НҚА жобасы

 Ақтөбе облысы әкімдігінің және облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысының және шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының мәслихатты болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылдың 4 қарашасындағы  № 01-2/83 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің  қорытындысы ұсынылған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің және облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар  және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы» бірлескен қаулысының және шешімінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 26 кыркүйегінде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың  10 қазанында аяқталды. Есептемені қарау 69 адам, адамдардың пікірлер болған жоқ.

 

Жоба

Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен ҚАУЛЫСЫ

және облыстық мәслихаттың ШЕШІМІ

Ақтөбе қаласы     №                2019 жылғы «__» ______

Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар  және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Алға, Ырғыз, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округтегі жақын елді мекендердің құрамына қосылсын.

1) Алға ауданы бойынша:

Маржанбұлақ ауылдық округінің Қарағандысай ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Маржанбұлақ ауылдық округінің Қайыңдысай ауылының құрамына қосылсын;

2) Ырғыз ауданы бойынша:

Ырғыз ауылдық округінің Қалалыкөл ауылы таратылып, таратылған ауылдың тұрғындары жақын орналасқан Ырғыз ауылдық округінің Ырғыз ауылының құрамына қосылсын;

3) Қобда ауданы бойынша:

Өтек ауылдық округінің Жарсай-2, Сөгәлі ауылдық округінің Сөгәлі, Жарық ауылдық округінің Ортақ және Жаманкөл, Жарсай ауылдық округінің Қарағанды ауылдары таратылып, таратылған ауылдардың тұрғындары жақын орналасқан Өтек ауылдық округінің Өтек, Сөгәлі ауылдық округінің Қоғалы, Жарық ауылдық округінің Жарық, Жарсай ауылдық округінің Жарсай ауылдарының құрамына қосылсын;

4) Мәртөк ауданы бойынша:

Жайсаң ауылдық округінің Жанатаң және Байнассай ауылдық округінің 13 жылдық Қазақстан ауылдары таратылып, таратылған ауылдардың тұрғындары жақын орналасқан Жайсаң ауылдық округінің Жайсаң және Байнассай ауылдық округінің Байнассай ауылдарының құрамына қосылсын;

5) Мұғалжар ауданы бойынша:

Жұрын ауылдық округінің Изембет ауылы және Мұғалжар ауылдық округінің № 57 «Тас» разъезды таратылып, таратылған елді мекендердің тұрғындары жақын орналасқан Жұрын ауылдық округінің Көбелей және Мұғалжар ауылдық округінің Мұғалжар ауылдарының құрамына қосылсын;  

6) Шалқар ауданы бойынша:

Кішіқұм ауылдық округінің Шағыр және Сардүлек, Қауылжар ауылдық округінің Көкпек (№ 66 разъезд) және Бүйректөбе (№ 67 разъезд), Тоғыз ауылдық округінің Қаратал ауылы, Қопатай және Үшқұрай разъездері, Бiршоғыр ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы, Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Алақозы ауылы таратылып, таратылған елді мекендердің тұрғындары жақын орналасқан Кішіқұм ауылдық округінің Шілікті ауылына және Шоқысу, Қауылжар ауылдық округінің Ұлпан, Тоғыз ауылдық округінің Көпмола стансаларына, Бiршоғыр ауылдық округінің Сарысай Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Байқадам ауылдарының құрамына қосылсын.

2. «Ақтөбе облысы бойынша статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне сәйкесінше өзгерістер енгізсін.

3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.

4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                           О. ОРАЗАЛИН

Облыстық мәслихатының хатшысы                С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА                    

Облыстық мәслихатының сессия төрағасы   Ж. МУХАМБЕТПАИЗОВА                                    

 


Ақтөбе облысы әкімдігінің және облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысының және шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының мәслихатты болып табылады.

 Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі  Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының  11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының  1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылдың 17 қыркүйегіндегі   № 01-2/69 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің  қорытындысы ұсынылған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің және облыстық мәслихаттың «Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен қаулысының және шешімінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 29 тамызда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 16 қыркүйегінде аяқталды. Есептемені қарау 82 адам, адамдардың пікірлер болған жоқ.

 

Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы

өзгерістер туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының  4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шұбарши ауылдық округі таратылсын.

2. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, Саркөл ауылдық округінің шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 15248 гектар таратылатын Шұбарши ауылдық округінің аумағы, соның ішінде Шұбарши кентін қоса отырып өзгертілсін.

Жалпы көлемі 155791 гектар Саркөл ауылдық округінің шекаралары жалпы көлемі 15248 гектар Шұбарши кентіндегі әкімшілік орталығымен қоса белгіленсін.

3. Темір ауданының әкімі «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірге осы бірлескен әкімдіктің қаулысынан және мәслихаттың шешімінен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. «Ақтөбе облысының статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

5. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.

6. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

7. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                              О. ОРАЗАЛИН

Облыстық мәслихаттың хатшысы                                      С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА                    

Облыстық мәслихаттың Сессия төрағасы                        А. БОЛАТОВ                                               


Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы  9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылдың 3 қыркүйегіндегі  № 01-2/67 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің  қорытындысы ұсынылған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы  13 мамырдағы № 184  «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы  11 қыркүйектегі № 314 «Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың   2 қыркүйегінде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 17 қыркүйегінде аяқталды. Есептемені қарау 74 адам, пікірлер және оларға берілген жауаптар саны үшеу.

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 184  «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 «Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы  9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 184  «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 «Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде           № 6142 тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде жарияланған)  мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының кіріспесі орыс тіліндегі мынадай редакцияда жазылсын:

«В соответствии со статьями 27 Закона Республики Казахстан  от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении Республики Казахстан», подпунктом 3) пункта 3 статьи                3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года «Об участии граждан в обеспечении общественного порядка», пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О правовых актах» акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:», қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланған күнінен кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ақтөбе облысының әкімі                                                                     О.Оразалин


 Ақтөбе облысы әкімдігінің және облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысының және шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының мәслихатты болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылдың 21 тамыздағы № 01-2/63 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің  қорытындысы ұсынылған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің және облыстық мәслихаттың «Ақтөбе облысының Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округінің Торайғыр ауылын тарату туралы» бірлескен қаулысының және шешімінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 19 тамызда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылғы 02 қыркүйекте аяқталды. Есептемені қарау 66 адам, адамдардың пікірлер болған жоқ.

 

Жоба

Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен ҚАУЛЫСЫ

және облыстық мәслихаттың ШЕШІМІ

Ақтөбе қаласы            №        2019 жылғы «__» тамыз

 

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округінің Торайғыр ауылын тарату туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының               2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Мәртөк ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтындығына байланысты, оның тұрғындарын жақын ауыл Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округінің Құрмансай ауылының құрамына қоса отырып, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданының Құрмансай ауылдық округінің Торайғыр ауылы таратылсын.

2. «Ақтөбе облысы бойынша статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне сәйкесінше өзгерістер енгізсін.

3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.

4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                        О. ОРАЗАЛИН

Облыстық мәслихатының хатшысы                            С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА                    

Облыстық мәслихатының сессия төрағасы              А. БОЛАТОВ                                      

 


«Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының бірлескен қаулысы және шешіміне БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы»  Қазақстан  Республикасының   2001  жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 13 тамыздағы  №01-2/55 қорытындысы алынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 30 шілдесінде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 13 тамызда  аяқталды. Есептемені қарау 11 бірлік, адамдардың пікірлері болған жоқ.

 

Жоба

Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен ҚАУЛЫСЫ

және облыстық мәслихаттың ШЕШІМІ

Ақтөбе қаласы                              №                             2019 жылғы  тамыз

Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 6және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының  1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 24 мамырдағы қорытындысына, Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының өткізілген көпшілік тыңдауларының хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1.Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының атаусыз көшелеріне:
  1. схемалық картаға сәйкес, Қазтуған жырау,
  2. схемалық картаға сәйкес, Дулат Бабатайұлы,
  3. схемалық картаға сәйкес, Мұхамеджан Сералин,
  4. схемалық картаға сәйкес, Нәзір Төреқұлов,
  5. схемалық картаға сәйкес, Ақтүбек,
  6. схемалық картаға сәйкес, Бердібек Соқпақбаев,
  7. схемалық картаға сәйкес,Тараз,
  8. схемалық картаға сәйкес, Аршын,
  9. схемалық картаға сәйкес, Ақшуақ,
  10.  схемалық картаға сәйкес, Миялы,
  11. схемалық картаға сәйкес, Нұржауған,
  12. схемалық картаға сәйкес, Ақтілек,
  13. схемалық картаға сәйкес,  Алтын арқа,
  14. схемалық картаға сәйкес, Жұмат Шанин,
  15. схемалық картаға сәйкес, Әлімхан Ермеков,
  16.  схемалық картаға сәйкес, Үкілі Ыбырай,
  17. схемалық картаға сәйкес, Әбілхан Қастеев,
  18. схемалық картаға сәйкес,  Халифа Алтай,
  19.  схемалық картаға сәйкес, Қағанат,
  20. схемалық картаға сәйкес, Шопан ата,
  21. схемалық картаға сәйкес, Зеңгі баба,
  22. схемалық картаға сәйкес, Назқоңыр,
  23. схемалық картаға сәйкес, Қамбар ата,
  24. схемалық картаға сәйкес, Көксарай,
  25. схемалық картаға сәйкес, Кейкі батыр,
  26. схемалық картаға сәйкес, Әзілхан Нұршайықов,
  27.  схемалық картаға сәйкес, Қызыларай,
  28. схемалық картаға сәйкес, Шұбарағаш,
  29.  схемалық картаға сәйкес, Шоқыр Бөлтекұлы,
  30. схемалық картаға сәйкес, Бұлбұл,
  31. схемалық картаға сәйкес, Ер Көкше,
  32. схемалық картаға сәйкес, Медеу,
  33. схемалық картаға сәйкес, Мұстафа Өзтүрік,
  34. схемалық картаға сәйкес, Сайрам,
  35. схемалық картаға сәйкес, Шыңғыс Айтматов,
  36. схемалық картаға сәйкес, Баянды,
  37. схемалық картаға сәйкес, Ақтоған,
  38. схемалық картаға сәйкес, Алтай,
  39. схемалық картаға сәйкес, Баянауыл,
  40. схемалық картаға сәйкес, Бестас,
  41.  схемалық картаға сәйкес, Сұлутал,
  42. схемалық картаға сәйкес, Ордабасы,          
  43. схемалық картаға сәйкес, Ақ желек,
  44. схемалық картаға сәйкес, Ақтолқын,
  45. схемалық картаға сәйкес, Жаңа дәуір,
  46. схемалық картаға сәйкес, Дәнеш Рақышев,
  47. схемалық картаға сәйкес, Керегетас,
  48. схемалық картаға сәйкес, Майлықожа ақын,
  49. схемалық картаға сәйкес, Жаңатас,
  50. схемалық картаға сәйкес, Тереңөзек,
  51. схемалық картаға сәйкес, Үмбетей жырау,
  52. схемалық картаға сәйкес, Тастемір,
  53. схемалық картаға сәйкес, Таң самалы,
  54. схемалық картаға сәйкес, Жылқаман батыр,
  55. схемалық картаға сәйкес, күйші Нұртуған,
  56. схемалық картаға сәйкес, Армандастар,
  57. схемалық картаға сәйкес, Сұлтанбек Қожанов,
  58. схемалық картаға сәйкес, Қарақат,
  59. схемалық картаға сәйкес, Шымбұлақ,
  60. схемалық картаға сәйкес, Көкжазық,
