Оңдасын Оразалин: Шаруалар судан тапшылық көрмеуі тиіс

25 сәуір, сенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орынбасары Аманғали Бердалинмен «ҚазСуШар РМК» Ақтөбе филиалы су қоймасының жұмысын көрді.

Суқойма жазғы маусым кезінде су тапшылығын болдырмау мақсатында Ақтөбедегі ірі кәсіпорындармен, шаруаларды сумен қамтамасыз етумен айналысады.

Өткен жылы қоймаға 18-20 млн т/м су жиналған болса, биыл 40-60 млн текше метр су жинау жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 30% су қоры жиналды.

Қоймаға су Елек өзені мен айналасындағы оннан астам кіші суағарлардан келіп құйылады. «ҚазСуШар РМК» Ақтөбе филиалының басшысы облыс әкіміне биыл судың жеткілікті екенін және ақтөбелік шаруалардың судан тапшылық көрмейтіндігін жеткізді.

Аймақ басшысы орынбасары Аманғали Бердалинге жағдайды бақылауда ұстауды, шілде айларында шаруалардың судан тапшылық көрмеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі