«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ мемлекттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы  40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)932076, факс: 8(7132)932076, e-mail: A.Zainolaeva@aktobe.gov.kz, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ мемлекттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ басшысы, D-О-1 санаты,  1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 182387 тңгеден 246513 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметіне басшылық жасайды, білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, облыс аумағындағы барлық білім мекемелерінің қызметін үйлестіреді. Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау,  жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлай және болжай білу шеберлігі болуы қажет.  Талдау жасай, қорыта білуі, ақпаратты, құқықтық актілерді, бағдарламаларды, анықтама, баяндама және өзге де жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттарды  жүйелей алуы, конференция, семинар, кеңестер ұйымдастыра алуы қажет. Облыстық әкімдіктің басшылары анықтайтын өзге де құзіреттіліктерді жүзеге асыра білуі тиіс.

Басшылық жасай білу, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, ұжымды қойылған мақсаттарға жету үшін жұмылдыра білуі, ұжымда өзара сыйластық қарым-қатынасты орната, шығармашылық, бәсекеге қабілетттілік, тіл табысқыштық, ортаға бейімделу қасиеттерінің болуы қажетті.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - педагогикалық, гуманитарлық (философия, тарих, филология, аударма ісі, шетел филиологиясы)  мамандығы бойынша жоғары.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.

Өз санаты лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі қажет.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)  «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)  тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады. 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен  кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Қосылды: 
05.05.2016 - 04:43
Соңғы өзгерiстер: 
23.08.2016 - 04:45