Облыс әкімі жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болды

Жексенбі, 8 қыркүйек күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Хромтау қаласындағы мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтер кілтін табыстады. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 4 қабатты 48 пәтерлі 2 тұрғын үйдің 1-3 бөлмелі пәтер кілті 96 азаматқа берілді.
"Нұр Отан» партиясының XVIII-ші съезінде Елбасы әлеуметтік саясат саласындағы шаралардың іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырып, тұрмысы нашар және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде ауқымды шаралар ұсынған болатын.
Қазіргі таңда Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегінде 1 041 адам тұр оның 87-і көпбалалы отбасы.Ешкім заң аясында мемлекет тарапынан берілетін қолдаудан да, назардан да тыс қалмауы тиіс. Біз азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бұл бағыттағы жұмыстарды одан да әрі жалғастыра беретін боламыз,"- деп атап өтті өңір басшысы.
Хромтау ауданында 2019 жылы 96 пәтерден тұратын 2 төрт қабатты тұрғын үй тапсырылды. Келесі жылы 100 пәтерлі 2 бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.Салатанатты шарадан соң, аймақ басшысы жаңа үйлерді аралап, көпбалалы және жас отбасылардың шаңырағында болды. Жаңа қоныс иелеріне тоңазытқыш, теледидар тарту етті. Пәтерге қол жеткізген азаматтар мемлекет саясатын жүзеге асырып, ақтөбеліктердің үйлі болуына жағдай жасаған аймақ басшысына алғыстарын білдірді.
Бұдан соң облыс әкімі 22- ші мөлтек ауданда бой көтеріп жатқан 320 орындық бала-бақшаның құрылысымен танысты. Құны 880 млн теңгені құрайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымның құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталу жоспарда.Аймақ басшысы мердігер мекемеге жұмыс сапасын күшейтіп,қүрылысты қарқындатуды тапсырды.
Аймақ басшысы сондай-ақ, осы жылдың тамыз айында пайдалануға берілген 600 орындық аралас мектеп- гимназиясын аралады. 3 қабатты нысанның жанында сыйымдылығы 100 орынға шақталған интернаты орналасқан. Соңғы үлгіде салынған мектеп- гимназияның 21 сынып бөлмесі интерактивті сенсорлық тақтамен және 100 орындық асхана, спорт залмен жабдықталған.
Оңдасын Оразалин мұнда тұрғындардың мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Тұрғын үй, жер телімдерін алуға қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешілуін аудан басшысы Нағымжан Алдияровқа жүктеді.
Аймақ басшысы осы қаладағы көлемі 15 га құрайтын орталық саябақта жүріп жатқан қайта құру жұмысымен танысып, жөндеу жұмыстарын ыждағаттауды тапсырды. Облыс әкімі 2400 орындық Дөң Кең-Байыту комбинаты орталық стадионда болды. Алаңда балалардың доп теуіп, спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Жасанды газонмен жабдықталған футбол, волейбол, жүгіру алаңдары бар.
Стадион трибуналарында жаңа заманауи орындықтар орнатылған.
Жаттығу залы, душ, жалпы ауданы 672 ш.м. атлеттер мен жаттықтырушыларға арналған үй-жайлары бар екі қабатты жаңа спорт кешеннен тұрады.
Оңдасын Оразалин Қопа ауылдық округіне ат басын бұрды. №14 газ компрессорлық стансаның жұмысымен танысты.Бұхара-Орал магистральды газ құбыр желісі бойынша табиғи газды комплимирлеумен айналысатын «Интергаз Орталық Азия» АҚ Краснооктябрь желілік өндірістік басқармасы РФ-нан тәулігіне 15 млн текше метр газ алады. Ақтөбе облысын тәулігіне 3 млн 300 мың текше метр газбен қамтиды. Желілік өндірістік басқарманың міндеті бойынша 1298-1446 шақырымдағы магистральды газ құбырларын табиғи отынмен қамтып отыр. Бейнеу-Бозой- Шымент магистральді құбырына тәулігіне 12 млн т/м газ берілуде.
Жергілікті азаматтардан құралған 130 адам жұмыс жасайды. Оңдасын Оразалин желілік өндірістік басқарма жұмысшыларымен кездесіп, еңбектеріне оң бағасын берді.
Өңір басшысы Тамды ауылындағы 113 бала білім алып жатқан Сатпай орта мектебінде болды. Мектепке спорт зал салу мәселесі көтерілді. Ол үшін ЖСҚ әзір. Облыс әкімі келесі жылдың бюджетіне енгізіп аталған сұраныстың шешілуін жауаптыларға тапсырды.
Оңдасын Оразалин қопалық тұрғындармен кездесті. Ауыл халқы үшін жайылымдық жер мәселесі өзекті. Себебі, ауыл сыртындағы жайылымдық жерді жеке мекеме иеленіп, тұрғындардың төрт түлігі жайылатын жерлер тарыла түскен. Оңдасын Оразалин ауылшаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайға, және аудан, ауыл әкімдеріне бұл мәселені тез арада реттеуді тапсырды.
"Кезінде бір жүйеден екінші жүйеге көшу кезеңдерінде түрлі қиындықтарды бастан өткердік, Елбасының саралы саясатының арқасында еңсемізді тіктеп әлеуметтік жағдайымызды жақсарта бастадық, оның барлығына ауызбіршілік пен сабырлық, еңбексүйгіштіктің арқасында жетудеміз, атқарушы билік тарапы ретінде қандай мәселе болмасын шешілу жолдарына ықпал жасаймыз,"- деді Оңдасын Оразалин.
Іс-сапар соңында "Актеп" ЖШС мал шаруашылығы кешенінде болды. Етті кластер бағытындағы кәсіпорын австралиялық ангус тұқымдас
сиырларды бағумен айналысады. Сиырдың саны 12 мың 318ге жеткен. Кәсіпкер Оразақ Самұратов отбасылы малшылар үшін арнайы тұрғын үйлер салынғандығын жеткізді. Жалақылары 250 мың теңге. Оңдасын Оразалин Хромтау ауданының әкіміне барлық бағыттағы жұмыстарды қарқындатуды тапсырды.
"Президент тапсырмаларына сай, Жолдауда көрсетілген бағыттардың орындалуын қолға алыңдар, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, бос жұмыс көздерін ашып, жұмыссыздықпен күрес күшейтілсін",-деді облыс әкімі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі