Социальное партнерство

Халықтың тұрмыс сапасын арттыру және Қазақстанды әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамыту — негізгі басымдық болуы тиіс.  

Ағымдағы жылдың  27 ақпанында өткен  «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында елеулі мемлекеттік бастамалар ұсынды.Олар халықтың әл-ауқатын жақсартуға тиімді ықпал етеді.

Бұл бастамалар негізінде  а.ж. сәуір айынан бастап келесі өзгерістер енгізілді:

  • біріншіден, атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийін  ең төменгі күн көріс деңгейінен көтерілді,  яғни  критерий  мөлшері  50 % - дан 70 % - ға дейін немесе 14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін өсті.
  • екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыларға және «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төс белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылар, стипендия алып тасталды.
  • үшіншіден, атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасылардың әр баласына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге кепілдендірілген көмек төленеді.

 

Нәтижесінде, егер бұрын аталған шарамен Ақтөбе облысы бойынша құрамында 20083 адамы бар 4113 отбасы  қамтылса, енді ол құрамында 29237 адамы бар  5983 отбасыға дейін өседі деп күтілуде.

Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекке республикалық және жергілікті бюджеттен 903,8 млн.теңге қаражат бөлінді.

Елбасының  тапсырмасына орай аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында осы шараға республикалық бюджеттен қосымша 3585,1 млн. теңге қаражат қажет деп жоспарлануда.

Ақтөбе облысында  алға қойған әлеуметтік мәселелерді сапалы орындау үшін нақты шаралар қабылдануда.

Ақтөбе қаласы мен барлық аудандарда штабтар құрылып, бірнеше мобильді топтар жұмыс жасауда, олар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларымен кездесіп, тұрмыс жағдайларын анықтап,  оларға қажетті көмек түрлері көрсетілуде.

Осы жылдың ақпаны мен наурыз  аралығында облыс бойынша  6134 азамат жолықты, олардың ішінде  1469 адамның мәселелері оң шешімін тапты, 4411 адамға түсінік берілді, 264 адаммен жұмыс жүргізілуде.

 

 

 

Сонымен қатар облыста отбасылардың әлеуметтік карталарын толтыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні  облыс бойынша құрамында 351742 адамы бар 75704 отбасына әлеуметтік карта толтырылды.

Атқарылған жұмыстар туралы халықты құлақдар етіп отыру мақсатында жергілікті басылым беттерінде «Кері байланыс», «Ашық есік күндері», «Дни открытых дверей» атты бұрыштамалар ашылды. Барлығы 60-тан артық материалдар жарияланды.

Жергілікті «Ақтөбе», «Рика ТВ» телеарналарында қазақ және орын тілдерінде 125-тей сюжеттер көрсетіліп, басқарма мамандарының қатысуымен түсінік жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік желілерде 4 мыңнан астам ақпараттық-түсіндірме материалдары, бейнероликтер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көмекті қажет ететін отбасыларға көрсетіліп жатқан көмектер туралы ақпараттар берілді.

Республикадағы  «111 жедел қызметі» байланыс орталығына  облыста жұмыспен қамту органдарының 28 маманы  қосылып, қолданыстағы заңнама шеңберінде азаматтарға тиісті түсініктеме  беру жұмыстарын жүргізуде. 

 А.ж. сәуір айының 1 бастап атаулы әлеуметтік көмекке   өтініштер азаматтардың  мекен жайлары бойынша  облыста 162 учаскеде,   аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарында,  ауылдық округі әкімдіктерінде , ХҚКО-да  қабылдануда. Соның ішінде Ақтөбе қаласында 7 учаске бар. Аудандық, қалалық Халықты жұмыспен қамту  орталықтарының жұмыс режимі  сәуір айы ішінде  сағат 08.30-дан 20.00-ге дейін ұзартылды.  

2019 жылдың  1 сәуірі мен 22 сәуірі  аралығанда  облыста 14825 азамат атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңестер алуға жолыққан. Соның ішінде 7412 азаматтан атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініштер  қабылданып, 7413 азаматқа жан-жақты толық кеңестер берілді.

Сонымен қатар, сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімі жеңілдетілді. Бұл үшін ақпараттар Е-халық ақпараттық жүйесінен алынатын болады. Облыстағы барлық 143 ауылдық округтерде «Е-халық» ақпараттық жүйесі орнатылған, жұмыстар жүргізілуде.

Оған қосымша Ақтөбе қаласы мен барлық аудандарда аз қамтылған және көп балалы отбасыларына өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша төленетін біржолғы төлемнің мөлшерін 70,0 мың теңгеден 140,0 мың теңгеге дейін  өсіру жұмыстары жүргізілуде, яғни мәслихаттардың шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасалды. Облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 100,0 млн. теңге бөлінді.

 

Қосылды: 
14.05.2019 - 05:18
Соңғы өзгерiстер: 
14.05.2019 - 05:18