Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін қайда жолығу керек, мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар ма?

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту» туралы Заңының 13 бабының 1-тармағына  сәйкес, жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мынадай құжаттардың:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған кезде);

3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болған кезде) негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, кәсіби біліктілігіне    сәйкес, бос жұмыс орындары түсуіне орай, жұмысқа орналасуға ықпал етіледі.                         

Мамандығы (кәсібі) жоқ тұлғаларға уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және кәсіптік оқытудан өтуді ұсынамыз. Жұмыссыз ретінде тіркелу мәселесі бойынша тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Ақтөбе қаласының және аудандық жұмыспен қамту орталықтарына жолығуы қажет.             

Қосылды: 
10.08.2016 - 07:23
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 07:25