9.4.4 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Наименование: 
Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлғалар

Қызмет көрсетудің құны   

Тегін

Көрсетілетін қызмет мерзімдері

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру - емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде;

-өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде;

-бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорациямен – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.

      Қабылдау және нәтижелерді беру қызмет алушының қалауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезек броньдалуы мүмкін;

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

-кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;

-№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;

-2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

-жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

-2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосурет;

-жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

-бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлік;

-№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтама;

-2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

-жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).

порталға:

4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

-кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;

-№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

-2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

-2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі бір фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алу үшін:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

-бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);

-№ 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

-2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосуреттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқасы Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар түпнұсқада көшірмелермен бірге ұсынылады. Құжаттар түпнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Құжаттар түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған көшірмелер ұсынылады.

Құжаттарды мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыны осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін тапсыруына тексергеннен кейін Мемлекеттік корпорация өтініш қабылдаған сәттен бастап бір сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыны шағын көлемді кемені басқару құқығына теориялық білімін тексеру үшін емтихан тапсыруға (бұдан әрі - емтихан) жібереді.

Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік корпорация қызметкері электронды нысандағы (фотографиялардан басқа) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 4) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне емтихан өткізу орны мен уақыты туралы хабарламаны жібереді. Бұл ретте, емтихан көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне хабарлама жіберген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізіледі.

Емтиханды жақсы тапсырған кезде емтихан нәтижесі мен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы 1) тармақшасында және/немесе 9-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар бір жұмыс күні ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкіліне нотариат куәландырған сенімхат бойынша) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Портал арқылы электронды сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

 

Көрсетілетін мемлекеттік  қызметтің нәтижесі

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз түрінде өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасы.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны мен күні туралы хабарлама жолданады.

Қосылды: 
18.10.2016 - 16:35
Соңғы өзгерiстер: 
24.08.2018 - 21:44