«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ өндірістік бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, № 01-3-1 (санат: D-0-3)

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ өндірістік бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, № 01-3-1 (санат: D-0-3)

Аймақ: Ақтөбе облысы

Мемлекеттік орган: Ақтөбе облысының әкімдігі

Конкурс түрі: Осы мемлекеттік органдағы ішкі конкурс

Құжаттарды

қабылдау мерзімі: 26.05.2020 - 29.05.2020

Лауазым: «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ өндірістік бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, № 01-3-1

Санат: D-0-3

Лауазымдық

жалақысы: 126 357 - 170 599 тенге

Жалпы біліктілік талаптары:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6. ғылыми дәрежесінің болуы;

7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы:

Жерге орналастыру, Өнер (білім саласы), Дизайн, Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы), Құрылыс, Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, Қызмет көрсету (білім саласы)

Қосымша талаптар:

-

Функционалды мәселелер:

Бөлімді басқару. Бөлімге жүктелген міндеттерді уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Барлық әлеуметтік нысандардың құрылысын салу жұмыстарына техникалық қадағалау жүргізу және бақылау, мониторингылау. Құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Бекітілген жобалардың орындалған жұмыстардың сараптамалық бағаға сәйкес келуін бақылау. Технологиялық жабдықтармен монтаждалған және құрылыс бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауда бақылап өлшеу жұмыстарын жүргізу. Жасалған жұмыстардың актісін бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға ф.№2 және ф. №3 сәйкес болуын тексеру. Пайдалануға берілген объектілерді қабылдау жөніндегі жұмыс комисиияларына қатысу. Құжаттардың орындалу регламентін орындау. Тиімділігі жоғары материалдардың және жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жүргізу.

Сұхбаттасу орны: «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Сұхбаттасу

күні: 04.06.2020

Анықтама алу

үшін

байланыс: Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.

Құжаттарды

жіберу (E-

mail): e.kuntazin@aktobe.gov.kz

Пайдалы

ақпарат: Тізімᅠ Өтініш үлгісіᅠ

Қосылды: 
26.05.2020 - 18:04
Соңғы өзгерiстер: 
28.05.2020 - 18:04