Оңдасын Оразалин "Қарапайым заттар экономикасы" аясында жүзеге асырылатын жобалар санын арттыруды тапсырды

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен кеңес барысында қаралды.
13 қыркүйек, жұма күні өткен кеңеске облыс әкімінің орынбасарлары, кәсіпкерлік басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшылары, қаржы институттарының, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері және аудан әкімдері бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.
"Атамекен" өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры, жобалық кеңсенің басшысы Анар Даржанова бағдарламаны жүзеге асырудың қорытындысын айтты.
"Қарапайым заттар экономикасы" бойынша жобалық кеңсе өңірде ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жеңілдетілген кредит беру тетігі аясында ШОБ жобаларын қолдау және кешенді сүйемелдеу мақсатында әрекет етеді.
"Бизнес субъектілерімен және қаржы институттарының өкілдерімен кездесу нәтижесі бойынша бағдарламаны жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында республикалық жобалық кеңсеге ұсыныстар берілді. Тауарлар тізбесіне 4 156,0 млн. теңге сомасына 10 жоба енгізілді,оның ішінде 2-уі 332 млн. теңге сомасына ЕДБ-дан мақұлдау алды.

Жоба офисі жалпы сомасы 34,1 млрд.теңге болатын 97 жоба бойынша жұмыс жүргізуде, 3,5 млрд. теңге болатын 9 жоба мақұлданды, қарастырылуда - 14 жоба мақұлданды", - деді Анар Даржанова.
Жобалардың басым бөлігі тамақ саласына, АӨК және білім саласына тиесілі. Мақұлданған 9 жобаның 6-ы Ақтөбе қаласында, Алға, Шалқар және Қобда аудандарында бір жоба бойынша іске асырылатын болады.
ӨКП басшысы ауыл кәсіпкерлерінің толық ақпарат алмаған себебінен бағдарламаны іске асыруға төмен тартылғандығын атап өтті.
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы Президенттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Оның негізгі мақсаты-азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларының жергілікті өндірісін дамыту. Бұл бағыттағы жұмысты жобалар санын, әсіресе ауылдық жерлерде арттыру есебінен күшейту қажет", - деді аймақ басшысы.
Басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне қажетті шаралар қабылдап, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп жұмыс істеу тапсырылды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі