1. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысының орынбасары, D-O-2 (1 бірлік)

"Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысының орынбасары, D-O-2 (1 бірлік)

Аймақ: Ақтөбе облысы

Мемлекеттік орган: Ақтөбе облысының әкімдігі

Конкурс түрі: Осы мемлекеттік органдағы ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау

мерзімі: 21.05.2020 - 26.05.2020

Лауазым: "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ басшысының орынбасары, D-O-2 (1 бірлік)

Санат: D-0-2

Лауазымдық

жалақысы: 163 166 - 220 682 тенге

Жалпы біліктілік талаптары:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің

жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6. ғылыми дәрежесі;

7. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы:

Агрономия, Жерге орналастыру, Құқық (білім саласы), Биотехнология, Геодезия және картография, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Топырақтану және агрохимия, 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, Кадастр, Бағалау

Қосымша талаптар:

Аземлеустройствогроэкология, правоведение

Функционалды мәселелер:

Мал шаруашылығы, жер қатынастары бөлімдердің жұмыстарын ұйымдастырады. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізуде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің ассоциацияларын құруға және ұйымдастыруға қолма-қол көмекті ұйымдастырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (өңірлік) бағдарламаларды әзірлеуін бақылайды. Ақтөбе облысының аумағында агроөнеркәсіп кешені саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын бірыңғай және дәл қолдануын қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмін жасақтау, олардың уақытылы іске асырылуын бақылайды. Салалық дамуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады және орта, ірі шаруашылықтарды дамытуға жұмылдырады. Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруді және класстерлік жүйесін қалыптастыру арқылы өндірген өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында экспортқа шығатын өнімдерді өсіруді қолдауды ұйымдастырады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өткізу нарығын дамыту жөніндегі, бағаны реттеудегі және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін ақпаратпен қамтамасыз етудегі, нарықтық инфрақұрылымдардын қалыптастырудағы, отандық тауар өндірушілерді

қорғау шаралардың әзірлеудегі жұмыстарға басшылық жасайды.

қамтамасыз етудегі, нарықтық инфроқұрылымдардың қалыптастырудағы, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралардың әзірлеудегі жұмыстарға басшылық жасайды.

Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штабтың отырыстарының күн тәртібінде қарауға ұсыныстар беруді ұймдастырады. Аумақтық азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорының жұмысын және осы қорды басқару комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді.

Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізеді. Жер қатынастарын дамыту бойынша облыстық

бағдарламалардың іске асырылуын және іс-шаралардың дайындалуын қамтамасыз ету. Бөлімдер бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуін ұйымдастыру мен бақылау. Аудандарда және Ақтөбе қаласында жер учаскелеріне құқықты сауда-саттықта (аукциондарда) сатумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға методикалық көмектесу. Облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын және жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді қадағалау. Аудандардың және Ақтөбе қаласы елді мекендері аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларының әзірленуін қадағалау. ҚР Үкіметінің жер саласындағы уәкілетті органына облыс бойынша айлық және тоқсандық бекітілген есептерді уақытылы берілуін қамтамасыз етеді.

Жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізілуін ұйымдастыру.

Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруді және класстерлік жүйесін қалыптастыру арқылы өндірген өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқасында экспортқа шығатын өнімдерді өсіруді қолдайды. Индустриялық-аграрлық аймақты құру жұмыстарын ұйымдастырады.

Компьютерлік жабдықтарды (қажетті бағдарламаларды) жарақтылықта ұстауды қамтамасыз етеді.Қызметкерлермен жұмыс жасау, Word, Excel, E-mail, Internet, бағдарламаларымен компьютерде жұмыс жасау тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді білуі. Байланысқа бейімділік, ынтагерлік, командада жұмыс жасау, орындаушылық, дәреже сатысын және қызметтік тәртіпті сақтау.

Сұхбаттасу орны: "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ, пошта мекенжайы: 000310

Сұхбаттасу

күні: 28.05.2020

Анықтама алу

үшін

байланыс: Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.

Құжаттарды

жіберу (E-

mail): e.kuntazin@aktobe.gov.kz

Пайдалы

ақпарат: Тізімᅠ Өтініш үлгісіᅠ

Қосылды: 
21.05.2020 - 09:28
Соңғы өзгерiстер: 
28.05.2020 - 18:10