Оңдасын Оразалин Алға ауданында жұмыс сапарымен болды

17 маусым күні Ақтөбе облысының әкімі Алға қаласына қарасты Подхоз елдімекенінің электр желісі және ауыз сумен қамту жобаларымен танысты.

Подхоз жаңадан құрылып жатқан елдімекен болғандықтан 2019 жылдан бастап инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіле бастады. Қазірде 40-тан астам үй бар. Елдімекенге өткен жылы газ құбыры кіргізілген. Мұнда жыл сайын қоныс аударушылар саны артып отыр. Құны 78,8млн.теңгеге электр желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың 80% аяқталған. Тамыз айында толық бітеді. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында ұзындығы 6км болатын су қүбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 49,6 млн теңге. Жергілікті 4 азамат жұмысқа орналасқан . Алға қаласында “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 5 қабатты 60 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс басшысы баспаналы болған азаматтардың қуанышымен бөлісті.
501,346 млн.тенге қаржыға салынған үй кезекте тұрған көпбалалы отбасы, мүгедек, жетім балаларға берілді. Алға ауданы бойынша 1500 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Аймақ басшысы Алға балалар өнер мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. “Жұмыспен қамтудың - 2020 жол картасы” бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба 2020 жылдың 18 мамырында басталған, қазан айында аяқталуы тиіс. 1980 жылы салынған ғимараттың жөндеуімен “KND Construction” ЖШС мердігер мекемесі айналысуда. Облыс әкімі нысанды аралап, құрылыс сапасын бақылады. Және қыркүйек айында пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Оңдасын Оразалин Алға қаласында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен танысты. 73 км болатын Наурыз, 1 км болатын Чапаев, 77 км Шиелі көшесі, 48 км болатын Балдырған көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Тамды ауылдық округінде гидротехникалық су бөгетінің құрылысын қарады. «АктобеНефтеГазСтрой» ЖШС мердігер мекемесі құрылыс жұмысын биыл мамыр айында бастады. Су бөгеті Елек өзенінде су тасу жағдайы орын ала қалғанда Тамды ауылын су басу қауіпінің алдын алу мақсатында салынуда.Жұмыс 3 айда аяқталады деп жоспарланып отыр. Бөгетті салуға 48,8 млн.теңге бөлінген.
Тамды ауылында “Жұмыспен қамтудың-2020 жол картасы” аясында ұзындығы 3,8 км болатын жол құрылысы жүріп жатыр. Ол үшін 205 200,8 мың тенге қаралған. Құрылыс жұмыстары 7 айда аяқталады. Осы жоба арқылы жергілікті 55 азамат еңбекпен қамтылды.Облыс әкімі аудан басшысы Мамырғали Аққағазовқа құрылыс жұмыстарын қарқындатуды, ауылшаруашылық саласын дамытып, қосымша жұмыс көздерін ашуды тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі