"Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-O-1 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; (техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)), өнер (сәулет, мүсін, дизайн, графика).

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе  Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.**

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                   min                max

    D-O-1                     182456                     246519

 

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, ГУ "Аппарат акима Актюбинской области", пошта мекенжайы: 030010, анықтама телефоны: 932081, факс: 564921, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысы, D-O-1 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүзеге асыру. Басқарма қызметіне басшылық жасайды және үйлестіреді. Облыстың елді мекендерінің аумағында инфрақұрылымды дамыту және құрылыс жұмысын жүзеге асырады. Облыстық және республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын құрылыс нысандарына тапсырыс беруші және салушы қызметін атқарады. Облыста сәулет және құрылыс саласын дамыту жоспарын жасайды. Абаттандыру, коммуникация және сәулет және құрылыс саласы бойынша бюджетті игереді, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық нысандардың құрылысы мемлекеттік бағдарламасын орындауды ұйымдастырады. Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлай және болжай білу шеберлігі болуы қажет. Талдау жасай, қорыта білуі, ақпаратты,құқықтық актілерді, бағдарламалар-ды, анықтама, баяндама және өзге де жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттардыжүйелей алуы, конференция, семинар, кеңестер ұйымдастыра алуы қажет. Облыстық әкімдіктің басшылары анықтайтын өзге де құзыреттіліктерді жүзеге асыра білуі тиіс. Басшылық жасай білу, ұйымдастыру-шылық қабілетінің болуы, ұжымды қойылған мақсаттарға жету үшін жұмылдыра білуі, ұжымда өзара сыйластық қарым қатынасты орната, шығармашылық, бәсекеге қабілеттілік, тіл табысқыштық, ортаға бейімделу қасиеттерінің болуы қажетті.

 

     Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

     Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

     Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

     Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

     Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

     Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

     Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

2) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

7) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

8) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаул;

10) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

C-1, C-2, C-3, D-O-1, D-O-2, C-R-1, A-4, A-3, A-2, A-1, E-2, E-1, D-3, D-2, D-1, B-1, B-2, B-3, B-4, C-O-1, C-O-2, A-5 санаттары үшін:

Мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут, Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Президенті туралы (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), Әкімшілік рәсімдер туралы (15 сұрақ), Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы (15 сұрақ), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ), Құқықтық актілер туралы (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).

Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

 

Қосылды: 
09.04.2020 - 04:27
Соңғы өзгерiстер: 
20.04.2020 - 04:31