Мүгедектерді санаторлы-курорттық емделумен қамту үшін қандай құжаттар қажет?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылдың 22 қаңтардағы №26 бұйрығының «Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуді ұсыну қағидаларына» сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен  (Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің  Ақтөбе облысы бойынша департаментінің) ОЖБ (оңалтудың жене бағдарламасына) сәйкес санаторлы-курортты емделуге жолдама беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар:

1) өтiнiш берушінiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2) мүгедек балалар үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi және оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;

4) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшiрмесi;

5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);

6) мүгедектігі туралы анықтаманың көшiрмесі және ОЖБ-дан үзiндi көшiрме;

7) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш бергенде – оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi қоса беріледi.

Барлық қажетті құжаттар болған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушіге санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама жібереді.

Қосылды: 
10.08.2016 - 07:34
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 07:34