«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішк

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, факс: 8(7132) 932076, е-mail: a.ryspaeva@aktobe.gov.kz, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» ММ аймақтық дамуды жоспарлау бөлімінің бас маманы D-O-4 санаты 1 бірлік (№12/4).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты-

83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының іске асырылу барысын бақылау. Облыстағы шекара маңындағы елді-мекендердің дамуы бойынша талдау жүргізеді. Облыс әкімінің отырыстарына және жиналыстарына басшылыққа алу үшін аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы туралы аналитикалық материалдар дайындауға қатысады. Ауылдық аймақтардың даму сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға уақытылы ақпарат беруді жүзеге асырады. Мемлекет басшысының және ҚР Үкіметінің өз құзіретіне қатысты хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды. Облыс әкімінің есебіне арналған материалдар дайындайды (тезистер, стендттық материалдар, слайдттар, брошюралар және т.б). Басқармаға заңды және жеке тұлғалардан түскен шағымдар мен арыздарға уақытылы жауап дайындайды. Бөлім басшысының тапсырмасы бойынша жоспарлар, бағдарламалар, анықтамалық-аналитикалық материалдар, есептер мен ұсыныстар дайындайды. Облыстағы стратегиялық және ұзақ мерзімді бағдарламалар мониторигіне қатысады. ҚР Министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға өз құзіретіне сай ақпараттың уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді және жүргізеді. Басқарма басшының тапсырмасымен жоспарлар, бағдарламалар, анықтамалық-аналитикалық материалдар, есептер мен ұсыныстар дайындап, басшыға бекітуге енгізеді. ҚР Елбасының және Үкіметінің тапсырмаларын орындау бойынша бағдарламалар, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы Үкіметі және министрлік деңгейінде өз құзіретіне қатысты бағдарламалардың іс-шараларын орындауда негізгі бағыттарды білу керек. Экономика негіздері саласын білу есебінен, талдаулар арқылы облыстың дамуына экономикалық әсерлерін анықтау. Бөлім құзіреті шегінде

жұмыс барысында талап етілетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және өзгеде заңнамаларын білу. Өзінің қызметтерін СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру қажет. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік тілді білуі және Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша компьютерде істеу білуі керек.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, жоғары білім – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ мемлекеттік жеке әріптестікті дамыту бөлімінің бас маманы D-O-4 санаты (№14/2) (уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 14.01.2021 жылға дейін), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты- 83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберіндегі субъектердің жарғылық капиталына қатысу шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар бойынша орта мерзімді кезеңге арналған бюджетті және кезеңді қаржы жылына арналған жобаларды құру; МЖӘ шеңберінде және концессия шеңберінде іске асырылатын коммуналдық меншіктегі объектілерді және МЖӘ жобалар тізімін қалыптастыру; МЖӘ жобалары бойынша қаржы-экономикалық негіздемесі мен техника-экономикалық бағалауды және экономикалық сараптаманы түзету, әзірлеу үшін, іске асырыралатын арнайы мекемелерді шақырту; МЖӘ арқылы іске асырылатын жобалар бойынша тұжырымдаманы, конкурстық құжаттаманы және келісім-шарттардың жобаларын әзірлеу және сараптау қызметтерін қаржыландыру арқылы бюджеттік өтінімдерді қарау, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау;Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен және МЖӘ жобасының тұжырымдамасы бойынша жергілікті бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздері бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;МЖӘ жобалары және концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындау, конкурстық құжаттамалар, оның ішінде оған

өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, конкурсқа қатысушылардың конкурсқа қатысуға берген концессиялық өтінімдері мен концессионерді, МЖӘ келісім-шарттарының жобаларын және концессияларды таңдау кезінде, оның ішінде МЖӘ және концессиялық келісім-шарттарда коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейін концессия объектісін құру (реконструкциялау) және оларды тиісті бюджеттік комиссияға енгізу; МЖӘ басымдылықтарының басым жобаларының тізбесін қалыптастыру;МЖӘ жобалары үшін облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін шығыс лимиттерін айқындау;МЖӘ саласындағы мемлекеттік саясаттың құзыреті шегінде оларды іске асыру; Жоғарғы органдардың, облыс әкімдігінің өтініші бойынша ай сайынғы және тоқсандық есептерді дайындау;жоғары тұрған органдардың, облыстық әкімдіктің тапсырмалары бойынша ақпарат дайындау; МЖӘ дамыту аясындағы қолданыстағы ҰЭТ-на өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды талдау және дайындау;Жоғары басқарушы органдармен, облыс әкімі аппаратымен, жергілікті атқарушы органдармен, заңды тұлғалармен және жеке тұлғалармен департамент қызметіне хат алмасу;Бөлім қызметіне қатысты заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; Өз құзыреті шегінде басқарманың атынан сот процестеріне қатысады. Кафедра мен кафедра басшылығының сөйлеген сөздері бойынша материалдарды дайындау;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.Өзінің қызметтерін СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру қажет. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік тілді білуі және Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша компьютерде істеу білуі керек.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, жоғары білім – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-сінде өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
29.05.2019 - 07:45
Соңғы өзгерiстер: 
29.05.2019 - 07:45