Оңдасын Оразалин «РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ» мерекесіне орай діни бірлестік өкілдерін құттықтады

Бейсенбі, 15 қазан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен «Діни келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мейрамек Шермағанбет, дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, жергілікті діни бірлестік өкілдері клубының мүшелері қатысты.
“Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» – деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді сақтап, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді.
Қазақстан халқының бiрлiгi мен ынтымағын қамтамасыз етуге арналған, конфессияаралық және мәдени келiсiм мен дiни төзiмдiлiк саясатын табанды жүргiзiп отырған ел ретiнде танымал”,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Аймақ басшысы «Рухани келісім күні» мерекесіне орай ҚМДБ Ресрубликалық ислами діни бірлестігі «Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешіті» филиалының наиб имамы Әли Алмат, «Алматы әулие Николай приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің басшысы Константин Дахнон, «Надежда» Ақтөбе Евангельдік христиан-баптистер шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Дмитрий Шенуді және т.б діни бірлестік басшыларын конфессияаралық бірлік пен татулықты сақтап қалуда қосып жатқан үлестері үшін алғыс хатпен марапаттады.
Облыста 92 діни бірлестіктер өзара ынтамақтастықта қызмет етуде. Олардың, 67-сі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының филиалы, 9-ы православиелік, 2-еуі католиктік, 13-і протестанттық және 1-еуі «Кришна санасының Ақтөбе қоғамы».
Басқосу барысында «Жарық» ақпараттық консультативтік орталығының директоры Айгүл Дүйсенова «Рухани келісім» күні аясында өткізілген шаралар туралы баяндады.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі