"Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары , D-O-2 (1 бірлік)

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 

D-О-2 санаты бойынша:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.**

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min max

D-O-2 163166.3 220681.6

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, пошта мекенжайы: 030010, анықтама телефоны: 932081, факс: 564921, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары , D-O-2 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бөлімдердің жұмыстарына басшылық етеді, олардың жұмыстарының негізгі бағыттарын, түрлері мен әдістерін анықтайды, бөлімдердің құзырына кіретін міндеттердің өз мәнінде орындалмаған жағдайларына тікелей жауап береді. Құқықтық актілер, өкімдер және тапсырмалардың уақытылы орындалуын бақылайды. Автомобиль жолдарының құрылысы бойынша мердігерлердің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарының сапасын, аяқталған жұмыстардың қабылдануын бақылайды. Басқарманың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында автожолдар саласы бойынша қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алуды өткізу жөнінде материалдар дайындайды, жұмыстар, қызметтер және тауарларды сатып алушы ықтимал мердігерлермен шарт дайындауға қатысады, қала маңындағы теміржол тасымалы бойынша тасымалшының шығындарын субсидияландыру жөнінде мемлекеттік сатып алу және автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктердің тасымалы бойынша қызмет көрсету құқығына конкурс өткізуге байланысты материалдар дайындау, өз құзыреті шегінде автомобиль көлігі және қала маңындағы теміржол бағыттары бойынша тасымал қызметтері жөнінде құзырлы органдарға ұсыныстар дайындайды және ұсынады.

Жалпыға ортақ жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына техника-экономикалық негіздеме, техникалық регламент, жерге орналастыру жобаларының әзірленуін қадағалайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін құжаттарды дайындалуын бақылайды. Күрделі жөндеу жұмыстарына жасалған сметалық құжаттарды қадағалау.

Барлық бөлімдер бойынша тапсыратын есептер, ақпараттар және анықтамалық материалдар әзірлейді.

Өз құзіреті шегінде автомобиль жолдары және сметалық-техникалық, жолаушылар көлігі, қаржы және бюджеттік жоспарлау бөлімдеріне жетекшілік етеді.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: машина жасау, құрылыс, көлік, көліктік техника және технологиялар, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), көлік құрылысы, логистика (сала бойынша), тасымалдауды ұйымдастыру, және көліктегі қозғалысты басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қосылды: 
13.05.2020 - 08:23
Соңғы өзгерiстер: 
21.05.2020 - 08:24