  61. схемалық картаға сәйкес, Рақымжан Қошқарбаев,
  62. схемалық картаға сәйкес, Сағидолла Құбашев:
  1. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының атаусыз көшелеріне:
  1. схемалық картаға сәйкес, Көкжар,
  2. схемалық картаға сәйкес, Қосарал,  
  3. схемалық картаға сәйкес, Қазыбек би,   
  4. схемалық картаға сәйкес, Жауһар,  
  5. схемалық картаға сәйкес, Ақбозат,  
  6. схемалық картаға сәйкес, Айшуақ, 
  7. схемалық картаға сәйкес, Отан,
  8. схемалық картаға сәйкес, Өренсай,
  9. схемалық картаға сәйкес, Ақбақай,
  10. схемалық картаға сәйкес, Шұбартал,
  11. схемалық картаға сәйкес, Ақжүрек,
  12. схемалық картаға сәйкес, Мұғалжар,
  13. схемалық картаға сәйкес, Белжайлау,
  14. схемалық картаға сәйкес, Барыс,
  15. схемалық картаға сәйкес, күйші Ықылас,
  16. схемалық картаға сәйкес, Жеті жарғы,
  17. схемалық картаға сәйкес, Алатау, 
  18. схемалық картаға сәйкес, Қостанай,
  19. схемалық картаға сәйкес, Көкшетау,  
  20. схемалық картаға сәйкес, Шұбарсу,    
  21. схемалық картаға сәйкес, Ұланбел, 
  22.  схемалық картаға сәйкес, Барлыбек Сыртанов,      
  23. схемалық картаға сәйкес, Алтын қазық,
  24.  схемалық картаға сәйкес,  Молшылық,  
  25. схемалық картаға сәйкес,  Талдықорған, 
  26. схемалық картаға сәйкес, Қарақамыс, 
  27. схемалық картаға сәйкес, күйші Дәулеткерей,
  28. схемалық картаға сәйкес, Григорий Потанин,
  29. схемалық картаға сәйкес, Толғанай,
  30. схемалық картаға сәйкес, Санжар Асфендияров,
  31. схемалық картаға сәйкес, Жаяу Мұса,
  32. схемалық картаға сәйкес, Жас ұлан,
  33. схемалық картаға сәйкес, Сабыр Рахимов,
  34. схемалық картаға сәйкес, Дала қыраны,
  35. схемалық картаға сәйкес, Еділ-Жайық,
  36. схемалық картаға сәйкес, Қайырлы,
  37. схемалық картаға сәйкес, Шортанбай ақын,
  38. схемалық картаға сәйкес, Айқын,
  39. схемалық картаға сәйкес, Жұлдызды,
  40. схемалық картаға сәйкес, Қадырғали Жалайыри,
  41. схемалық картаға сәйкес,  Қоңырөлең,
  42. схемалық картаға сәйкес,  Бестерек,
  43. схемалық картаға сәйкес, Ақөзек,
  44. схемалық картаға сәйкес, Ханжайлау,
  45. схемалық картаға сәйкес, Жас талап,
  46. схемалық картаға сәйкес, Түркістан,
  47. схемалық картаға сәйкес, Батырлар,
  48. схемалық картаға сәйкес, Кемел,
  49. схемалық картаға сәйкес, Асан қайғы,
  50. схемалық картаға сәйкес, Ақкент,
  51. схемалық картаға сәйкес, Ақжазық,
  52. схемалық картаға сәйкес, Бастау,
  53. схемалық картаға сәйкес, Балқаш,
  54. схемалық картаға сәйкес, Ақсемсер,
  55. схемалық картаға сәйкес, Мыңбұлақ,
  56. схемалық картаға сәйкес,  Көктерек,
  57. схемалық картаға сәйкес, Ақжарқын,
  58. схемалық картаға сәйкес, Күнгей,
  59. схемалық картаға сәйкес, Таңқурай,
  60. схемалық картаға сәйкес, Алқатерек,
  61. схемалық картаға сәйкес, Аққұдық,
  62. схемалық картаға сәйкес, Қосқоңыр,
  63. схемалық картаға сәйкес, Латиф Хамиди,
  64. схемалық картаға сәйкес, Қасым Аманжолов,
  65. схемалық картаға сәйкес, Естай ақын,
  66. схемалық картаға сәйкес, Айдарлы атауларымен атау туралы ұсыныстар мақұлдансын;

