Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы  40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)932076, факс: 8(7132)932076, e-mail: a.murzagulova@aktobe.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы,  D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94813 теңгеден 128126 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жергілікті атқарушы органдардың жұмылдыру  дайындығы бойынша іс-шараларын бейбіт уақытта өткізілуін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Облыстың жұмылдыру жоспарын жасауға  және түзетулер енгізуге жауап береді. Соғыс уақытында және соғыс жағдайында әскери міндетті мекемелерде, ұйымдарда және міндеттілерді жұмылдыру, брондау жөнінде жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлім бойынша анықтамалық мәліметтер мен ақпараттар дайындау және аудандарға әдістемелік көмек көрсетіп, жұмылдыру дайындығы бойынша  сабақтар  өткізу. Бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, басқарманың, бөлімдердің жұмыстарына көмек көрсетіп, облыс аумағында әскери-экономикалық, штабтық - командалық оқу жаттығуларды өткізуге қатысу. Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жүйесін жетілдіру  жөнінде  ұсыныс енгізу. Жұмылдыру дайындығы және  жұмылдыру сұрақтары бойынша заңдардың, актілердің, қаулылардың орындалуы мен сақталуын қамтамасыз ету.

Аумақтық қорғаныстың жоспарын жасау жөнінде бақылауды  іске асыру және ұйымдастыру. Аумақтық қорғаныс құрамаларының жұмылдыру дайындығын және олардың аумақтық қорғаныстың міндеттерін орындауға, сонымен бірге  атқарушы органдарда аудандық аумақтық қорғанысты ұйымдастырып, аймақты және әр түрлі маңыздықтағы нысандарды аумақтық қорғаныстың міндеттерін орындауға  дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Атқарушы органдармен және әскери басқару органдармен бірлескен (жекеленген) штабтық-командалық және кешенді оқу-жаттығуларды жоспарлау және өткізу. Уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан облыстық ұйымдардың Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын ықпал етеді; құзыреті шегінде уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюды ұйымдастыруға қатысу.

Аумақтық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде құқық қорғау органдарының іс-әрекетін үйлестіру; прокуратура, әділет, сот, ҰҚКД органдарымен өз-ара әрекет ету, облыс аумағында қоғамдық тәртіп, қылмыс жағдайларына талдау жасау.

Мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және құпия іс-қағаздарды жүргізу кезінде мемлекеттік құпияны сақтауды қамтамасыз етуге жауапты. 

Басшылық жасай білу, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, ұжымды қойылған мақсаттарға жету үшін жұмылдыра білуі, ұжымда өзара сыйластық қарым-қатынасты орната, шығармашылық, бәсекеге қабілеттілік, тіл табысқыштық, ортаға бейімделу қасиеттерінің болуы қажетті. Облыс әкімі анықтайтын өзге де құзіреттіліктерді жүзеге асыра білуі тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - әскери-арнайы, заңгерлік, техникалық мамандығы бойынша жоғары. 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.

Өз санаты лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс. 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.  

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

        Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Қосылды: 
21.09.2016 - 04:29
Соңғы өзгерiстер: 
22.09.2016 - 04:42