Оңдасын Оразалин Отан қорғаушыларды құттықтады

Бейсенбі, 7 мамыр күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе әскери гарнизонының 30238 әскери бөлімінде болды.
 

Аймақ басшысы әскерилерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады. 

5 азаматқа, Атыспен қолдау ротасының командирі Пердехан Дауылбайға, Атыспен қолдау ротасының мергендер взводының сержанты Болат Пак, Ақтөбе гарнизонының әскери полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Есенамановқа, Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімінің маманы Ерлан Костыров, Курсанттар ротасының командирі-жауынгерлік және дене дайындығының аға нұсқаушысы Азат Ахметовтерді алғыс хаттармен марапаттады.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – намысты азамат үшін үлкен мақтаныш, әрі сын. Өйткені, Отан қоғау, тек нағыз азаматқа лайықты іс. Төтенше жағдай уақытында әскери жиынға ынта білдірген 150 азамат өз еріктерімен індеттің алдын алуға көмектесіп жүр. Сонымен қатар 1000-ға жуық әскери қызметшілер блок-бекеттердің жұмысын үйлестіруде»,-деді өңір басшысы.

Бұдан соң, облыс әкімі Оңдасын Оразалин жеке құрамның қару-жарақ көрмесін қарап шықты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі