«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішк

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы,

Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, факс: 8(7132) 932076, е-mail: a.ryspaeva@aktobe.gov.kz, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» ММ әкімшілік-қаржылық бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (№13/1), 1 бірлік (уақытша негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 18.02.2021 жылға дейін).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109 898 теңгеден 148 300 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысының барлық қызметіне басшылық жасайды және жұмысын ұйымдастырады. Тиімділікті арттыру және ұсталымдарды қысқарту бойынша бөлім жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, жұмыс уақытын рационалды түрде пайдалану, құжаттарды дайындау ережелері талаптарына сәйкес тапсырмаларды және уақытылы орындау жүргізеді. Басқарма бөлімдерінде ішкі бақылау қызметі бойынша жұмыстарды бақылайды. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және әзірленуін қадағалайды, құпия құжаттар мен орындаушылар жұмысында құпиялылықты қамтамасыз етеді және бақылау жүргізеді. Басқарманың қаржылық-құқықтық қамтамасыз етуін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелерге қатысты қаржы-құқықтық мүдделерін ұсынады. Басқарма жұмысының материалды-техникалық ұйымдастыруын жүзеге асырады. Басқарманың бухгалтерлік, статистикалық және қаржылық-шаруашылық есептерін уақытында тапсырады. ҚР Мемлекеттік қызмет Істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен, Әділет Департаментімен, прокуратура органдарымен, Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен және Ақтөбе облысы әкімдігімен өзара қарым-қатынаста болады. Басқармасының жемқорлыққа қарсы өңіраралық іс-шаралар жоспарының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады. Хаттарды, арыздарды қарап, уақытында орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органның қызметкерлерді басқару стратегиясын жүзеге асыру мен өңдеу бойынша бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органда қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамытуға және корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бақылау жасайды. Мемлекеттік қызметкерлерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды, сонымен қатар мемлекеттік орган

басшысына мадақтау мен ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізуді қамтамасыз етеді. Бөлімнің құзыретіне қатысты Мемлекет басшысының Жарлықтарының, тапсырмаларының, ҚР Үкіметінің қаулыларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін орындауын қадағалауды жүзеге асырады. Бөлімнің жұмысы бойынша Басқарма бөлімдерімен қарым-қатынас орнатады. Басқарма бөлімдеріндегі іс қағаздарын жүргізуді бақылауға алады.

Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бақылауға алады. Материалдық-техникалық бағалы заттарды есепке алу, түгендеу бойынша қадағалайды. «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша барлық жұмыстарды жүргізеді және қадағалайды. Өз құзыреті шегінде басқарманың атынан сот процестеріне қатысады. Мемлекеттік тілді білуі және Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша компьютерде істеу білуі керек. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде жұмыстарды жаңғыртады және кадрлық іс-жүргізуді атқаруды қамтамсыз етеді. Өзінің қызметтерін СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру қажет. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, жоғары білім – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық)).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

2. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» ММ әлеуметтік саланы қаржыландыруды жоспарлау бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (№9/1), 1 бірлік

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109

898 теңгеден 148 300 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысының барлық қызметіне басшылық жасайды және жұмысын ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына жауап береді. Облыстық бюджеттi бекіту, түзету және нақтылау кезінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салалары бойынша облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiмен ұсынылған бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламаларды қарау, тұжырымдама әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды қаржыландыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Министрліктер, ведомстволар және облыс әкімі аппаратымен берілген тапсырламаларды уақытылы орындауды ұйымдастыру. Бюджет шығыстарының тиімділігі бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді және аналитикалық материалдарды, анықтамаларды әзірлеуді ұйымдастырады. Басқармаға заңды және жеке тұлғалардан түскен шағымдар мен арыздарына уақытылы жауаптар дайындайды.Бөлім құзіреті шегінде жұмыс барысында талап етілетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және өзге де заңнамаларын білу. Өзінің қызметтерін СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру қажет. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік тілді білуі және Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша компьютерде істеу білуі керек.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік

органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-сінде өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж

Қосылды: 
29.05.2019 - 07:42
Соңғы өзгерiстер: 
29.05.2019 - 07:42