ХАБАРЛАНДЫРУ

Ел аумағында енгізілген төтенше жағдайларға байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейінгі кезеңде Ақтөбе облысы әкімінің, орынбасарларының және аппарат басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы тоқтатылды. Бұрын жазылған азаматтардың кезектілігі сақталады.

Ескерту, халыққа Қазақстан Республикасының Электрондық Үкімет порталы арқылы (ЭЦҚ болған жағдайда) сондай-ақ "Қазпошта" АҚ қызметтері арқылы жазбаша түрде хабарласа алады.