«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)932130, 564921, 932076, e-mail: a.ryspaeva@aktobe.gov.kz, e.kuntazin@aktobe.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ, Қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, БАҚ және ақпараттық жүйелерді бағдарламалық сүйемелдеу бөлімінің басшысы D-О-3, 1 бірлік, № 9-1

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109898 теңгеден 148300 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Басқарманың серверлік құрылғылардың және компьютерлік техниканың, модемдік байланыстың, падаланушылардың жергілікті желісін қадағалау, қажет болған жағдайда пайдаланушылардың параметрлеріне өзгерістер енгізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді орналастыру. Басқарма басшылығына қолданыстағы материалдық-техникалық базаны жаңарту қажет және ондай мүмкіндіктің бар екені туралы уақытылы ақпарат беру. Басқарманың электрондық поштасы арқылы электрондық хабарламаларды алу, жөнелту, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне апталық, айлық және тоқсандық есептерді жеткізуді қамтамасыз ету. Басқарманың әлеуметтік желілерін (facebook.com, vk.com, instagram.com) веб-сайтын(social.aktobe.gov.kz), «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу», «ИПГО», «ECCO»,

«Salary», «Parus», «Erp», «К2», «Е-Минфин», «Е-қызмет», «ЕСЕДО», «Е-халық», «Иностранная рабочая сила», «Оралман», «Социальная помощь», «Е-собес», «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және «Заң» дерек қорының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бағдарламалардың нұсқасын жаңарту. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, «ЕСЕДО», ЭҚЖ деректерін мұрағаттау, арнайы бағдарламаларды қолданып вирустарды анықтау және жою. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет ресурсының және басқарма web-сайтының жұмысын ұйымдастыру. «Ақпаратты Қазақстан 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылау жасау. Ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін бағалауды жүргізу. Жоғары тұрған органдарға бөлiмнiң қызметiне қатысты мәселелер жөнiнде әр түрлi ақпаратты-талдау мәліметтерін әзiрлеу және ұсыну. Басқарманың веб сайтында ақпаратты орналастыруын өзектендіру мерзімін бақылау, толтыру және жаңарту. Мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау. Өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау. Халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асыру. Бөлімнің Ережесіне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу), білім (информатика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті), гуманитарлық ғылымдар (филология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қоғамдық байланыс, журналистика, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

___________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________

______________________________________________________________________

 

 

__________ ____________________________________

(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

 

 

«____»_______________ 20__ ж.

Қосылды: 
27.05.2019 - 04:38
Соңғы өзгерiстер: 
28.05.2019 - 04:38