 

  1.  Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының келесідей көшелері:

 60 лет Октября көшесі – Сарыжайлау көшесі;

 Советский көшесі – Балдырған көшесі;

 Рудный тұйық көшесі –  Бесшағыл тұйық көшесі деп қайта аталсын.

 

  1.  Ақтөбе қаласы «Астана» ауданының құрамдас бөліктеріне:

Атауы жоқ шағын ауданына –Байқала шағын ауданы;

Атауы жоқ шағын ауданына – Ұлы Дала  шағын ауданы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Байқоңыр тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Қозыбасы тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Торғай тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Қанағат тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Парасат тұрғын үй алабы;

 

  1.  Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының құрамдас бөліктеріне:

Атауы жоқ тұрғын үй алабына  - Жездібай тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Сарайшық тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Тоныкөк тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына - Күлтегін тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына - Құмсай тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Ақдала тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ шағын ауданына – Есет батыр шағын ауданы;

Атауы жоқ орамына – Жазық орамы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Созақ тұрғын үй алабы;

Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Жаңа ауыл тұрғын үй алабы;

          Атауы жоқ тұрғын үй алабына – Шығыс тұрғын үй алабы атаулары берілсін.

2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжановқа жүктелсін.

3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                               О.ОРАЗАЛИН

Облыстық мәслихаттың хатшысы                           С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Облыстық мәслихаттың  сессия төрағасы                                                


Ақтөбе облысы әкімдігінің және облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысының және шешімінің жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының мәслихатты болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылдың 10 маусым № 01-2-29 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынылған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің және облыстық мәслихаттың «Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен қаулысының және шешімінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 20 мамырда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылғы 03 маусымда аяқталды. Есептемені қарау 72 адам, адамдардың пікірлер болған жоқ

 

Жоба

Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен ҚАУЛЫСЫ

және облыстық мәслихаттың ШЕШІМІ

 

Ақтөбе қаласы                                                                                                                                                                                                                                                      № 2019 жылғы «__» маусым

 

 

Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы

өзгерістер туралы

 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТТІ:

 

1. Қоса беріліп отырған № 1 схемалық картаға сәйкес Шұбарқұдық ауылдық округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 8320 гектар аумақты, соның ішінде Шұбарқұдық ауылын және Жақсымай бекетін шығара отырып өзгертілсін.

Жалпы көлемі 24640 гектар Шұбарқұдық ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған № 2 схемалық картаға сәйкес, әкімшілік орталығы Шұбарқұдық ауылы болып, оның құрамына жалпы көлемі 61555 гектар аумақты, соның ішінде жалпы көлемі 4160 гектар Шұбарқұдық ауылын және жалпы көлемі 4160 гектар Жақсымай бекетін қоса отырып, Жақсымай ауылдық округі құрылсын.

3. Шығырлы ауылдық округі таратылсын.

4. Қоса беріліп отырған № 3 схемалық картаға сәйкес Ақсай ауылдық округінің шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 16606 гектар таратылатын Шығырлы ауылдық округі, соның ішінде 8504 гектар Шығырлы ауылын, 3893 гектар Бірлік ауылын және 4209 гектар Ащысай ауылын қоса қоса отырып өзгертілсін.

Жалпы көлемі 157958 гектар Ақсай ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.

5. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері Темір ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және осы бірлескен әкімдіктің қаулысынан және

мәслихаттың шешімінен туынддайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

6. «Ақтөбе облысының статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

7. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.

8. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

9. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі О. ОРАЗАЛИН

 

Облыстық

мәслихатының хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

 

Облыстық мәслихатының

сессия төрағасы А. САДЫҚОВ


Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Қаулы жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2018 жылғы 25 қазандағы №02-1/107 қорытындысы алынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 4 наурызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 19 наурызда аяқталды. Есептемені қарау 13 бірлік, пікірлер болған жоқ.


 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы  9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылдың 17 сәуір № 01-2/7 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің  қорытындысы ұсынылған.

Ақтөбе облысы әкімдігінің «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі №314 «Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы    2 сәуірде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылғы  16 сәуірде аяқталды. Есептемені қарау 62 адам, адамдардың пікірлер болған жоқ.

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі  № 314 «Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 314 «Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5659 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Е.Абдуллинге жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ақтөбе облысының әкімі                                                                     О.Оразалин

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2019  жылғы «____»_______

№ _____ қаулысына

  қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 314 қаулысына қосымша

 

Ақтөбе облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ақтөбе облысы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы ұсынады.

4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

5. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссиямен белгiленеді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Ақтөбе облысының полиция департаментімен жүргiзіледі.

7. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.


 

2019 жылғы 20 наурыздағы №106/414 «Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы»  бірлескен қаулысының және шешімінің күші жойылды деп тану туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының бірлескен шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының мәслихатты болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылдың 2 сәуірінде № 01-2/1 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің  қорытындысы ұсынылған.

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 18 наурызда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталды. Есептемені қарау 12 адам, адамдардың пікірлер болған жоқ.

 

жоба

Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен ҚАУЛЫСЫ және облыстық мәслихаттың ШЕШІМІ

Ақтөбе қаласы                                      №                     2019 жылғы 5 сәуір

Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы №106/414 «Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы» бірлескен қаулысының және шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы  20 наурыздағы қорытындысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы №106/414 бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6020 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.

3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 

Облыс әкімі                                                                О. ОРАЗАЛИН

Облыстық мәслихаттың хатшысы                            С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы                Б. БЕРКІМБАЕВ


«Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы  деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының бірлескен шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының мәслихатты болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының  1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 5 наурызда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылғы 19 наурызда аяқталды. Есептемені қарау 10 адам, адамдардың пікірлер болған жоқ.

жоба

Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен ҚАУЛЫСЫ және облыстық мәслихаттың ШЕШІМІ

Ақтөбе қаласы                                      №                     2019 жылғы 20 наурыз

Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысына, Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының өткізілген көпшілік тыңдауының хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласы Астана ауданы Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта аталсын.

2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.

3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                О. ОРАЗАЛИН

Облыстық мәслихаттың хатшысы                           С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Облыстық мәслихаттың  сессия төрағасы             Б. БЕРКІМБАЕВ 


«Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округін Бершүгір ауылдық округі деп қайта атау туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы»  Қазақстан  Республикасының   2001  жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 18 наурыздағы №06-1/14 қорытындысы алынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 1 наурызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 15 наурызда аяқталды. Есептемені қарау 8 бірлік, адамдардың пікірлері болған жоқ.

 

Жоба

Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының бірлескен ҚАУЛЫСЫ және Ш Е Ш І М І

Ақтөбе қаласы                                       №                      2019 жылғы     сәуір

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округін Бершүгір ауылдық округі деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы»  Қазақстан  Республикасының   2001   жылғы  23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы  қорытындысына, Шалқар ауданы әкімдігінің және мәслихатының ұсыныстарына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ   ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Біршоғыр ауылдық округі Бершүгір ауылдық округі деп қайта аталсын.

2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                              О.ОРАЗАЛИН

Облыстық мәслихаттың хатшысы                                          С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Облыстық мәслихаттың  сессия төрағасы                             Б.БЕРКІМБАЕВ

 

 

«Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының мәслихатты болып табылады.

Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 8 бабына және 11 бабының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және 27 бабының 2 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылдың 15 ақпан айының  № 04-1/36 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің  қорытындысы ұсынылған.

«Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы» қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 1 ақпанда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылғы 15 ақпанда аяқталды. Есептемені қарау 9 адам, адамдардың пікірлер болған жоқ.

 

БІРІККЕН АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ МЕН МАСЛИХАТТЫҢ ШЕШІМІ

Ақтөбе қаласы

2019 жылдың  1 наурызы

Ақтөбе қаласының ауылдарын

тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 8 бабына және 11 бабының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және 27 бабының 2 тармағына сәйкес және Ақтөбе қаласының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласының келесі ауылдары тұрғын үй алаптарына қайта құрылсын:

Кенес Нокин, Ақшат, Белогор, Белогор карьері, Бекқұл баба, Қызылжар, Пригородный, Садовое, Украинка, Өлке, Шиелісай, Жаңақоныс, Құрашасай, Жіңішке, Шестихатка, Құрайлы, Георгиевка, Елек, Өрлеу, Қарғалы, Ақжар, Мағаджан, Сазды.

