ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

6 мамыр күні Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барды.
Аймақ басшысының бірінші орынбасарына аудан әкімі Нағымжан Алдияров аудандағы атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды көрсетті.
Алдымен қаладағы спорт алаңында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып,апаттық жағдайдағы №3 балабақша ғимаратының жай-күйін қарады.
Шаһар орталығындағы саябақтың қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, Әйтеке би, Т.Рысқұлбеков көшелерімен, Абай даңғылымен, А.Әліпов, М.Әуезов көшелерін аралап, қасбеттері боялып, қайта өң алған көп қабатты үйлерді, көпқабатты үйлердің аулаларының жолдарын жөндеу жұмыстарын, жаңадан орнатылып жатқан автобус аялдамалары мен А.Әліпов көшесін кеңейту жұмыстары бойынша жоспарды және евроконтейнерлер қоюға арнайы салынып жатқан қоқыс алаңдарын өз көзімен көрді.
Сондай-ақ, 22 квартал ықшам ауданында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда болып, электр желілері, газ, кәріз жүйесі желісін тарту жұмыстарымен, 6 көшенің жолдарының және 320 орындық бала-бақша құрылысымен, 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы нысанын аралап көрді.
Өңір басшысының бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов аудандағы сапарында жаңадан бой көтеріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысып, қала кіреберісіндегі иесіз саяжайларды сүру жұмыстарын қарады.
Аймақ басшысының бірінші орынбасарының аудандағы сапары Ақжар ауылдық округінде қорытындыланды.
Ақжар ауылындағы ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарымен және "Ангар үлгісіндегі" спорт кешенінің құрылысына белгіленген жер учаскесін көріп, аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, түйінді мәселелердің түйіткілін шешетіндігін жеткізді.