Хабарландыру

Мемлекет басшысының  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 21 қарашасында – Республикалық Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өткізіледі. Осыған  орай барлық жергілікті атқарушы органдардың басшылары (облыс, аудан, ауылдық округ әкімдері) қабылдау жүргізеді. Облыстағы жергілікті атқарушы органның қабылдауы "Нұр Отан" партиясының ғимаратында (Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 86) өтеді. Қабылдау уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін. Қабылдауға сот, прокуратура, ішкі істер органдарының өкілдері қатысады. 

Алдын ала жазылу 15 қарашадан 20 қарашаға дейін 56-48-20, 93-20-78 телефондары немесе облыстық әкімдіктің (Әбілқайыр хан даңғылы 40) 142 бөлмесіне жазылу арқылы жүргізіледі.