  1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы сәйкестендірсін.
  2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі  

Б. САПАРБАЕВ

Облыс мәслихат хатшысы

С. КАЛДЫГУЛОВА

Облыстық мәслихатының сессия  төрағасы

Т. ЕСЕНҒҰЛОВ

 

 

 

 

 

 

12.10.2016 ж.

Ақтөбе облысының аумағында ауыл шаруашылық жануарларды ұстау Қағидалары

Жүктеу


07.10.2016 ж.

«Азаматтарды 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы»

«Азаматтарды 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (Жүктеу)

15.09.2016 ж.

Ақтөбе облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру туралы

Ақтөбе облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру туралы (Жүктеу)


05.09.2016 ж.

«Азаматтарды 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Өзгерістер

Қосымша

Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары(Жүктеу)

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы(Жүктеу)

2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы(Жүктеу)

Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшінкоммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы(Жүктеу)

Ақтөбе облысының тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау туралы(Жүктеу)

Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі(Жүктеу)

Қосылды: 
15.09.2016 - 12:10
Соңғы өзгерiстер: 
12.11.2019 - 05:07
ТіркемеКөлем
Package icon 19-04-2016_13-10-23- СЗКЭ.zip1.65 MB
PDF icon заключение государственной экологической экспертизы.pdf326.34 KB
File земпроект рус.rar272.7 KB
File Изменение целевого назначения.rar277.09 KB
File изыскат раб рус.rar262.44 KB
File Кадастровая оценочная стоимость(1).rar73.61 KB
Microsoft Office document icon лист согласования.doc44.5 KB
File Методика 2016 рус.docx63.6 KB
Microsoft Office document icon О внесении изменений и дополнений №162.doc37.5 KB
File орошаемые.rar203.91 KB
File Перевод сельхозугодий.rar88.83 KB
File Перечень открытых данных, размещаемых на интернет-портале.docx24.78 KB
File ПОСТАНОВЛЕНИЕ 2.docx18.9 KB
File Постановление по изм.регламент.docx28.72 KB
File ПОСТАНОВЛЕНИЕ рус.docx15.05 KB
Microsoft Office document icon Постановление.doc104 KB
File постановление.docx16.94 KB
Microsoft Office document icon ПОЯСНИТ. ЗАП. г.Актоберус..doc55 KB
File Проект Постановления .docx14.14 KB
Microsoft Office document icon проект постановления регламента.рус экстернат.doc41 KB
Microsoft Office document icon Изменения РУС (1).doc31 KB
Microsoft Office document icon Приложение РУС.doc50.5 KB
Microsoft Office document icon Изменения КАЗ (1).doc32.5 KB
Microsoft Office document icon Приложение КАЗ.doc48.5 KB
File Ақтөбе облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру туралы.docx19.93 KB
Microsoft Office document icon Правила каз.doc63 KB
Microsoft Office document icon Изменения КАЗ (1).doc34 KB
File Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары.docx42.07 KB
File Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы.docx23.12 KB
File 2017 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы.docx27.25 KB
File Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшінкоммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы.docx33.29 KB
File Ақтөбе облысының тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау туралы.docx21.24 KB
File Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі.docx36.8 KB
File Ақтөбе облысының білім беру мекемелерін қайта атау туралы ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА.docx32.76 KB
File Қаулы жобасы Ақтөбе облысының білім беру мекемелерін қайта атау туралы.docx18.66 KB
File Ақтөбе облысы Қобда ауданының орыс тіліндегі Хобдинский деген атауының транскрипциясын Кобдинский деп өзгерту туралы ЖОБА.docx28.89 KB
File Ақтөбе облысы Қобда ауданының орыс тіліндегі Хобдинский деген атауының тр-сын Кобдинский деп өзгерту туралы ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА.docx21.93 KB
File Ақтөбе қ бірқатар коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемелеріне атау беру бойынша ұсыныстар енгізу туралы.docx16.32 KB
Image icon Түсіндірме жазба.jpeg576.8 KB
Image icon Түсіндірме жазба 2.jpeg565.2 KB
File Постановление 308 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы».docx21.81 KB
File На утверждение Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі.docx70.44 KB