1.3 КӘСІПКЕРЛІК

Наименование: 
Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

     

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.

Қызметті алушылар

 

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі

Қызметтің құны

ақысыз негізде

Қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз түрінде

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 19.00 аралығында, 13.00-ден 15.00-ға дейінгі түскі үзіліспен жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

еркін нысандағы қатысуға өтінім;

бизнес-жоспар;

техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі

Қосылды: 
17.10.2016 - 08:55
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2018 - 09:45