Оңдасын Оразалин: Ақтөбе облысының жетістігі – бүкіл халықтың ықтиятты жұмысының нәтижесі

12 ақпан, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің халықпен есептік кездесуі өтіп, өңірдің 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды, ағымдағы жылдың міндеттері айтылды.

«2019 жылы атқарушы органдар қабылдаған барлық шаралар экономиканы әрі қарай өсіруге, әл-ауқатты көтеріп, облыс тұрғындарымен үнемі байланыста болуға бағытталған болатын. Облыс елдің дамуына сүбелі үлес қосты, бұған макроэкономикалық көрсеткіштер дәлел. Барлық салада оң динамика байқалады. Бұл жетістік облыс халқының бірлескен әрі ықтиятты жұмысының нәтижесі»,- деді облыс әкімі.

Тау-кен өндіру саласында пайдалы қазбаларды өндірудің өскені байқалады, өнеркәсіп өсімі 5,9% қамтамасыз етілген, 1,9 трлн. теңгеге өнім өндірілді, бұл рекордтық сома (2018 жыл – 1,8 трлн. теңге). Мыс-мырыш руда өндірісі 43,5%, алтынды руда 21,5%, мырыш концентраты 16,3%, хром рудасы 4,9%, хром концентраты 2,5% өсті.

Еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін қолданыстағы өндірістер жаңғыртылып жатыр. Жалпы, соңғы үш жылда облыстағы 85 кәсіпорын 155 млрд теңгеге жаңғыртылды.

Жергілікті атқарушы органдар жұмысының ең басты бағыты инвестиция тарту болып қала береді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына 600 млрд теңге инвестиция тартылып, 7,5% өсті. Тартылған инвестицияның 73%-ы - жеке сектордағы субъектілердің өз қаржысы, 36%-ы - шетелдіктердікі.

Негізгі капитал инвестициясының өсімі 160 млрд теңгеге 25 ірі жобаны жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етілген.

Олардың қатарында Мұғалжар ауданындағы «ҚазГеоРуд» ЖШС тарапынан «Құндызды» мыс-мырыш кенін игеру, «ТД «Фатон» ЖШС өндірген ұяшықты автокланды газ бетоны, «АКМЭЗ» ЖШС-нің өсімдік майы мен оның қалдықтарынынан жем өндірісі бар. Осы жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде өңірде қосымша 1700 жұмыс орны ашылды.

Биыл облыстың негізгі капиталына салынатын инвестиция көлемін 740 млрд теңгеге дейін арттыру қажет. 194 млрд теңгеге 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. 21 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылып, оның 58% -ы тұрақты, 43 адам Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары аясында қолдау тапты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі