Қайрат Бекенов бейне байланыс режиміндегі жиынға қатысты

Бүгін 21 мамыр күні ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.Смайыловтың төрағалығымен инвестицияларды тарту мәселесі бойынша жауапты министрліктермен, облыс әкімдіктерімен бейне байланыс режимінде жиналыс өтті.

Аталмыш жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ.Бекенов жауапты басқармаларға, «ҚазақИнвест» АҚ филиалы директорына бірқатар тапсырмалар, атап айтқанда, осы жылы жүзеге асыралатын жобалардың графигін жаңарту, проблемалық сұрақтарын анықтау, жәрдемдесу т.б. тапсырылды.

Облысымыздың инвестициялық әлеуетін ескере отырып, жаңа инвесторларды тарту бойынша жұмыстарды күшейту ұсынылды.
Сонымен қатар, облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасында қол қойылған меморандум шеңберінде экономика өсімін қамтамасыз етуін тапсырды.