Оңдасын Оразалин археология саласының өкілдерімен кездесті

11 қараша, дүйсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі  Ә. Марғұлан атындағы археология институтының директоры ҚР ҰҒА академигі, т. ғ. д. Бауыржан Байтанаевты, Ә. Х. Марғұлан археология институты Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Талғат Мамыровпен, Ә.Х Марғұлан археология институтының бас сарапшысы т. ғ. к. Арман Бисембаевпен кездесті.Кездесу барысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша  Ақтөбе облысында   атқарылып жатқан бес бағыттағы  ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша алдын ала нәтижелері баяндалды. Сонымен қатар, 2020 жылы  зерттелуі жоспарланып отырған Ақтөбе облысының ерте көшпелілерінің элиталық ескерткіші, жақында ғана Темір ауданынан табылған алтын адам ескерткішін, Хромтау ауданындағы Моңғолсай және Ойсылқара тарихи-мәдени кешендері, Доңызтау өңіріндегі ортағасырлық Жезді қаласының орнында зерттеу жұмыстарын ары қарай жүйелі зерттеу  мәселесі  талқыланды. 
Оңдасын Оразалин тарихи жәдігерлерді  терең зерттеп, оны келер ұрпаққа  мұра етіп қалдыру  басты міндет екенін жеткізді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі