Оңдасын Оразалин: Ақтөбе өңірінде этно туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар

Ақтөбе облысының әкімі Мұғалжар ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар ауылшаруашылық, әлеуметтік-экономикалық жағдаймен танысты.

Аймақ басшысы Қаракөл ауылындағы Орқаш орманының жай-күйін бақылады. Орманды күзетумен айналысатын ТЖД өрт сөндіру қызметкерлерімен кездесті. Орман өрттерінің алдын-алу, аптап ыстықтарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Бұдан соң, Қ. Жұбанов ауылдық округіндегі «Қасай» шаруа қожалығы 2016 жылы құрылған. “Сыбаға” бағдарламасы арқылы 2019 жылы 99,7 млн тг герефорд тұқымды ІҚ алған. 2020 жылы “Қарапайым заттар экономикасы” аясында 100 млн тг 250 қазақы ақ бас сиыр, асылдандыру мақсатында 126 бас асыл тұқымды бұқа алған. Жалпы шаруашылықта 900 бас ІҚМ бар.10 азамат жұмыс жасайды. Жалақылары 80-100 мың тг. Кәсіпкер су тапшылығы мәселесі барын айтты. Облыс әкімі су ұңғымасын салуда қолдау көрсетілетінін жеткізді. Өңір басшысы “ Бауырбұлақ” су бөгетімен және «НұрАгроПром» ЖШС-нің егін алқабын көрді. Кәсіпкер су көлемі 340 мың м3 болатын бөгетті қосымша су көзімен толықтыруды жоспарлайды. Қажетті субұрғымаларын салу үшін қолдау күтеді. Бөгетті суға толтырса егіндікті дамытпақ. Биыл 6 га жерге егілген қияр, қарбыздан 10 тонна қияр, 25 тонна қарбыз жиналады деген жоспары бар. Облыс әкімі, ШҚ басшысына жоғарыдағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, эко, этно, агротуризмдерді дамытуды қолға алу қажеттігін, туристік бағыт жасауды тапсырды.
“Қазақтың кең дархан даласында егін егуге де, мал бағуға да жер көлемі жеткілікті. Табиғи таза өнімдерді насихаттай отырып, эко, этно туризмдерді дамытуға толық мүмкіндік бар”,-деді өңір басшысы.

Оңдасын Оразалин Қаракөл ауылдық мәдениет үйінің және №45 өрт сөндіру бекетінің жағдайымен танысты. 1972 жылы салынған мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірленуде. Жергілікті тұрғындар салынғанына 50 жылға таяп қалған ғимараттың сыртқы қасбетінің өзгерусіз, архитектуралық келбетінің сақталып қалуын облыс басшысынан сұрады. Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне орай , мәдениет үйіндегі жөндеуді ішкі жағында ғана жүргізуді ЖСҚға енгізуді тапсырды. Өрт сөндіру бекеті 2017ж ашылған. Мұнда жеті адам жұмыс жасайды. Өрт бекетінде УАЗ маркалы автокөлік, 6 өрт сөндіру, 2 мотопомпа техникаларымен жарақталған.
Аймақ басшысы асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысатын “Тайбұрыл ” ШҚ болды. Қожалық 1993 жылы құрылған. 75 бас түйе, 250 қой, 2000 бас жылқы өсіруде. Шаруашылық төрт түлікті бөлшектеп, және тірідей сатылымға шығарады. ІҚ асылдандыру мақсатында РФ-нан Владимирский тяжеловоз жылқыларын алған. Қазір олардың салмағы 900 келіге жеткен.
Облыс басшысы аудан әкімі Асқар Шерияздановқа туризм саласын дамытуды қолға алуды, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарға қолдау көрсетуді, ауылшаруашлығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қарапайым халыққа түсіндіріп, дұрыс ақпараттандыруды тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі