Облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров жұмыс сапарымен Хромтау ауданына барды

Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапары барысында «Жұмыспен қамту жол картасы»

  бағдарламасы аясында Ақжар ауылындағы көшені орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы, Хромтау ауданында 2,2 млрд.теңгеге 21 жоба жүзеге асырылады. 545 жұмыс орнын құрумен, оның ішінде жартысы жұмыспен қамту орталығы арқылы басымдықпен жұмыссыз жастар жіберілетін болады.

Хромтау қаласында орталық саябақты абаттандыру жұмыстарымен танысты, сондай-ақ қазіргі уақытта ғимараты кеңейтіліп жатқан Жұмыспен қамту орталығында болды.

Хромтау ауданы әкімінің орынбасары М.Қосымбаева № 2 гимназияның ағымдағы жөндеу жұмыстары барысы туралы баяндады. Аудан әкімінің орынбасары С.Жаконовпен бірге 320 орындық балабақша және дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы нысандарын аралады.

Аудан әкімдігінің ғимаратында әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, әлеуметтік бағдарламалар және басқа да мәселелер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ақпараттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары мен басшыларының орынбасарлары баяндама жасады.

Руслан Хамбаров моноқаланың экономикасын әртараптандыру мақсатында шағын және орта бизнесті дамыту маңызды екеніне назар аударды, сондай-ақ қаланы абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.