Облыс әкімінің орынбасары ҰОС ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады

Облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің тапсырмасына сәйкес барлық облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, басқармалар басшылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Жеңістің 75 жылдығына байланысты құттықтау хатын алып, барлық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне кіріп, құттықтады, сыйлықтар табыстады.
Облыстағы барлық Ұлы Отан соғысының қатысушыларына облыстық бюджеттен 1 млн. теңгеден қаржы бөлініп, берілді.
Біз Ұлы Отан соғысының ардагері Тоқтабаев Ғизат Мұхтарұлына барып, арнайы құттықтадық, ҚР Президентінің атынан берілген құттықтау хатын оқып бердік және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы атынан да құттықтау хатын табыстадық.
Атамыз Совет Одағы әскерінің құрамында Ұлы Отан соғысында шайқасып, «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Германияны жеңгені» үшін медалімен марапатталған.
Ардагермен біраз уақыт отырып, әңгімесін тыңдадық, кездесу соңында атамыз келгенімізге ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай жалпы сомасы 340,8 млн. теңге бөлініп, 29 ҰОС ардагерлеріне 1 млн.тг, 1777 ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге 100 мың тг, 222 соғыс ардагерінің жесіріне 50 мың тг, 4988 тыл ардагеріне 30 мың тг табысталды.