралы басқарманың веб-сайтында (social.aktobe.gov.kz), әлеуметтік желілерде (facebook.com, vk.com, instagram.com), "ашық деректер" веб-порталы egov.kz басқарманың интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру; Интернет-ресурстарда, теле-радиоарналарда, әлеуметтік жауап желілерін қоса алғанда, республикалық, өңірлік БАҚ-да, басқарманың құзыретіне жататын басқармаға жіберілген бейтарап, оң, сыни пікірлер, мақалалар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша басқарманың пікірлерін, сондай-ақ оның қызметі туралы ақпараттарды уақтылы орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу; Облыстың медиа-гридіне қосу үшін нысан бойынша (күні, уақыты, өткізу орны, ұйымдастырушылар мен байланыстар, мақсаттары мен міндеттері, негізгі месседждер, спикерлер (лауазымы, байланыс деректері, әсері) іс-шараларды жоспарлау жөніндегі жұмысты қоса алғанда, басқарманың баспасөз хатшысының функцияларын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе заңды күшіне енген сот актілерімен тыйым салынған немесе басқаша түрде таратылуына шектелген ақпаратты қоспағанда, басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты барынша ашуға ықпал ететін өзге де функцияларды, сондай-ақ оның қызметін жүзеге асыру. Бөлімнің Ережесіне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

 

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; білім (тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті), гуманитарлық ғылымдар (филология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қоғамдық байланыс, журналистика, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,

адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінеӘбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыстелефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
18.06.2019 - 16:12
Соңғы өзгерiстер: 
19.06.2019 - 16:14