«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ әкімшілік-қаржылық бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі байланысты демалыс кезеңіне 06.08.2020 жылға дейін), санаты D-O-4, 1-бірлік (№ 13/2).

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-21-30, 56-49-21, 93-20-76, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ әкімшілік-қаржылық бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі байланысты демалыс кезеңіне 06.08.2020 жылға дейін), санаты D-O-4, 1-бірлік (№ 13/2).

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Басқарма бюджетін жоспарлау және атқару жұмыстарын жүзеге асырады; бухгалтерлік есепті жүргізеді. Бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес басқарма есептілігін жасайды. Қызметкерлерге жалақы, әлеуметтік, төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептейді және аударады, бюджеттік қаражатының игерілуі, есепті айға өтінімді, есептерді уәкілетті органдарға уақытылы тапсырады, қаржы жылына бюджеттік өтінімдерді, жоспарларды әзірлейді. Қазынашылық органдарында шарттар мен хаттамаларды ресімдеу, қызметкерлерге жалақы, әлеуметтік, төлем көзінен ұсталатын салықтарды аударады, бюджеттік қаражатының игерілуі, жылдық өтінімді, есептерді уәкілетті органдарға уақытылы тапсырады, қаржы жылына бюджеттік өтінімдерді, жоспарларды әзірлейді. Басқарма қажеттілігі үшін мемлекеттік сатып алу процедураларын ұйымдастыруды және өткізудің заңға сәйкестігін қарайды, сонымен қатар әзірлейді. Өнім берушілермен келісім-шарт міндеттемелер шеңберінде есепті жүргізеді, басқарманың бюджеттік мәлімдемесін қалыптастырады; басқарма жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз етеді. Басшыға жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатындағы қаржылық, орындаушылық бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша есеп береді. Материалдық-техникалық бағалы заттарды есепке алады, түгендеу жүргізеді. Мемлекеттік тілді білуі және Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша компьютерде істеу білуі керек. Өзінің қызметтерін СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) қажеттіліктеріне

сәйкес жүзеге асыру қажет. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика).

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-сінде өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
10.10.2019 - 00:36
Соңғы өзгерiстер: 
14.10.2019 - 00:37