Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Әйтеке би, Хромтау аудандарында болды

Ақтөбе облысының әкімі алдымен Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылдық округіндегі «Жамбыл-С» және «Ай-Ауылым» шаруашылықтарының көктемгі егіс жұмыстарымен танысты. Арпа, бидай өсірумен айналысатын қос қожалық та биыл егіс көлемін арттырған.

«Жамбыл-С» ЖШС 3423 га жердің 3048 га бидай, 375 га арпа еккен. Егіншілер жоғары агротехнологиялық талаптарға сай, жоғары сапалы тұқым пайдалануда. Өсімдік зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген. Серіктестікте 24 трактор, 11 комбайн, 5 жүк автокөлігі және машина-трактор шеберханасы, механикаландырылған астық тазалау қондырғылары, астық қоймалары бар. Онымен қоса, ауыл тұрғындарының жеке малдарын ұстауға жем-шөптен жәрдем береді.25 азамат жұмыс жасайды. «Ай-Ауылым» ЖШС шаруашылығы 8439 га бидай, 500 га арпа егуде. Серіктестік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартқан. 8 трактор, 6 комбайн, 3 егіс кешені, 3 жүк автокөліктері және ауыл шаруашылығы техникалары ауласымен қамтылған. Жергілікті 16 азамат жұмыспен қамтылған.
Көктемгі далалық жұмыстарға қолдау көрсету мақсатында 15 кәсіпкерге 631 млн.тг несие берілген. Бұдан соң аймақ басшысы Сарықопа, Құмқұдық ауылдық округтерінде болды. Сарықопадағы жылқы өсірумен және қымыз өндірумен айналысатын «Томирис» АӨК жұмысымен танысты. 2016 жылы ашылған қожалықта 550 бас жылқы бар. Қазіргі күнде 35 бас бие сауылуда. Жер көлемі 39626 га болса, жайылымды жері 39532 га. «Томирис» АӨК-де қымыз өндіру цехы жұмыс жасауда, сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 50 бас сүтті бағыттағы мүйізді ірі қара малды несиеге алып, сүт өнімдерін өңдеу цехын іске қосуды жоспарлап отыр.Құмқұдық ауылдық округіндегі дәнді-дақылдар және мал шаруашылығымен айналысатын «Құмқұдық» ЖШС-де жалпы жер көлемі 73084 га.Егіс алқабы 25183 га құрайды. Жайылым жер көлемі 38653 га. ШҚ биыл 14612 га бидай, 542 га арпа, 611 га сұлы, 1209 га құмай отырғызған.
Шаруашылықта 666 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал және 360 бас жылқы бар.
Серіктестікте 32 трактор, 20 комбайн және 6 егіс кешені, 15 жүк және жеңіл автокөліктері және машина-трактор шеберханасы бар. Сонымен қатар,мұнда 1000 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңының құрылысы жүріп жатыр.
Өңір басшысы аудандағы шаруа қожалық басшыларымен кездесті. Оңдасын Оразалин аудан әкімі Дархан Ермағанбетовке ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында жан-жақты қолдау көрсетіп, өнім көлемін арттыру қажеттігін тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ел экономикасының келешектегі құрылымына жаңа көзқарас қажет екенін айтып, өнеркәсіп, энергетика, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету сияқты басты салаларының рөлін айқындау керектігін айтты. Облыста ауылшаруашылығын дамыту әрі өнім көлемін арттыру мақсатында тиісті шараларды қолға алды»,- деді Оңдасын Оразалин.
Айтып өтейік, Әйтеке би ауданында ауылшаруашылық саласынан өзге экономикалық көрсеткіші де дамып келеді. Биыл Ақкөл, Сарат, Сұлукөл, Аралтоғай, Ақтасты елдімекендерінде жылы су құбыры желілерінің құрылысы басталады. Таза ауыз су жобасы аясында 2,2 млрд теңгеге тұрғындардың 90% таза ауыз сумен қамтылады.
Облыс басшысы Хромтау ауданы Дөң а.о- гі мал, егін шаруашылығымен айналысатын «Данияр» ШҚ көктемгі далалық жұмыстарының барысымен танысты.Қожалық алғаш
2018 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 1000 бас қой сатып алған. 2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 27 млн тенгеге 700 бас қой алған. Биыл 2500 га жерге арпа, бидай егеді. Облыс әкімі бұдан соң Хромтау қаласының әлеуметтік- экономикалық даму бет алысын бақылады. Аудан әкімі Нағымжан Алдияров аймақ басшысына жол жөндеу, құрылыс жұмыстарымен таныстырды. «Жұмыспен қамтудың - 2020 жол картасы» аясында #2 Хромтау гимназиясына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ осы бағдарлама аясында М. Әуезов көшесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Хромтау қаласында жалпы ұзындығы 62,8 км құрайтын 88 көше бар, соның ішінде 80 көшесі асфальт жабындысы төселген. Биыл қалада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 20 көшенің автомобиль жолдары қайта жаңартудан өткізіледі, жалпы ұзындығы 7,5 км және жаңа мөлтек аудан 22 кварталдың 6 көшесіне жалпы ұзындығы 2.9 км автомобиль жолдары құрылысы жүргізіледі.
Әуезов көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің қасбетіне әрлендіру жұмыстары жүргізіліп, балкондары жаңартылуда. Хромтау қаласының көшелеріне 400 жаңа үлгідегі қоқыс жәшіктері, 30 дана евроконтейнер орналастырылған. РФ жеткізілген қоқыс жәшіктерінің құны 38 млн тг құрады. Ал жер астына орнатылған қоқыс жәшіктерінің құны 12 млн 348 мың тг. Аталған игі бастама Ақтөбе облысы әкімдігі мен ERG компаниясы арасындағы Меморандум аясында жүзеге асты.

Меморандум шеңберінде қоқыс шығаруға арналған 2 арнайы техника алу көзделген. Хромтау қаласында қоқыс жәшіктерінен өзге,көше бойларына заман талабына сай жасалған аялдамалар орнатылуда. Қала келбетіне көрік беретін жаңа аялдамалар 4 жерге қойылмақ.
Аймақ басшысы «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолы бойындағы кемпинг жұмысын бақылады. «Шерхан» ЖШС кемпингі карантинге байланысты жолаушыларды қабылдауды уақытша тоқтатқан. Жолаушыларға қызмет көрсету кешені «В» категориялы 150 орындық кафе және 84 орындық қонақ үй, 100 орындық моншадан тұрады. 100 жүк көлігіне арналған автотұрағы бар .
Облыс әкімі ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалап, Нағымжан Алдияровқа жұмысты бұдан ары ширату қажеттігін тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі