«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары бөлімінің басшысы D-О-3, 1 бірлік, № 2-1 (санат: D-0-3)

«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары бөлімінің басшысы D-О-3, 1 бірлік, № 2-1 (санат: D-0-3)

Аймақ: Ақтөбе облысы

Мемлекеттік

орган: Ақтөбе облысының әкімдігі

Конкурс түрі: Осы мемлекеттік органдағы ішкі конкурс

Құжаттарды

қабылдау мерзімі: 22.05.2020 - 27.05.2020

Лауазым: «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары бөлімінің басшысы D-О-3, 1 бірлік, № 2-1

Санат: D-0-3

Лауазымдық

жалақысы: 126 357 - 170 599 тенге

Жалпы біліктілік талаптары:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6. ғылыми дәрежесінің болуы;

7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы:

Құқық (білім саласы), Құқықтану, Халықаралық құқық, Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы), Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Статистика

Қосымша талаптар:

Планирование промышленности.

Функционалды мәселелер:

Өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері арасында облыстық келісімді әзірлеу, жасасу, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Қазақстан Республикасының Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімнің жобасын және Бас келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу бойынша жұмыстарды жүргізу. Облыстық Келісімді іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту бойынша жұмыстарды үйлестіру. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту. Бас, облыстық Келісімнің орындалу барысына мониторингті жүзеге асыру. Заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық келісімді хабарлама арқылы тіркеу жұмыстарын жүргізу. Облыстық келісімге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, облыстық келісімді жариялау бойынша жұмыстар жүргізу. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеу. Облыстағы әлеуметтік әріптестікті дамытуға және әлеуметтік-еңбек қатынастарының мәселелеріне арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялауды қамтамасыз ету. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз", "Еңбек Жолы"республикалық конкурсы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қызметтеріне (тауарларына,жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша келісу үшін енгізілген материалдарды қарау. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның дербес құрамын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.Облыстық үшжақты коммисиясының және жұмыс топтарының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу бойынша хаттамаларын жүргізу, шешімдердің жобаларын дайындау және орындауын бақылау, прес-релиздерді, медиа-жоспарларды және т.б. дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету.Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырыстарын дайындау. Жоғары тұрған органдарға әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша бөлімнің құзыретіне қатысты әртүрлі ақпараттық-талдау материалдарын, есептерді белгіленген мерзімде дайындау және ұсыну. Бөлінуіне байланысты,Ақтөбе облысы әкімдігі арасында өзара түсіністік туралы және "Ақтөбе облысының Кәсіподақ Орталығы" ТОП өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу. Жасалған меморандумдардың орындалуына бақылау жасау. "Еңбек Жолы"конкурсының аймақтық және республикалық кезеңін онлайн дауыс беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын, өтініштерін қарау. Бөлімнің Ережесіне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес әкімшілік, ұйымдастырушылық, бақылау мәселелері бойынша басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқармаға жүктелетін бөлімнің құзыретіне жататын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Сұхбаттасу орны: «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, пошта мекенжайы: 030010

Сұхбаттасу

күні: 29.05.2020

Анықтама алу үшін байланыс: Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.

Құжаттарды

жіберу (E-

mail): e.kuntazin@aktobe.gov.kz

Пайдалы

ақпарат: Тізімᅠ Өтініш үлгісіᅠ Сұхбаттасу сұрақтары

Қосылды: 
22.05.2020 - 09:47
Соңғы өзгерiстер: 
25.05.2020 - 09:48