Қоршаған орта
Ақтөбе облысының жасыл белдеуі және жасыл екпелері
2019 жылдың көктемінде облысымыздың елді мекендеріне 68511 түп көшет отырғызу жоспарланып, жүзеге асырылуда. Аудан әкімдіктерімен елді мекендер төңірегіне 94,1 га алқапта жасыл аймақтар құрылуда.
Сонымен қатар, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен Ақтөбе қаласының төңірегіне 6000 га алқапқа жасыл аймақ құру жобасы әзірленуде.
Ақтөбе облысы мемлекеттік орман қоры жерлері
Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қарамағында 7 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 215814 га болса, оның орманмен көмкерілген алқабы 48813 га, оның ішінде орман шаруашылығы мекемелері бойынша:
Орман шаруашылығы атауы |
Жалпы ауданы (га) |
Орманмен көмкерілгені (га) |
«Ақтөбе орман шаруашылығы» КММ |
20828 |
7286 |
«Үлкен-Борсық орман шаруашылығы» КММ |
32327 |
5569 |
«Қарабұтақ орман шаруашылығы» КММ |
33706 |
5421 |
«Мәртөк орман шаруашылығы» КММ |
9354 |
4115 |
«Темір орман шаруашылығы» КММ |
77223 |
12901 |
«Ойыл орман шаруашылығы» КММ |
28012 |
9685 |
«Қобда орман шаруашылығы» КММ |
14364 |
3836 |
Жануарлар дүниесін пайдалану
Қазіргі таңда облыс аумағында 86 балық шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары бар, олардың 65 су айдындары балық шаруашылығын жүргізуге бекітілген, оның ішінен 45 су айдыны кәсіпшілік балық аулау үшін және 20 су айдыны көл тауарлық балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітілді, 2018 жылға балық аулау лимиті толығымен игерілді.
Балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында балықтың қырылуына жол бермеу мақсатында мелиоративтік аулауға келісім-шарт жасалып, 23,7 тонна балық ауланды.
2018 жылы табиғат пайдаланушылардың су айдындарын балықтандырудың жоспары бойынша облыстың бекітілген су айдындарына 1047 мың дана шабақ жіберілді.
2017 жылдың қыркүйек айында артемия цисталарын аулау мақсатында Үлкен Арал теңізінің № 2,3,4 учаскелері табиғатты пайдаланушыларға бекітілді.
Екі жыл ішінде пайдаланушылармен 219 тонна артемия цисталары ауланды, бюджетке түскен қаражат 22,0 млн.теңгені құрады.
Қазіргі таңда облыс аумағында 42 аңшылық алқап бар, олардың барлығы табиғатты пайдаланушыларға бекітілді (2018 жылы – 13 аңшылық алқап).
2018 жылдың 15 ақпаны мен 2019 жылдың 15 ақпаны аралығында барлығы 77 792 жануарды аулауға рұқсат берілді, 7,9 млн.теңге көлемінде қаражат бюджетке түсірілді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) бойынша ақпарат
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 5 жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызмет етеді:
- 2010 жылы 19 ақпанда Қарғалы ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы - 83 770 га «Эбита» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
- 2012 жылы 12 желтоқсанда Мұғалжар ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы - 33 395 га «Орқаш» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
- 2013 жылы 23 қаңтарда Мұғалжар ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 43 977 га «Көкжиде-Құмжарған» мемлекеттік табиғи кешені қаумалы құрылды.
- 2017 жылы 6 желтоқсанда Мәртөк ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 133 796 га «Мәртөк» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
- 2017 жылы 6 желтоқсанда Қобда ауданы аумағында жергілікті маңызы бар жалпы алаңы – 34 655 га «Қобда» мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды.
2019 жылы Әйтеке би және Ойыл аудандарында тағы 2 ЕҚТА құру жоспарлануда.